Шын есімі Нұрила есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген



Дата31.01.2018
өлшемі65,83 Kb.
Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі. Ол 1378 ж. Түркістан қаласында өмірге келген. Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Домалақ ана (Шайхы Мизамбекқызы Нұрилә) (VI-VII ғ.ғ.) Қазақстанның оңтүстік өңірінің біраз бөлігін алып жатқан Шапырашты, Ошақты, Ысты, Албан, Суан, Дулат тайпаларынан тараған ұрпақтың арғы атасы Бәйдібек батырдың үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Шын aты Нұрилә. Өзгені де өз баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті. Домалақ ананың қадір қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: « Бәйдібек заманында жайлауында үйір үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пенен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» деп, өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған жүген құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, «жолдан қайтар қатын емеспін» деп, жасағын бастап, жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға Ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні намаздыгер шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп ақ.
Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол Домалақ ана мазары. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпақтың ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.

Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған.1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады. Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.



Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ. Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол – Домалақ ана кесенесі. Кесене 1957 ж. қайта жөндеуден өткізілді. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.

Кесенесі. Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там (1456) тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.

Домалақ ана кесенесі - сәулетті ескерткіш. Қаратаудың күнегей бетінде, Балабөген өзенінің аңғарында орналасқан. Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында Домалақ ана атанған Нұрилә Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған.

Нұрилә - араб сөзі, қазақша «Алланың нұры» деген ұғым береді. Нұрилә (Домалақ ана) - Бәйдібек бабамыздың үшінші әйелі. Домалақ ана өзінің ақылдылығымен ел ішінің бірлігінің ұйытқысы бола білген. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған.

Домалақ ана Жетісу, Әулиеата, Шымкент, Ташкентті мекен еткен барлық халықтың анасы саналады. Оның баласы Жарықшақ Ташкент әмірінің көмекшісі, кейін Жетісу аймағының билеушісі болған. Есенбұға ханның бас уәзірі қызметін атқарған. Бірде Домалақ ананың түсіне ері Бәйдібек ата кіріп, туған мекені Қаратауға көш деп аян береді. Осы жол сілтеумен өмірінің соңғы уақыттарын Қаратауда өткізген аяулы ана намаз уақытында қайтыс болады. 1456 жылы Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып қайта өңделген.



ХХ ғасырдың басында қойылған ескерткіш дөңгелек пішінді, сыртынан алты нишалы, ал күмбез негізгі ғимараттың үстінде болған. 1957 жылы қайта жаңартылғанымен кесене көп сақталмаған. 1996 жылы Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан өрілген. Жерден биіктігі 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігіне күмбез орнатылған. Домалақ ана кесенесіне 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары толық аяқталған. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Саин Назарбеков.

Ғимаратта түрлі көне қолжазбалар сақталған. Бүгінде және бұған дейін аталған кесене көпшіліктің тәу етер қасиетті орынға айналған. Бұл жерде негізге бұрыннан белгілі формалар мен мотивтерді қиыстыру арқылы жаңа ғимарат салу идеясы емес, ассоциативтік қатарлар түзу жолымен байырғы қазақтың халықтық мұрасын басқа, күрделірек деңгейде тереңінен меңгеру әдісі қолданылған. Табыну ғимараттарының белгілі бөліктері - портал, күмбез, мұнаралар - өзге иілімділік тілінің көмегімен, сезімдік-көркемдік дәрежеде ортаазиялық классикалық емес, қазақтың далалық көне өнерімен үндес жасалған.
Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет