2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны
М. Тынышбаев Жетісу елкесінде 1916 жылы болған қайғылы оқиғаларға катысты өз көзқарасын комиссарлық қызметке тағайындалғанға шейін-ақ білдірген болатын. Ол жөнінде «Қазақ» газеті: «Мұхамеджан Тынышбаев — II Государственный Дума ағзасы, инженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатар зиялы азамат. 25 маусым жарлығы такырыпты Жетісуда бүліншілік болғаннан бері Мұхамеджан көзге көрінерлік көп пайда келтіріп жүр» деп көрсетіп, бұл ретте оның Түркістан губернаторы Куропаткиннің қабылдауында болғанда (1916 жылы 10 тамызда) көтерілістің негізгі шығу себебі ретінде жер мәселесін айтқанын жоғары бағалайды.
М.Тынышбаевтың Түркістан губернаторы алдына жер мәселесін көлденең тартқанына толық сенуге болады. Өйткені ол бұл мәселені ешқандай да каймықпастан 1917 жылы ақпанда 16 жылғы көтеріліске байланысты болған сот тергеуіне жазба түрде берген жауабында да көтереді. Ресей империясының Қазақстан сияқты өз отарларындағы зорлықшыл саясатын әшкерелейтін құжат есебінде еш уақытта маңызын жоғалтпайтын бұл жауабында ол «Түркістаңдағы орыс жұртының 99 проценті Жетісу жеріндегі толқулардың себебін көп ойланып жатпай-ақ жеңіл-желпі «түрік немесе герман үгітінен көреді», ал шын мәнінде қазақтар меи қырғыздар үшін атамекен жерінен айрылу мен патша чиновниктерінің түрлі зорлығынан үлкен көтеріліскс шакырған үгітші жоқ еді деген ойды айтқан болатын. Міне, осы айтылғандар, белгілі дәрежеде, Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрамына М.Тынышбаев сияқты жергілікті күрделі жағдайдың білгірін енгізуге мәжбүр болғанын көрсетсе керек.
Ескі территориялық-әкімшілік жүйесіндегідей, Уақытша үкімет тұсында да Сырдария және Жетісу облыстары Түркістаи губерниясы құрамында қала берді. Бұдан бұрынғы тарауларда керсетілгендей, бұл кезде Жетісу облысы құрамына Лепсі, Қапал, Жаркент және Верный уездерімен қатар Пішпек және Пржевальск уездері, яғни солтүстік және солтүстік-шығыс қырғыз жерлері де енген еді.
Шкапский мен Тынышбаев бұл мәселелерді орталық билік алдына қоя отырып, оларды шешуге Уақытша үкіметтің, орыс демократиялық интеллигенциясының көмектесетіндігіне шын көңілден сеңді. Мәселен, Шкапский мамыр айы бойы барлық уездер мен болыстарда, Қытайға қарасты Шығыс Түркістаннан қайта оралған босқындар арасында болып Верныйға келген бетте Петроградқа 11 адреске, атап айтқаңда, Министрлер Кабинетінің төрағасына азық-түлік, егіншілік, юстиция, оқу-ағарту министрліктеріне, Түркістан Комитетшің төрағасы Щепкинге, Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясына, «Дело народа», «Единство», «Речь» және «День» газеттерінің редакцияларына жеделхат жолдап, онда ел ішіндегі жағдайдың қайғылы сипатынан хабар беріп, «Бірінші маусымда уездік комитеттің, комиссняның басқа мүшелерімен бірге Жырғалаң және Түп өзендерінің жоғарғы сағасына келіп жеткен Қытайдан оралған қырғыздардың үш қосында болып қайттым. Олардың ауыр тұрмысы адамды есеңгіретіп тастағандай. Адамдардың үстіне киген киімдері алба-жұлба, әбден тозған, балалар өте аз, барларының көпшілігі тамақтың жетіспеуінен рахит ауруына шалдыққан. Бой жеткен кыздар мен жас келіншектер жоқтың қасы, олар қытайлық Түркістанда нанға сатылған. Киіз үй дегеніміз таяққа кыстырылған ескі киіздің қиындылары, мал басы өте аз, оны да Қытай жерінде тонап алған. Таудағы керемет жайлаулар өмірсіз. Ең жаманы сол қырғыздар аштықтан қырыла бастады. Қарқараға бара жатқан жолда көмусіз қалған жиырма адам тәнін кездестірдік, олардың арасында бірнешеуі балалардікі. Орыстардың қырғыздарға қатынасы адамгершілікке жатпайды. Олардан шыққан қарақшылар қарғадай тап беріп, қырғыздардың Қытай, Түркістаннан аман алып келе жатқан малдарын тартып алуда. Мен келер қарсаңда түпкі демалысқа келген солдаттардан құрылған бандылар шабуыл жасап, жұмыс істету үшін малымен үш отбасын ала кеткен. Жолда оларға малдарын сойғызып, астырып, тамақ ішіп болған соң ақшаларын алып, өздерін атып кеткен. Аман қалған бір әйел маған келіп, болған істі түсіндіріп, шалажансар жас сәбилердің өлген ата-аналарының үстімен қалай еңбектеп жүргенін көзімен көргенін айтты. Қарақшыларды іздеу басталды. Бұл жалқы көрініс емес».
