Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Инновациялық педагогиканың пайда болуы



бет16/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è
Алдиярова Тойдық, 6 в
1.3. Инновациялық педагогиканың пайда болуы
«Инновация» термині ғылымға XIX ғасырда антропология және этнография арқылы еніп, «дәстүр» терминіне антоним ретінде мәдениет саласындағы өзгерістерді зерттеу үдерісінде қолдана бастады және өзгеше мәдениетке өту барысындағы жаңалық ендіру деп танылды. Инновация ұғымы мәдени өзгерісінің эволюционистік жазықтығының орнын басты. XX ғасырдың бірінші жартысында Батыста әлеуметтік ғылымдар саласында айтулы өзгерістер орын алды, инновация қалыптасқан жүйенің нормадан ауытқуы ретінде көрініс тауып, жаңалықтың шығу көзі ретінде таныла бастады. Ал экономика ғылымында XX ғасырдың басында-ақ «инновация» ұғымы ендіріліп, бар элементтердің жаңа комбинациясы ретінде қалыптастырылып, халық шаруашылығында, адам өмірінде, тұрмыста «пайда табудың» көзі ретінде саналып, циклдік дағдарысты жеңудің негізгі құралы деп қарастырылды.
XX ғасырдың 30 жылдарындағы экономикалық дағдарыстан кейін менеджерлер арасында «фирманың инновациялық саясаты» деген термин қалыптасты да, 50-70 жылдары алып фирмалар мен басқа да іскер ұйымдар жүргізген эмпирикалық зерттеулерде техникалық және ұйымдастырушылық – басқарушылық инновациялар кең құлаш жайды, сондай-ақ экономикалық саладағы инновациялардың әлеуметтік факторлары белсенді түрде зерттеле бастады.
XX ғасырдың екінші жартысында әлеуметтанушылар функционализмнің әлсіздігін жеңу үшін инновацияны жалпы даму үдерісінің әлеуметтік өзгерісі ретінде қарастырып, 4 негізгі элементтерін айырып көрсетті: «жаңалық», «жаңашылдық», «диффузия агенттігі», «бағалаушылар». Даму үдерісінің критикалық өзгертуші фазасы жаңалық енгізуді «бағалаушылардың» көзқарасы, берген бағасы болып табылады.
Инноватиканың ғылымға жаңалық енгізудің мақсатқа бағытталған өзгерісінің заңдылықтарын үйрететін білімнің қалыптастырушы теориялық саласы ретінде қарастыру Г.Тарда, Й.Шумпертер және т.б. ғалымдар еңбегінде көрініс табады.
Г.Тарданың «Әлеуметтік логика» еңбегінде қоғамдық үдерістің индикаторы өнертапқыш пен жаңашылдық болып табылатындығы айқын дәлелденеді: өнертапқыш - бұл жаңалық ашу, ал жаңашылдық жаңаны меңгеру үдерісі, жаңашылдықтың басты мақсаты халықтың сұранысын қанағаттандыру ғана емес, адамның қоғамды өзгертуге бағытталған жаңаны, жаңалықты өмірге әкелуі.
Австралиялық экономист Й.Шумпертер «Экономикалық даму теориясы» атты еңбегінде жаңалықты енгізудің жаңа тетігін ұсынады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет