Шымкент қаласы білім басқармасының №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты



бет1/3
Дата08.04.2024
өлшемі1,29 Mb.
#200577
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
АЖМ

Сабақ тақырыбы: Адамның жыныс жүйесінің құрылымы мен қызметі. Зертханалық жұмыс «Аталық және аналық гаметалардың құрылысын зерттеу».


Оқу мақсаты: 9.2.1.1 - адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау
9.2.1.2 - аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу Бағалау критерийі: *Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттайды *Аталық және аналықы жасушаларын салыстырады
Аналық жыныс жүйесі
Аналық жыныс жүйесінің алдынан қарағандағы сызбасы
Аналық жыныс жүйесі
Аналық жыныс жүйесінің алдынан қарағандағы сызбасы
Аналық жыныс жүйесінің негізгі бөліктері мен олардың атқаратын қызметтері
Аналық без жұмыртқа жасуша түзілетін орын. Аналық без эстроген мен прогестерон гормондарын бөледі. Аналық бездің сырты фолликуламен қапталған.
Фаллопиев түтік бойымен жұмыртқа жасуша аналық безден жатырға түседі. Аналық безге жақын орналасқан түтіктің бос ұшында қауырсынды шашақтар орналасқан. Шашақты жауып жатқан кірпікшелердің соғысы ағын туындатып, аналық безден босап шыққан жұмыртқа жасушаны түтікке өткізеді.
Жатыр қуықтың артында орналасады, егер ұрықтану жүретін болса, онда ұрық жатырдың қабырғасына орнығып, туылғанға дейін сонда дамиды.
Жатыр мойны қынаптан жатырға өтетін жіңішке канал.
А-аталық жыныс жүйесінің қырынан қарағандағы сызбасы
Б- аталық жыныс жүйесінің алдынан қарағандағы сызбасы
Аталық жыныс жүйесі
Аталық жыныс жүйесінің негізгі бөліктері мен олардың атқаратын қызметтері
Аталық без- аталық гаметалар немесе спермиялар және аталық гормон – тестостерон түзіледі.
Ұма- Аталық без құрсақ бөлімнен бөлек, ұмада орналасқан. Спремиялар дене температурасынан төмен температурада дамиды.
Аталық без каналының қабырғасында спермиялар(сперматозоидтар) түзіледі.
Ұрық шығаратын түтік- түзу түтік, ол арқылы спермиялар зәр шығару каналдарына түседі. Спермиялардың көп бөлігі ұрық шығаратын түтікте сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет