Шынымен де ойландыратын мәселе



Дата15.09.2017
өлшемі42,39 Kb.
#32303
Әкем «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына абоненттік төлем бойынша қоңырау шалды. Тұтқаның ар жағынан «Алло, здравствуйте! Меня зовут Эльвира, чем могу помочь?» деген әдемі, нәзік дауыс естілді. Әкем ауылда өсіп, өмірінің көбі қазақ тілінде сөйлеумен өткелі. Әкемнің орысшасы жаман емес, әйтсе де қиналып қалатын уақыттары болады. Сонда әжем: «Неге қазақша сөйлеп сұрамадын?» дегенде, «Аты- Эльвира, орыс па, татар ма қайдан білейн?!» деді әкем.

Шынымен де ойландыратын мәселе.

Қазіргі кезде балаларға қойылатын аттар неше түрлі. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Динара, Эльмира, Элеонора, Замира, Мария, София, Света, Клара, Лаура, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Руслан, Эрнс, Тимур, Илья т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi. Ерсiлiк, өрескелдiк, келеңсiздiк, сорақылық деп аталатын ұлтсыздықпен, санасыздықпен, басқаша айтсақ, мәңгүрттiкпен күрес елiмiзде жалғаса берер. «Атым- Құралай» дегенде, көз алдымызда ұйғыр да емес, татар да емес, киіктің лағындай көзі мөлтілдеген қазақтың қызы елестейді.

Қазақ тiл бiлiмiнде антропонимия деген термин бар. Антро+пос – «адам, оним//онима – «есiм», «ат» деген сөз. Ендеше, антропоним дегенiмiз – «кiсi есiмi», антропонимика дегенiмiз –кiсi есiмдерiн зерттейтiн сала. Ойшылдардың есебінше, адамның есімі мен оның мінезін және тағдырын байланыстырып тұрған құпия байланыс бар. Анығы – кісінің есіміне оның тағдыры жасырылған. Бір хадисте Мұхаммед Пайғам­бар­ға өмірде жолы болмай, қырсық шала берген бір сахаба шағынған соң, Алланың Расу­лы оған «есіміңді өзгерт» дегені айтылады. Сол сияқты кейбір есімдер бар көңілге күдік-кү­ман ұялататын. Содан ба екен, жамбылдық журналист-жазу­шы Бақтияр Әбілда өз есімін бүгінде «Бақытяр» деп жазып жүр. Республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған бір мақалаға арқа сүйесек, 24 жылда 20 баланы дүниеге әкелген Қамаш апай қыз бала тоқтап, орнына ұл келсін деген ырыммен 8 қызының есімін Тоқтар деп атапты. Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қояр-да ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.Шариғат заңы бойынша, нә­ресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құ­­лағына қайталанады. Діни пікірлер бойынша, азан шақы­рып қойылмаған есімдер ақыр­за­манда өз рухын, тәнін іздеп қиналысқа түсетін көрінеді-мыс.

«Адам есімінде оның тағ­дыры жасырылған» деген пі­кір­ді растау үшін оқымыстылар зерт­тей келіп, көптеген қоры­тындыға келген. Соның бірі, мәселен, Қайрат есімді ерлер­дің көбіне денсаулықтары мық­ты, белсенді және алаяқтыққа біртабан жақын болса, Серік есімді жігіттер бақытты болып туса, Әділ есімді жігіттер таби­ға­тынан сақ, достыққа адал, тез сүйіп қалғанмен қыдырымпаз­дық­­қа жоқ болады. Ал Мақпал есімді қыздар­дың бойында артистік қасиет басым, энергиясы мол, толық­тық­қа бейім болып келетіні дә­лелденген. Рас та шығар, бұл бағалау біз білетін әнші Мақ­пал Жүнісоваға біршама дәл ке­летін сияқты. Ал Гүлнәр есім­ді қыздардың құлағы сақ, қимылы ширақ, жігіттермен тез тіл табысатыны, соңынан жүгірушілердің көп болатыны, бірақ некеге адал және шы­дам­ды келетіні анықталған. Гүл­банулар болса – пысық, жі­гер­лі, күйеулерін қатаң түрде қысып ұстайтындар.

«Талбесіктен жербесікке дейінгі адам өмірі санға тәуел­ді» дейді нумерология ғылымы. Шынымен де, сандардың ма­гиясы бар ма, әр адамның сан­дық коды оның тағдырына бел­гілі бір дәрежеде әсер ете ме? Теоретиктер адам өзге елге қоныс аударса немесе біржола өзге тілге көшсе, есімінің ма­ғынасы, соған сай мінезі мен тағ­дыры өзгеріске түсетінін айтады. Сондай-ақ адам есі­мін­дегі әрбір әріптің өзіндік құпия мән-мағынасы бар.



Есімдегі әріптердің мән-мағынасы

А-Ә – күш, билік, салта­нат; Б – биік сезімге бейім­ділік, тұрақтылық; В – тұрақ­сыз­дық, жүйеліліктің жоқ­ты­ғы; Г – құпиялылық, бол­ма­шыға мән берушілік, тиянақты­лық; Д – көпшілдік, ақжар­қын­дық, кінәмшілдік; Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмар­лық; Ж – өзіне деген сенім­ділік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік; З – материалдық тұр­ғыдан қанағаттанбау­шы­лық, жоғары сезімталдық; И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбіт­шіл; К-Қ – төзімділік, күйге­лек­тік; Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табу­шы­лық; М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік; Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, ал­ғыр ой; О – ерекше сезім­тал­дық, құпия толғаныс; П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы тү­рі­не мән беру; Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату; С – билікке құмарту­шы­лық, кінәмшілдік; Т – идеал із­деушілік, сезімтал шығарма­шы­­лық тұлға; У – жаралан­ғыш, үркектік, ..., интуиция; Ф – жұмсақтық; Х – сексуаль­дық проблема, заңға бағын­ғыш­­тық, сезімнің екіұ­дай­лы­ғы; Ш – қызғаншақтық, әзіл­қойлық; Ы – іспен көрінушілік; Я – өз орнын бағалай білуші­лік, зиялылық, шығармашы­лық бейімділік.


Сондай-ақ есімдері түрлі әріп­тен басталатын ерлі-за­йыптылар, бір әріптен баста­ла­тын жұбайларға қарағанда бақытты өмір сүреді делінеді.
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екендігін, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады.
А-Ә - 1, Б – 2, В – 6, Ғ-Г – 3, Д – 4, Е – 5, Ж – 2, З – 7, И – 1, К-Қ – 2, Л – 2, М – 4, Н – 5, О-Ө - 7, П – 8, Р – 2, С – 3, Т – 4, У-Ұ-Ү – 6, Ф – 6, Х – 5, Ш – 2, Ы-І – 1, Ю – 7, Я – 2.
1. Күн: көсем, тәкаппар, ас­тамшыл.

2. Ай: сезімтал, шы­ғар­машылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.

3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.

4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұ­мысқа тиянақты, адамдар­мен тез достасады.

5. Мер­курий: көпшіл, епті, бастама­шыл, сыншыл, мойымаушы­лық.

6. Шолпан: сезімтал, сүй­кімді, тәкаппар, іскер, жолы бол­ғыш.

7. Нептун: жұмсақ­тық, сезімтал, ымырашыл, қа­йырымды, философ.

8. Са­турн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.

9. Марс: қайратты, қыз­ба, басынан сөз асырмай­ды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне, адам атына планеталардың ықпалы өте айрықша.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет