Шымкент медицина институты


Ажыратпалы диагноздың І кезеңі



бет4/8
Дата20.03.2023
өлшемі36,47 Kb.
#172875
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бауыр-циррозы-белсенді-фазасы-382738

Ажыратпалы диагноздың І кезеңі:

  • Бауыр циирозы

  • Гепатит В

  • Холецистит

Бауыр циррозы –бауыр паренхимасы мен стромасының дистрофиялық және некроздың зақымдануынан бауырды түйінді регенерация және дәнекер тканінің жайылма өрбуін тудыратын бауырдың созылмалы да үдемелі ауруы. Сонымен қатар бауыр паренхимасы мен оның тамыр жүйесінің құрылысы өзгеріп портальды гипертония дамиды. Бауыр циррозының үш морфологиялық варианты болады; портальды некроздан кейінгі және билиарлы цирроз .Портальды цирроз көбінесе маскүнемдіктің, тамақ жетіспеушілігінің, сирегірек вирустың, гепатиттердің нәтижесінде дамиды. Екінші реттегі билиарлы цирроз бауырдан тыс орналасқан ет жолдарының бітелуінен (тас, ісік) туындайды. Процесс үдей келе бауыр циррозын тудырады.
Клиникасы: басты шағымдар: ауырғандық, жүдеу, диспепсиялық шағымдар қызу көтерілу, сарғаю, қан кету және терінің қышуы, оң жақ қабырға астынан, не төс астынан білінетін сыздап ауырғандық, майлы тамақтан кейін, көп сұйықтық қабылдағаннан кейін және дене қызметінен кейін күшейіп отырады.
2 топтағы мүгедектікке: ауру үздіксіз жылдам дамып ,жылына 4-5 рет асқынып, (4-6 апта және одан да ұзақ) дистрофиялық сатымен, бауырдың жұмыс істеу қабілетінің нашарлауы 1 және 2 дәрежеде, портальдық гипертензия 3 дәрежеде, талақтың қабынуы, өсуі болады.

Гепатит В: Сырқат біртіндеп басталады. Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Артралгиялық синдром: сүйек – буындары ауырып, мазалайды. Астеновегетативті синдром: әлсіздік, енжарлық, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыздық байқалады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін. Интоксикация белгілері үдейді. Сарғаю белгілері де жоғарылайды. Ұйқысының бұзылуы, эйфория, апатия, тітіркену байқалады. Брадикардия, гипотония, бауыр және көкбауырдың үлкеюі тән. Қанның жалпы анализінде: лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ-ң жоғарылауы байқалады.
Асқынуылары:
1. Жедел бауыр энцефалопатия (бауыр комасы);
2. Ісікті – асциттік синдром.

Холецистит-өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияныңтүсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады), сондай-ақ өт жолдарында әр түрлі себептерден тас байланудан пайда болады. Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 — 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 — 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел Холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет