Сайыс тақырыбы: «Шын жүйрікте шаршау жоқ»
Сайыс мақсаты:
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін байқау. Логикалық ойлауы мен танымдық қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыру. Өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация
Сайыс кезеңдері:
1.Бәйге
2. Адасқан әріптер
3. Жұмбақтар мен ребустар
Барысы:
І кезең Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шын жүйрікте шаршау жоқ» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Шын жүйрікте шаршау жоқ» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтсем.
1.Бәйге
2. Адасқан әріптер
3. Жұмбақтар мен ребустар
Ал ендеше «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап ия немесе жоқ деген жауап болады. .Бірінші айтылған жауап қана қабылданады хормен жауап бермейміз.Тәртіпке және ұйымшылдыққа да қараймыз. Әр топқа 10 сұрақтан береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І командаға
Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
Жанұяда бес ұл бар және олардың әрбіреуінің қарындасы бар. Сонда бұлар 10 адам болады (жоқ) 6
Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ — та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
9. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)
10. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)
ІІ командаға
1. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)
2. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)
3. «Информатика» пәні ЭЕМ — нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ — нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)
Үш тауық үш күнде 3 жұмыртқа тапса, 6 тауық 6 күнде 6 жұмыртқа табады? (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК — дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер — ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)
ІІІ командаға
Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғысы монитор (ия)
Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
Компьютердің ең негізгі құрылғысы құлақ қап (жоқ)
Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы бұл модем (ия)
Қаз бір аяғымен тұрса 12 кг, 2 аяғымен тұрса 24 кг (жоқ)
Өшірілген файлдар себет бумада сақталады (ия)
Процессор — ол компьютердің миы. (ия)
1 кбайт-та 1024 байт бар. (ия)
Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы монитор (жоқ)
Бір жұмыртқаны 4 минут қайнатсақ, 5 жұмыртқаны 20 минут қайнату қажет (жоқ)
ІІ кезең. «Адасқан әріптер»
Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?
И О М О Н Т Р
Ю К Ь П Т Е Р О М
Р И С У В
К У Т С К А
Р А П Е Қ Е А Т Н Т
Е К Н А С Р
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР)
ІІІ кезең Жұмбақтар
4 - кезең: «Жұмбақтар әлемі» Бұл кезеңде екі
командаға бірдей тапсырма беріледі, қай команда бірінші жауап береді сол командаға ұпай саны қосылады.
1. Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)
2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)
3. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)
4. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )
5. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )
6. Аяқсыз, қолсыз десең де,
бұйымым менің іргемде.
Токтан бауын шешсем де,
Жетемін қилы түрлі елге (ноудбук)
И О М О Н Т Р
Ю К Ь П Т Е Р О М
Р И С У В
К У Т С К А
Р А П Е Қ Е А Т Н Т
Е К Н А С Р
Достарыңызбен бөлісу: |