Жергілікті жағдайды жақсы білетін О.А.Шкапскийдің пікірінше, Жетісу өлкесінің өркениет жолына түсе алмай келе жатуының бірден-бір себебі «идеялык қызметкерлердің өлке үшін жаны ауыратын басшылардың тапшылығынан еді. «Бай, сұлу өлке ондаған жылдар бойы идеялық басшыларсыз өмір сүрді, енді оған көнуге болмайды. Жолдас халықшылдарды, социал-демократтарды, меньшевиктерді және басқа партия өкілдерін мұнда келіп кызмет жасауға қалдырамын! Большевиктерді шақырмай, демагогтар мұнда да жеткілікті, олардың санын көбейтудің қажеті жоқ» деп жазды О.Шкапский. Мұндай үндеуін ол сондай-ақ ресейлік мұсылман қоғамдарына да арнады.
М. Тынышбаев пен О.Шкапский мамыр айында облыстағы елді мекендерді аралау кезінде дағдарысты жағдайды жөндеуге бағытталған алғашқы шараларды іске асырғанын байқаймыз. Мәселен, олар тоқтаған жерлерінде ұйымдастырылған митингілерде сөйлеп, Уақытша үкімет атынан 16 жылғы көтеріліс сарбаздарына амнистия жариялайды, халықты 1917 жылғы салықтан босатады, барлық азаматтардың кұқықтык теңдігін мәлімдейді, қырғыз халқы арасындағы манаптық лауазымды жояды.
Өздерінің бұл шараларына байланысты О.Шкапский: «Алым-салықты жинау әрқашанда халықты тонаумен қатар жүреді. Шығын деп аталатын кез келген жинаулар, солардың ішінде салық та халыққа ауыр жүк болып батып, оның үлкен бөлігі манаптардың тамағына түседі. Алым-салық жинауды тоқтату онсыз да қытайлықтар мен орыстардың тонауына ұшыраған халықты одан бетер талаудан сақтау әрекеті болатын. Дегенмен, манаптық үстемдікпен күресу үшін бірлі-жарым шаралар аз, демократиялық өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға, ағартушылық ісін дамытуға бағытталған мақсатты жұмыстар атқару керек»,— деп жазды.
Түркістан Комитеті мүшесінің манаптардың әлеуметтік рөліне қарсы айтылған бұл пікірін жай мәлімдеме емес, нақты әрекеттің көрінісі есебінде қабылдауға болады. Өйткені, 1917 жылғы 31 мамырда Петроградта жүрген Демкинге берген жеделхатында ол: «Бүгін Қарқарадағы қырғыздарға жүріп барамын, онда қырғыздарды манаптардан бөліп, әлеуметтік реформа бастамақ ойым бар. Феодалдық құрылысты қирататын мезгіл жетті» деп көрсеткен еді. Шкапскийдің бұл жолғы Қарқараға аттанған сапары немен аяқталғанын айту қиын, өйткені ол жөнінде құжаттар жоқ. Бірақ басқа деректерден осы жазда Прежевалскіде тоғыз бірдей манап абақтыға жабылғанын байқаймыз. Оларды тұтқынға алуға негіз болған Пржевалск уездік шаруалар кеңесінің қаулысы еді. М.Тынышбаев Шкапский мен облыстық комиссар Шебалинге жолдаған жеделхатында бұл шараны асыра сілтеушіліктің көрінісі есебінде бағалап, істі тезірек қарап, манаптарды абақтыдан босатуды өтінеді.
Шілде айына қарай облысты басқару мекемелерінде де біраз өзгерістер болады. Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі О.Шкапскийдің 1917 жылғы 19 шілдедегі № 17 қаулысы бойынша облыстық комиссар болып П.И.Шебалин, Облыстық атқару комнтетінің төрағасы болып Д.Д.Новак, облыстық комиссардың орынбасарлары болып И. Жайнақов пен Н.Д.Мелешко бекітіледі. Бұл мезгілге дейін уездік комиссарлар болып Әбдікәрім Сыдықов, Алматыда Ибраим Жайнақов, Лепсіде уездік комиссардың орынбасары болып Отыншы Әлжанов, Жаркентте осындай кызметке Тубек Есенғұлов тағайындалған болатын. Сондай-ақ Нарындағы комиссарлық қызметке ішкі Ресейде кызметте жүрген штаб-капитаны Нияз Бекімов шақырылады. Нақ осы мезгілде Тынышбаев пен Шкапскийдің өтініші бойынша босқын қырғыз және қазақтармен жұмысы қанағатсыздандырарлық деп бағаланып, Ресейдің Құлжа қаласындағы консулы Бродянский қызметінен босатылады.
Өздерінің әкімшілік кызметке адамдар іріктеу принципі жөнінде О.Шкапский 28 шілдедегі қаулысында: «Жетісу облысындағы әкімшілік қызметтерге адамдар тағайындауда біз Тынышбаев екеуіміз әруақытта халықтың пікірін есепке алып, белгілі бір қызметтерге халықтың өзі сайлаған адамдарды ғана бекіттік» деп көрсетті.
