Ш ы м к е н т қ а л а с ы н ы ң мамандандырылған а у д а н а р а л ы қ э к о н о м и к а л ы қ с о т ы н а Талап қоюшы: Шымкент.қ ДСБ ШЖҚ «Қалалық клиникалық балалар ауруханасы» МКК-ны инд.160023, Шымкент қ., Қаратау ауданы, Асар мөлтек ауданы №757 ғимараты, Эл.мекен-жайы: detbol_1@mail.ru Байл. Сымт.: 8(7252) 41-80-39, +7-705-853-63-53 БСН – 070 340 009 948 ЖСК – KZ056010291000379991 БСК – HSBKKZKX "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Жауапкер: «DosAn Company» ЖШС-гі инд.160023, Шымкент қ., Қаратау ауд, Тұран м/а №9/10 Байл.сымт.: +7702.785-85-66 БСН – 210 240 006 831 ЖСК – KZ 918 562 203 111 779 973 БСК – KCJBKZKX, "Банк Центр Кредит" АҚ-мы
Т А Л А П Қ О Ю А Р Ы З Ы Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыппұлы мен сот шығындарын өндіру туралы Тапсырыс беруші – Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) мен Орындаушы – «DosAn Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) екеуінің арасында, жалпы құны 4 485 000 теңгені құрайтын, Есіктер / қақпалар жасау бойынша жұмыстар және ұқсас бұйымдар Тапсырыс берушінің талаптары мен Техникалық ерекшелікке сәйкес(Работы по изготовлению дверей/ворот и аналогичных изделий. Работы по изготовлению дверей/ворот и аналогичных изделий согласно требованиям Заказчика. Работы по изготовлению дверей согласно требованиям Заказчика согласно технической спецификации) жұмысты 11.06.2022ж. түзілген Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы №176 санды Шарт (ары қарай-Шартына) сәйкес, Орындаушы Шарт түзілген күннен бастап, №2 Техникалық ерекшелікке сәйкес, Тапсырыс беруші мен алдын ала эскизді келісе, оны бекіткеннен соң, №1 Техникалық ерекшелікке сәйкес, 15-күнтізбелік күн ішінде, жұмысты жасап беруге Міндетті болған.
Алайда, 01.08.2022 жылы Шарттық міндеттемелердің бір бөлігін ғана атап айтқанда, 79 (жетпіс тоғыз) дана қораптары бар бөлмеаралық медициналық есіктерді орнатып, қалған 4 (төрт) дана қораптары бар бөлмеаралық медициналық есіктер мен 17 (он жеті) дана металл есіктерді, Тапсырыс беруші мен алдын ала эскизін келісілмей және бекітпей, жұмысты ары қарай белгісіз және негіссіз себептермен орындауын тоқтатқан болатын.
Дей тұра, Шарттың 2-тарау, 2.3-тармақ, 1,2,3-тармақшалары негізінде, Шарттың ажырамас бөліктері Техникалық ерекшеліктердің №1,2 болып табылады делінген.