44.Өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымызды, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну қалай атайды?
А)өзіндік сана сезім
В)пайым
С)ұтқырлық
D) шығармашылық
Е)сезім
45. «Рефлексивтік практик» деген ұғымды ашқан танымал философтар, педагог-ғалымдар:
А)Дж.Дьюи, Дональд Шон
В)Мерсер, Александер
С)А.Маслоу, Роджерс
D) Стернберг, Дж.Саймонс
Е)Вуд, Брунер, Росс
46.СТО –бұл...
А)білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу
В)оқуға деген қабілеттілік
С)бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім
D) білім берудің жалпы негіздері
Е)өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау
47.Балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу, өзара қарым-қатынас орнатуы қалай аталады?
А)диалогтік педагогика
В)диалогтік оқыту
С)ұжымдық оқыту
D) топтық оқыту
Е)саралап оқыту
48.Көшбасшы мұғалім көңілінде үнемі қандай білім беру тұрады?
А)сапалы
В)нәтижелі
С)жоғары деңгейде
D) сұранысқа сай
Е)талапқа сай
49.Мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры не болып табылады?
А)реалистік көзқарас
В)армандай білу
С)жігерлендіре білу
D) қызықтыра білу
Е)оптимистік көзқарас
50. Шульманның ілімі бойынша құзырлы мұғалімге тән белгілерін ескертіңіз (3 жауапты таңдаңыз)
А)оқыту мен оқу, сондай-ақ, жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген жеткілікті білім
В)АКТ жетістіктеріне сүйеніп, осы заманғы ізденістерге жетелейтін итермелеуші күштерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай пайдалануы
С)мұғалімнің ұстаз мамандығына тән этикалық және моральдық құндылықтарды ұсынуы
D)топтық және жұптық жұмыстар жүргізе отырып, ой ұстанымын қалыптастыру
Е) жұмыс жүргізуде демонстрациялау, түзету және оқытуда бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін игерту.
Достарыңызбен бөлісу: |