Шілде айына қарай облыстағы жағдай мүлдем шиеленісіп кеткен еді. Ол ең алдымен переселендердің Қытайдан оралған босқындарға жасаған зорлығының өрши түсуінен және орыс селоларының аш қазақ және қырғыз ауылдарына, босқындарға астық сатудан үзілді-кесілді бас тартуынан анық байкалды. Осыған байланысты Уақытша үкімет комиссарлары Тынышбаев пен Шкапский мынадай шараларға көшкен еді. Біріншіден, олар, Ресей Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай аумағындағы босқындарды кейін кайтаруды кідірте тұруды және Құлжадағы кытайлық билік орындарынан босқндарды тонауды тоқтатуды талап етуді сұрайды, екіншіден, Қытай жерінен оралған босқын қырғыздарды біржола қырып алудан сақтау үшін, оларды кабылдауға тілек білдірген қазақ жеріне (Қызылберік болысы, Лепсі және Қапал уездері уақытша орналастыруға көшеді, үшіншіден, тез арада астық монополиясын енгізе отырып, босқындар көбірек шоғырланған жерлерден аштарды тамақтаңдыратын асханалар ұйымдастыруға уезд басшыларына нұсқау береді.
Міне, осы тұста М. Тынышбаевтың жергілікті жағдаймен жете таныс саяси қайраткер екендігі айқын байқалады. Оның дағдарысқа қарсы күресі мынадай екі бағытта жүреді. Біріншіден, ол Жетісудағы жағдайға қазақ қоғамының, жалпы ресейлік мұсылман қауымының назарын аударуға тырысады және екіншіден жағдайды шұғыл өзгерту үшін Түркістан комитеті тарапынан қажет қолдау таба алмаған соң, орталық билікпен келіссөздер жүргізу үшін Петроградқа аттанады. Енді қысқаша өз ретімен М. Тынышбаевтың осы екі бағыттағы қызметіне тоқталайық.
М. Тынышбаев Уақытша үкіметтің комиссары қызметінде жүріп Жетісу трагедиясының ауқымын, оның бүкілхалықтық мәнін көрсететін мақалалар мен түрлі хабарларды «Қазақ» газетінде үзбей жариялап тұрады. Бұл материалдардың кезінде қырғыз және қазақ босқындары мәселесіне барлық қазақ қоғамының, әсіресе ұлттық интеллигенцияның назарын аударуда атқарған рөлі аса үлкен еді. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 24 маусымдағы санында «Мұхамеджан Тынышбайұлының жинаған мағлұматынша, Қытай жеріне (Құлжа һәм Қашқар өлкелеріне) босқын қырғыз, қазақтың саны 164 мың адам екен. Сонан үстіміздегі шілденің біріне шейін қырылғаны 83 мың, жеріне қайтқаны 69 мың, Қытай жерінде қалғаны 12 мың.
Біз бұрын қырғынға ұшыраған жалғыз қырғыз деп жүруші едік, Мұхамеджанның айтуынша, Жаркент уезіндегі албандардың (Ұлы жүз) босқыны, қырғыны қырғыздардан кем емес екен.
Алаштың азаматы! Тағы да құлақтарыңа саламыз: қырғыз-қазақ бауырларыңды ұмытпа!» деп жазған болатын.
М. Тынышбаевтың бұл жолғы босқындар жөніндегі есебі толық емес-тін. «Қазақтың» кейінгі сандарында ол Жетісудағы ағайынды қырғыз бен қазақ елдерінің басына түскен босқыншылықтың шын ауқымын көрсететін деректік материалдар жариялайды. Мәселен, ол «Қазақтың» осы жылғы 254-санында Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз уездеріндегі болыстардан Қытай асқан отбасы және адамдардын, санын кесте түрінде беріп, «Жоғарғы 44 болыс елде барлығы 47 мың 759 түтін бар, сонан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан болады. Бұл есепке қарағанда, бұл елдердің босқындарынан жартыға таяу адамы қырылған».
М. Тынышбаев, А. Найманқожаұлы жәнс С. Ювашевтың қазақ және қырғыз босқындары жөнінде «Қазақ» газетіне жариялаған материалдары, түрлі адрестерге жолдаған жеделхаттары барлық қазақ облыстарында, әсіресе оқушы, дін қауымы, интеллигенция арасында босқын қырғыздарға жәрдем жинау козғалысының басталуына түрткі болады. Мамыр айының соңына карай Құлжадағы жәрдем комитеті атына Алматы қазақ комитетінен 10 мың сом, «Уақыт» газеті басқармасынан 598 сом 22 тиын, Ырғыз уездік қазақ комитетінен 251 сом 65 тиын, Павлодар мұсылмандары комитетінен 275 сом, Ақтөбе мұсылмандары бюросынан 300 сом, Семей мұсылмандары комитетінен 1000 сом, Түркістандағы Нәсіровтен 100 сом, Омбы имамы Понамаревтан 117 сом Троицкідегі Яушевтен 835 сом, Құлжа мұсылмандарынан 1240 сом, барлығы 14716 сом каржы жиналады.
