Шымкент көлік, коммуникация
Мемлекеттік білім беру стандарттарымен, үлгі оқу жоспарларымен, бағдарламалармен қамтамасыздандыру Колледжде дайындалатын төменде көрсетілген: 1) 1201000 - «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»; 2)1203000 - «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»; мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 25 желтоқсанындағы № 595 бұйрығымен бекітілген жаңа ҚР МЖМБС 4.05.118 – 2009 және ҚР МЖМБС 4.05.119 – 2009 оқу стандарттары бар. 3) 1202000 -«Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» (салалар бойынша); мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №673 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 4.05.037 – 2008 оқу стандарты бар. 4) 1107000 -«Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану» (салалар бойынша); мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №673 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 4.05.036 – 2008 оқу стандарты бар. 5) 1410000 - «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы»; мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №673 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 4.05.053 – 2008 оқу стандарты бар. 6) 1108000 - «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету» (түрлері бойынша); мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы №673 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 4.05.041 – 2008 оқу стандарты бар. 7) 1303000 - «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»; мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №587 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС 4.05.225 – 2010 оқу стандарты бар. 8) 1402000 – «Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» (түрлері бойынша), мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №4 хаттамамен бекітілген оқу стандарты бар. 9) 1206000 – «Жол қозғалысын ұйымдастыру»; мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы №4 хаттамамен бекітілген оқу стандарты бар. Жаңа жалпыға міндетті оқу стандарттарына байланысты барлық мамандықтарға жұмысшы оқу жоспарлары жасалынған. Колледждегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу стандарттары мен үлгі оқу жоспарлары негізінде жасалған жұмысшы оқу жоспарлары бойынша ұйымдастырылады. Колледжде барлық мамандықтар гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпыкәсіптік және арнайы пәндер бойынша пәндік оқу бағдарламаларымен толық қамтамасыздандырылған. Колледждің оқу процесіне (мамандықтар бойынша) қолданылатын ҚР орта кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандарттары № 10 кестеде көрсетілген. 10-кесте
Оқу процесінде пайдаланылатын ҚР орта кәсіптік білім берудің жалпыға міндетті стандарттары
жүктеу/скачать 4,54 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |