Сондықтан, Орындаушы – «DosAn Company» ЖШС-гін – Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыппұлы мен сот шығындарын өндіруге жатады деп санайды. Осы кезде, «DosAn Company» ЖШС-гіШарттың бір бөлігін кешіріктіріп орындағанына, атап айтқанда 79 (жетпіс тоғыз) дана қораптары бар бөлмеаралық медициналық есіктерін 2 242 500 (екі миллион екі жүз қырық екі мың бес жүз) теңгеге жеткізіп, 36 (отыз алты) күнді құрайтын, 80730 (сексен мың жеті жүз отыз) теңгенің тұрақсыздық айыппұлын 08.09.2022ж. №12 санды төлем тапсырмасы негізінде төлеген.
Демек, Шарттың бір бөлігі ол, 4 (төрт) дана қораптары бар бөлмеаралық медициналық есіктер мен 17 (он жеті) дана металл есіктері 2 242 500 (екі миллион екі жүз қырық екі мың бес жүз) теңгені құрайтыны 0.1% (тұрақсыздық, айыппұл) * 18 күн (орындалмаған күн саны, 13 қыркүйектен (Сотқа талап қою арызы мен жүгінген күні) = 2242,5 х 18 = 40365теңге.
Сонымен қатар, осы ДАУ ҚР АПК-нің,Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық туралы 30-бабының, «Орындалатын орны көрсетілген шарттардан туындайтын талап қоюлар шарттың орындалатын орны бойынша да берілуі мүмкін»деп көзделген 6-тармағына сәйкес, Шарттың орындалатын жері - Шымкент қаласы болғандықтан, Шымкент қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралуға жатады деп есептейміз.
Жоғарыдағы көрсетілген негізінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11, 31, 37, 46, Азаматтық кодексінің 9, 272, 273, 401-404 және Азаматтық процесуалдық кодексінің 57, 60, 61, 67, 68, 72, 73-2 148-150, 155-158 бабтарын басшылыққа ала отырып Соттан,
С Ұ Р А Н А М Ы З : Жауапкер,Орындаушы – «DosAn Company» ЖШС-гін мемлекеттік сатып алудың ЖОСЫҚСЫЗ ҚАТЫСУШЫСЫ ДЕП ТАНУДЫ.