Босқыншылыққа ұшыраған қырғыз жұртына көмек ұйымдастыру барысында қазақ және қырғыз халықтарының өзара туыстық қатынасы жаңа қырынан көрінеді. Қиын-қыстау кезеңде ағайын екі елдің өзара жәрдем ісіне ұлттық зиялылар белсенді түрде араласа бастайды. «Қазақ» газеті 1917 жылғы 11 маусымдағы санында кырғыз елінің басына түскен ауыртпалыққа байланысты бір топ қазақ зиялыларының қазақ еліне үндеуін жариялайды. Үндеуде: «Бір жағынан қарыз ақша беріліп, бір жағынан жәрдем жиналса, қазіргідей қымбатшылық заманда кырғыз сияқты ішерге тамағы жоқ, киерге киімі жоқ, паналарға үйі жоқ жұрдай болып сорлаған жұрттың мұқтаждығын өтерлік қаржы сонда ғана құралмақшы.
Аңсап өлейін деп жатқан адамның аузына су тамызғандай аз-көп демей әркім әліне қарай жәрдем ету әуелі адамшылық, екінші ағайыншылық жүзінен кімге болса борыш» деген сөздер бар еді.
Бұл мезгілде босқын қырғыздарға көмек ұйымдастыру ісіне байланысты Түркістан Комитеті мүшелері арасында да өзара пікіралысу болғандығы байқалады. Мәселен, О.Шкапский 12 маусымда Жаркенттен Орынбордағы Ә.Бөкейхановқа жеделхат жолдап, онда босқын қырғыздарға жәрдем ұйымдастыруға қатысты жасап жатқан істерін баяндап, соңында «Миллиондап жәрдем керек, «Қазақ» газеті жиһат ете көрсін» деген тілек айтады. Ә. Бөкейханов өз ретінде М.Тынышбаевқа жеделхат жолдап, үкіметтен жәрдем ақша сұрауға кеңес береді. Жауап жеделхатында Тынышбаев та: «Қырғыздардың халі нашар, сорлыларға басы аман алаштың азаматы қараса көрсін» деген өтінішін білдіреді.
Ташкент, әрине, Тынышбаев пен Шкапскийдің өтініштерін қабылдамай тастайды. Бірақ Түркомитет түрлі күштердің талап етуі нәтижесінде тамыз, қыркүйек айларында бірнеше шараны іске асырады. Олардың арасында Жетісу облысында әскери жағдай жарияланып, астық монополиясының енгізілуі, Пржевальск уезіне Қарақшылық істерді тексеру үшін тергеу бригадасының жіберілуі бар еді, 7 қазанда көп күттірген 11 млн 150 000 сом қаржының Алматыға жіберілгендігі туралы хабар да жетеді.
Бұл бөлінген қаржының ашаршылыққа ұшыраған бос пиғылдарға жұмсалуы барысы туралы М. Тынышбаев үлкен ыждағаттылықпен есеп беріп тұрды. Солардың бірінде ол былай деп жазған еді:
«10 болыс Пішпектің тау қырғыздарында өз күнін өзі көре алатын азын-аулақ астық бар. Нарынның 12 болысы біздің сөзімізге тоқтам кылып, береке-бірлік етіп, өз арасынан реквизиция қылды: бидай жиып, ақшаға бағалап, араларындағы аш-жалаңашқа беріп жатыр және 2—3 мың пұттай астықты Қошқардағы 3 болыс ағайындарына жіберді. Тәртібі ел алдында инабатты Шоқа батырдың баласы Қазадай адамдары һәм қазақ офицері Бекімовтей комиссар болып, бұл Нарын жағынан көңіліміз көтерілгендей болды.
Ең қиыны болып тұрған Улахолдағы 7 болыс қырғыз. Бұлардың комиссарына 60 мың сом жіберіп едік, астық сатып ала алған, ала алмағанын білер едік. Нарынға 40 мың жібердік. Тоқпақ төңірегіндегі қырғыздар үшін Шишюк комиссарына 60 мың сом жібердік. Бұл жерде бидай болмаса да, жақындағы дүкендерінде күріш көп екен. Жаркент уезіндегі қырғыз һәм қазақ үшін 60 мың сом жібердік. Жаркент комитеті (әсіресе доктор Түбек Есенғұлов) жаздай аянбай астык тасып тұр. Құлжадағы жаңа консулға сонда қалған қазак-қырғыз үшін 60 мың жібердік. Жаңа өкімет шығарған 5 миллионды босқыннан қалған қазақ-қырғыздарды енді бұдан былай тірі сақтауға қайыр етпекші болдық. Жетісудан киізді тысқары жібертуді қойғызып, бәрін сатып алып, босқындарға таратпақшы болдық. Бірақ 5 миллион қысқа карсы келіп, арзан уақытта, бар уақытта еш нәрсе ала алмадық. Қолымыздан келгенше әрекет жасадық, бірақ жазға шейін қаншасы тірі қалып, каншасы қырыларын бюлжай алмаймыз... талай өлім-жетім қалған, талай зорлық-қорлық көрген бейшара тірі бауырларым енді аман қалсын деп тілеймін».
Архивтік құжаттар қырғыз және Қазақтарға бөлінген қаржының орыс шаруаларынан астық, Шығыс Түркістан базарларынан мал, сондай-ақ, ел арасынан киіз үй, дәрі-дәрімөк алуға жұмсалғандығын және мұқтаж босқындарға тегін үлестірілгендітін көрсетілді.
Шамамен, шілде айына бастап Тынышбаев пен Шкапскийдің тікелей басшылығымен орыс селоларындағы шаруалар мен кулактардың қолында бар артық астықты реквизициялау басталады. Бұл шараға қарсылық көрсеткен адамдар абақтыға жабылады. Мәселен, қазан айында Түркістан комитеті мүшелерінің бұйрығы бойынша Верный уезі Михайловск селосының 9 шаруасы 1 айдан абақтыға отырып шығады. Орыс шаруаларынан артық астықты алу ісін белсенді түрде іске асырған. Пішпек уездік азық-түлік бөлшінің төрағасы Петропавлов еді. Ол переселен шаруалардың қарсылығын күшпен баса отырып, уездегі ашаршылықпен күресуге елеулі еңбек сіңіреді. Бірақ Петропавловтың бұл қимылын қаламаған уездік азык-түлік съезіне қатынасқан орыс делегаттары оның қызметінен кетуін талап етеді. Қырғыз жұртынын көрсеткен қолдауына карамастан Петропавлов жұмысын тастауға мәжбүр болады.
Күзге қарап М. Тьшышбаевтың, тікелей басшылығымен босқын кырғыз бен қазақтар шоғырланған жерлерде оларды тегін тамақтандыратын асхана пункттер ашыла бастайды. Бұл кезде аштық қазақ және орыс ауыл, селоларын да қамтыған еді. Жаркент уездік комиссары облыстық комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде 1917 жылдың соңына қарай уезде 14 албан болыстарының және 10 орыс селоларының астықсыз отырғанын хабарлайды. Мәселен, 27 қазанда Тынышбаевтың же-делхат аркылы берген тапсырмасы бойынша, Пішпек уезіне қарасты Қарақоныз және Оңтар деген елді мекендерде екі тамақтандыру пункті ашылады. Ал жылдын соңына қарай Пішпектің өзінде мың адамдық осындай пункт ұйымдастырылған еді.
Аштыққа карсы күресте маңызды рөл атқарған бұл пункттерді ұйымдастыруда, жалпы осы мазмұндағы шараларды іске асыруда қайраткер М. Тынышбаевтың еңбегі зор болатын. Бұл пікірдің шындықтан алшақ еместігін дәлелдейтін фактілер жеткілікті, біз олардың бірін ғана келтірумен шектелмекпіз. М. Тьшышбаев Петроградта жүргенде Нарын уезіндегі аш босқындарға азық-түлік жеткізуге байланысты қиындықтар туады. Оған уездегі комиссар Зиман бастаған теріс шығыстағы переселенде топтар кінәлі еді. О. Шкапский Нарынға жеделхат жолдап, онда былай деп көрсетеді: «Комиссар Зиминге. Азық-түлік Комитетінін қайта оралып жатқан қырғыздарды тамақтандыратын пункттеріді ұйымдастырудан бас тартуын орыс революциясының рухына сай келмейтін әрекет есебінде бағалаймын. Бірнеше адам қарсы болғандықтан бұқараны нансыз қалдыру қатыгездік. Тынышбаев Петроградта, ол қайта оралғанша қырғыздар қырылып қалмасын. Нарындағы орыс демократиясы адамгершілік көрсетеді деп сенемін».
М. Тынышбаевтың және ол сияқты қазақ зиялыларының белсенді саяси қызметі шовинистік, ұлыдержавалық пиғылдағы ескі және жаңа орыс чиновниктерін терең ойда қалдырған еді.
2.3. «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі заманғы тарихнамасы
Қазақстан тарихы тарихнамасында Алаш тақырыбы өте маңызды, өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш қозғалысы ерекше және теңдесі жоқ оқиға еді. Қазақ халқының екі ғасырға жуық уақытта өрістеткен ұлт азаттығы үшін күресте алаш қозғалысы ерекше орын алады. Алашқа дейін Ресейдің отаршылдыққа қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстар жеңіліске ұшыраумен келді. Мұның негізгі себептерінің бірі қозғалыстарының саналылығының жеткіліксіздігінде деп есептеу қажет. Алаш қозғалысына келсек, оны қазақтың алдыңғы қатарлы зиялылары басқарды. Олар өздерінің алдында тұрған мақсатын, күрес тәсілдерін дұрыс тұжырымдады. Алаш қозғалысы саяси сипатта болды. Екінші жағынан, Алаш қозғалысының тарихы Кеңес дәуірінде ерекше бұрмаланды.
Міне, жоғарыда айтылған себептердің нәтижесінде Алаш қозғалысының тарихын зерттеуге қызығушылық Қазақстьан тарихының барлық уақытында толастамады. Сондықтан алаш қозғалысын зерттеушілер жеткілікті.
Біз алаш қозғалысының тарихнамасын үш кезеңге бөліп қарастырып отырмыз.
Бірінші кезеңне 1919-1920 жылдары оқиғаның суымаған ізімен жаөылған зерттеулерді жатқызып отырмыз. Бұл кезеңде Алаш қозғалысының дүниеге келген себебін тұжырымдаған зерттеулер Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қолынан шықты. Мұндай зерттеулердің қатарына Алаштың Басшы қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтардың еңбегін жатқызуға болады. Сонымен бірге 1919 жылы Кеңес үкіметі Алашорда үкіметін құлатып, Алаш партиясын тартқан соң, бұл қозғалыстың тарихын бұрмалау басталды. Сондықтан да бірінші кезеңде сол кездегі ресми басылымдарда Алаш қозғалысының тарихына бъективтік тұрғыдан баға бермекші болған әрекеттермен қатар, оны бұрмалаған әрекеттер де байқалады.
Екінші кезеңге 1921-1980 жылдары жарық көрген әдебиеттерді жатқызып отырмыз. Бұл кезде жүргізілген зерттеулер мен жарық көрген әдебиеттердің ерекшелігі, олар түгелдей дерлік билік басындағы партияның тапсырмасымен жазылған, сондықтан да Алаш қозғалысының тарихын бұрмалағандығында. Осы кезеңде коммунистік идеологтар Алаш қозғалысынң құжаттарын оқырманға ранап басып шығарды. Олардың алға қойған мақсаты Алаш қозғалысына байланысты құжаттар халық бұқараның көз алдында Алаш қозғалысы мен оның қайраткерлерінің буржуазияшыл-ұлтщыл, контрреволюциялық сипатын әшкерелеуге тиіс болды. Іс жүзінде бұл әрекет кері нәтиже берді. Алаш құжаттары Алаш қайраткерлерінің халық мүддесіне қызмет еткенін дәлелдеп берді. Осы кезеңде сондай-ақ билік басындағы партияның тапсырысымен алаш қозғалысының тарихына байланысты бірлі-жарым әдебиеттерде жарық көрді. Дегенмен, бұл әдебиеттер тапсырыс бергендердің алға қойған мақсатын жүзеге асыра алмады. Сондықтан Кеңес Одағында 30-жылдардан бастап, Алаш қозғалысына байланысты зерттеу жұмысы тоқтатылды. ХХ ғасырдың 30-80 жылдарының аралығында Кеңестік билікпен келісе алмай шетелге кеткен қазақ зиялылары, шетел ғалымдарының қаламынан біраз тарихи әдебиеттер жарық көрді.
Алаш қозғалысының тарихнамасында 1920 жылдан соңғы уақыт ерекше орын алады. Аталған тақырыптың бүгінгі таңда Отан тарихы тарихнамасында ерекше орын алатын себебі, Алаш қозғалысынң тарихнамасына байланысты. Кеңес дәуірінде орын алған бұрмалаушылықтар түзетіліп, осы салада пайда болған ақтаңдақтардың жойылуына байланысты. Аталмыш тақырып саласында бірсыпыра іргелі монографиялық еңбектер, ғылыми мақалалар жарық көрді, ғылыми симпозиумдар ұйымдастырылды. Осы ғылыми шаралар нәтижесінде Алаш қозғалысына ғылыми шындық, объективтік принцип тұрғысынан баға берілді, жалған айыптан жапа шекккен алаш қайраткерлері ақталды.
Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін оның көшбастаушыларының кімдер болғанын, олардың көзқарасын, оның эволюциясын зерттеу қажет деп есептейді. Соңғы кезге дейін Алаш қайраткерлеріне беріліп келген «буржуазияшыл-ұлтшылдар», «буржуазиялық либералдар», «қазақ ұлтшылдары» деген анықтамалардың қайсысы болмасын алаш партиясының қоғамдағы алатын орнына сәйкес емес деп есептейді ғалымдар. М.Қ.Қозыбаев Алашқа либералды ұлттық интеллегенциясының партиясы деген анықтама бере отырып, оның иделогиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасайды.
К.Нүрпейісов өз еңбегінде Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негізіне тоқталған. Ол осы негіздерді 4 топқа бөліп қарастырады:
20-30 жылдары жеке жинақтарда жарияланған деректер;
1913-18 жылдардағы қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректемелік мағлұматтар;
Қазақстан, Ресей, Түркия, Америка, Финляндия және т.б. архивтері мен кітапханаларында сақталған деректер;
Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің жеке архивтері мен жарияланбаған еңбектерінде кездесетін деректемелер.
Сонымен қатар, алаш партиясының жарияланбағаны мен белгілі дәрежеде дайындалып қойған шартнамасы болғанын да байқаймыз. Сонымен қатар партия мүшесінің жарнасы да белгіленген.
Айтылғандарды қорыта келе, соның ішінде Алаш партиясының бағдарламасында қойылған мақсат, мүдделердің жалпы ұлттық, жалпы демократиялық сипатын негізге ала отырып, Алаш партиясын «буржуазияшыл-ұлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар» партиясы емес, ұлттық демократиялық бағыттағы партия ретінде атауға толық негіз бар деп санаймыз. Партияны құрушыларды ұлттық демократиялық интеллегенция деп атаймыз.
Қорытынды
Алаш қозғалысы XIX ғасырдын соңы мен XX ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі, орталық элементі өзімің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған тұңғыш жалпы ұлттық Алаш партиясын құру үшін ұлттық-демократиялық қазақ интеллигенциясының жұрт таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаөв, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермаков, Жақып Ақбаев, Халел Ғаббасов, т.б. ондаған қайраткерлер 1905-1917 жылдар аралығында қажырлы еңбек етті. Алаш партиясы негізінен әлеуметтік табиғаты жөнінен әртекті ұлттық демократиялық қазақ интеллигенциясының саяси ұйымы болды. "Алаш партиясы" деген атпен танылған ұлттык-демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күші міндетін жалпы алғанда, заман талабына сай адал атқарды.
1905 жылдан бастап осы партияны ұйымдастыру ісінің басы-қасында болған кайраткерлер (ең алдымен Әлихан Бөкейханов) 1905-1907 жылдардағы ұлттық-либералдық көзқарастан, "кадетшілдіктен" 1917 жылғы ұлттық-демократиялық кадеттерге дес, Россиядағы басқа да саяси партияларға сыни көзбен қарайтын эволюция жолынан өтті.
Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның XX ғасырдың басындағы Қазақстанды патшалық империяның отары болған, капиталистік қатынастардың жаңадан ене бастаған.
Осы айтылған пікірге байланысты «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметін большевиктер партиясының басшылығымен болған социалистік революция мен Кеңес үкіметіне қарсы қою үшін қазақ «ұлтшылдары» ойлап тапқан құрылымдар есебінде карамай, қазақ елінің өз ұлттық тәуелсіздігі мен мемлекеттік дербестігіне ұмтылысының табиғи көрінісі, ғасыр басынан бері осы бағытта мақсатты қызмет жасаған қазақ демократиялық интеллегенциясының қажырлы еңбегінің нәтижесі есебінде қарау негізді болмақ.
Қазақ демократиялық интеллигенциясының тар таптық немесе ұлттық мүдделерден гөрі жалпы адамзаттық қасиеттарге ден қойғандығы 16 жылғы көтеріліс нәтижесінде босқынға ұшыраған қырғыз халқына көрсеткен көмегінен, Алашорда үкіметі құрамындағы 25 орынына оның қазақ жеріндегі баска ұлт өкілдеріне калдырғандықтарынан, Түркістан өлкесіндегі басқа ұлт-азаттық күштермен бірігіп, Түркістандағы Кеңестік билікті империялық ұлттық үстемдік құралына айналдырғысы келген жаңа билікке карсы Қоқан автономиясын жариялауынан айқын көріңді.
«Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дәрежеде казақ жүртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама (альтернативтік) өркендеу жолы болатын. Біз бұл арада алаштық интеллигенция ұсынған жолды мінсіз, бірден-бір тура дара жол еді деп отырғанымыз жоқ. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ коғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсетіп бергендей, большевиктер ұсынған жолдан алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Өйткені алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан ары жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселердің біржола, түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудын, алғы шарты болатын.
Кеңестік тарихнама алаштық интеллигенцияның тарихи рөліне байланысты мұндай тұжырымға барғысы келмеді. Өйткені мұндай тұжырымдама тоталитарлық жүйе идеологтары жасаған «қазақ қоғамының ішінде оны ортағасырлық мешеулік пен дағдарыстан прогресс жолына алып шыға алатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен большевиктер партиясы үлесіне тиді» деген тұжырымға қайшы келетін еді. Соған байланысты кеңестік тарихнамаға қоғамдық дамуда мінеу, артта калған, өз арасында көш бастаушы әлеуметтік-саяси күші жоқ, тек қараңғы, надан көшпелі шаруалар тобырынан тұратын қазақ қоғамына қазақ жеріне келіп орын тепкен қоныс аударушылардың ағартушылық, мәдениеттендіру миссиясын түсінушілкпен қабылдап, әлемдегі ең алдыңғы революциялық теориядан қаруланған орыс пролетариатының авангардтық рөлін дұрыс түсінмі, соңынан еруден басқа ештеме қалмағандығын буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлы либералдық типтегі саяси ұйым кұруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1017 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси ұйымын (партиясын) құруға алып келді.
«Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзіндс саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғаңдығына қарамастан, қоғамдық - саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты — қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.
1917 жылгы желтоқсанда болған екінші жалпы қазақ съезінің Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құру туралы және басқа шешімдері аталмыш міндеттерді орындауды жүзеге асыруға бағытталған бастапқы әрі маңызды қадамдары болды.
Ә.Бөкейханов және сол кезеңде қазақтың зиялы қауымының басқа өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық-тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай позиция, әлбетте, аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен Алашорда үкіметінің басшылығы Қазан революциясының ұрандарын, Совет өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты.
Осы принципті мәселеде Алаш пен Алашорда жетекшілері саяси күресте де, совет өкіметіне қарсы нақтылы іс-әрекетте де негізінен ауызбірлік танытты. Алайда олардың арасында жекелеген қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде (мысалы, Қазақ автономиясын жариялау мерзімі мен "Түркістандық" қазақтарға көзқарас туралы) кезіндс уақытша түсініспеушілік пен қарама-қайшылықтар болды. Осыған ұқсас жәйттер Әлихан Бөкейханов басқарған Алашорданың орталық үкіметі мен Жаһанша Досмұхамедов басқарған оның батыс бөлімінің арасында да орын алды.
Сонымен қатар Алаштың көрнекті жетекшілерінің
қайраткерлік іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерімен тарихта
хатталып қалды. Мәселен, Әлихан Бөкейхановтың саясаткерлігі, саясат жүргізудегі "батысшылдығы" ерекше
көзге түсті, Ахмет Байтұрсыновқа ең әуелі
ағартушылық-ғылымдық пен саяси қимылда байсалдылық
және ұстамдылық тән болды. Халел Досмұхамедов пен
Мұхаметжан Тынышбаевтардың қоғамдық қайраткерлігінен ғалымдық, зерттеушілік қасиеттері басым жатты. Ал Міржақып Дулатов пен Жақып Ақбаев ең алдымен коғамдық қайраткерлер ретінде нақтылы іс-әрекеттің адамдары еді. Олар халықты оятудың және оның ұлттық санасын жебеп, жігерлендірудің аса көрнекті шеберлері болды.
Осындай әр қырынан танылған, білімді де талантты қайраткерлер басқарған Алашорда азамат соғысы жылдарында совет өкіметіне жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен совет өкіметі Алаш пен Алашорданы тарих сахынасынан кетірді. Совет өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды.
Кезінде (1919, 1920 жылдары) Совет өкіметі Алаш қозғалысына қатынасқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық инттелигенция өкілдері, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлср, түгелге дерлік жалған жаламен "халық. жауы" аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болды.
Сонымен, Алаш пен Алашорда тарихының маңызды кезеңін зерттеген еңбегімізді аяқтай келе, түбегейлі іс тындырдық деуіміз көңілге қонымды болмас, өйткені, аумалы-төкпелі заманды басынан кешкен партия мен өкіметтің айтылмаған саясаты да, сыры да баршылық. Мұны тәмамдау болашақтың ісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы, 1995.-228 б.
2. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995.-19 б.
3. Омарбеков Т. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы// Ақиқат.-1994.-№9-Пб.
4. Субханбердина Ч. Қазақ. Алаш.-Сарыарқа. Алматы, 1993.- 36 6.б
5. Ахметов Ғ. Алаш алаш болғанда.-Алматы, 1998.-42 б.
6. Мухаметов М, Сатершинов Б, Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы.-Алматы, 2002.-53 б.
7. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері: саяси құқықтық көзқарастарының қалыптасуы.- Алматы, 1998.-64 б.
8. Пірманов Ә, Қопаева А. Қазақ интеллегенциясы.-Алматы, 1997.-119 б.
9. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың.-Қазақстан-2030, Алматы,-1998.-259 б.
10. Сұлтанов Қ. Алаш өкіметіне -90 жыл//Оңтүстік таңы, 2007. 7 б.
11.Қүл-Мұхаммед М. Алаш ардагерлері.-Алматы, 1996.-97 б.
12.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том.
13.Омарбеков Т. Алаштың ақиқатын кім айтады // Қазақстан
коммунисі.-1991.-№7.-6-7 б.
14. Н.Абилтайн М, Кеңеспаев Қ. XX ғасырдың басындағы
Қазақстандағы Саяси партиялар сипаты және алаш
қозғалысының тарихнамасы.-Түркістан, 2004.-132 6.
15.Рахым Е. Бүгінгі билік Алаш көсемдерін мойындағысы
келмейді// Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.
16. Қойгелді М. Алаш идеясы // Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.
17. Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны//
Азат.-1991.-№18.-3 б.
18. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-
Алматы, 1994.-232 б.
19. Бұл да сонда.
20. Бөкейхан Ә. Таңдамалы шығармалар жинағы.-Алматы, 2003,-22 б.
21. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992,-125 б.
22. Қойгелдиев М. Алаш өткен жол // Ақиқат.-1994.-№2.-45 б. 23.Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография.-
Алматы, 1998,-23 б.
24. Бөкейхан Ә. Таңдамалы қазақ энциклопедиясы.-Алматы, 1995.- 95 б.
25. Сайлаубай Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі.-Алматы,
2001.-14 б.
26. Сүлейменов Д. Алашорданың батыс бөлімінің тарихы.- Алматы, 2004.-32 б.
27. Бұл да сонда.
28. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері.-Алматы.-1994.- 52 б.
29.Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы.- Астана-2001.-63 б.
30. Нүрпейісов, Байжанов, Шакеев. Алаш мирас: құжаттар жинағы.
Екінші кітап.-Алматы.-1995.-84 б.
31. Есмағамбетов К. Тәуелсіздіктің таңшолпаны // Егемен Қазақстан.-
2007.-№5.-6 б.
32. Бұл да сонда.
33. Сарсекеев К. Ақтаңдақтар беттерін тәуелсіздік ашты // Саясат.-
2005.-№11.-33 б.
34. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері.-Алматы-2003.-79 б.
35. Бұлұтай М. Әзіз қазақ жұрты // Саясат.-2003.-№9.-10 б.
36. Қойгелдиев М. Өзімізді қайта таныдық // Егемен Қазақстан.-2006.-№220.-3 б.
Достарыңызбен бөлісу: |