Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте-4. Білім берудің инновациялық парадигмасының ерекшеліктері



бет12/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Кесте-4. Білім берудің инновациялық парадигмасының ерекшеліктері



р/с

Білім беру

Білім беру парагдималары







Ескі

Жаңа (инновациялық)

1.

Мақсаты

Білімді адам

Мәдениетті адам

2.

Мазмұны

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру және дамыту (оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқулықтарда белгіленген білімдер жүйесін меңгеру)

Білім мазмұны метатанымдық білімді (өзін және тану, әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеруі) және метатанымдық білікті- лікті (жоспарлау, бақылау, реттеу, мониторинг және өзін-өзі бағалауы) қалыптастыру мен дамыту.
Білім беру диагностикасы 3 мәдениеттің өзара байланысқан іс-әрекеті нәтижесінде көрініс табады: білім беру мазмұнының жобасын айкындайтын әлеуметтік тәжірибе; білім алушының мәдениеті; педагогтың мәдениеті.

3.

Негізгі ұғымдар

Қоғам, тәжірибе, білім, біліктілік, дағды, ұжым, бағалау

Өркениет, жағдаят, ақпарат, іскерлік, мақсаткерлік, құзыреттілік, топ, жетістік, нәтиже

4.

Әсер етуші факторлар

Қоғамның әлеуметтік жағдайы, білім берудің қажеттілігі

Жаһандану, интеграциялау, интернет, білім беру қызметінің сапасы, білім берудің ашықтығы

5.

Оқыту құралдары

Тілідік құралдар: кітап, оқу, жазу

Образдық бейнелеу: компьютер мультимедиа-аудио-видеоқұралдары

6.

Оқыту технологиясы

Жалпыға бірдей мемлекеттік стандарты, оқу жоспары бойынша дедуктивті, реттелген үдеріс және болашаққа бағатталған теориялық білім беру

Әркімге тандауы бойынша вариативті оқу жоспары бойынша (әркімнің қабілетіне қарай) оқытушы мен оқушы- ның өзара ынтымақтастық қарым-қатынасы негізіне құрылған практика- лық білім.
Соңғы нәтижеге бағытталған интерак- тивті әдістер: іскерлік ойындар, педагогикалық-психологиялық тренинг- тер, дөңгелек үстел, миға шабуыл, ғылыми жоба тұсаукесері және т.б.

7.

Оқыту нәтижесі

Біліммен қаруланған, алған білімін өмірде қолдана алатын білімді, мәдениетті адам

Әртүрлі мәдениет құндылықтарын меңгерген, адамдармен тез арада келісімді диалогқа келе алатын, қазіргі барға қанағат тұтпай, ұдайы ізденістің арқасында әлемді түрлендіре алатын; білімді өзі ізденіп, өзі меңгеретін шығармашыл, мәдениетті тұлға

Жоғарғы аталған ғалымдардәң ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі кезде жаңа инновациялық экономика жағдайына сәйкес және Қазақстанның өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында білім берудің құрылымын, мазмұнын жаңаша бағытта қарап, білім беру жаңа әдіснамасы мен стратегиясын жасау қажеттілігі туындап отыр. ХХІ ғасырда бізге репродуктивті ақпараттық және пәндік дифференциялау интеграцияланған білім мен метапәндікке, жол сілтеуден нақты іс-әрекетке, эмпирикалықтан - тұжырымдылыққа, гносеологиялықтан мәдени-тұлғалық білім беруді көздейтін білім беру жүйесі қажет. Ал бұл ерекшеліктер білім берудің ескі және жаңа парадигмаларының ерекшеліктерін атап көрсетуге мүмкіндік береді.


Осы бағытта ғалым И.Г.Фомичева ғылымға «білім берудің көппарадигмалығы» ұғымын ендіруді ұсынады. Ғалым: «Білім берудің көппарадигмалығы білім беру үдерісі мен тұлғаны қалыптастырудың тұтас аяқталған нобайы жүзеге асатын педагогикалық теория, технологиялар, оқыту және тәрбиелеу жүйесі формаларының жиынтығын құрайтын бірнеше әдіснамалық жүйелердің қатар өмір сүру мүмкіндігі» - деп, білім беру парадигмаларының көптүрлігі болатындығын және олардың бірін-бірі толықтыра отырып, қатар өмір сүре алатындағын ашып көрсетеді.
Көппарадигмалық бағыт адамның қалыптасуы мен дамуын іс-әрекет мен қарым- қатынас құрылысының өзгерістеріне сәйкес білім беру үдерісі субъектісінің өзара іс-әрекетінің мазмұны мен формасының түрлі өзгерісін қамтитын тұтас білім беру жүйесінде қарастырылады. Осыған сәйкес білім беру реформалары өмірге келеді.
Ғалым П.Штомпка бойынша, білім беру реформасы – бұл адамдардың мақсатты іс-әрекетін анықтайтын, олардың өмірлерінің қандай бір жақтарын түрлендіретін, осылайша қазіргі білім беру жүйесінің негізін түбегейлі өзгертетін әлеуметтік білім беру тәжірибесі.
Педагогика ғалымына жаңалық ендіру қажеттілігі туындады: білім беру жүйесіне жаңалық ендіруге қоғам мен мұғалімдердің оң көзқарасын қалыптастыру; білім беру жүйесінде жаңалықты іздейтін, табатын, пайдаланатын инновациялық орталықтар ашу; жоғарғы педагогигалық оқу орындарында болашақ мұғалімдерді инновациялық технологиялармен қаруландыру.
Ғалымдрдың зерттеулеріне сүйенсек, мектептердегі инновацияның қарқындық әлсіздігінің себептері төмендегідей: педагогика ғалымындағы инновацияны өз мектебінің жағдайына сәйкес пайдалануды ұсынатын мамандардың жоқтығы; мектептегі инновациялық іс-әрекеттің ғылыми тұрғыдан негіздеудің мардымсыздығы, педагогикалық ииновация көбіне мектептің материалдық базасының қазіргі талапқа сай жабдықталауына алып келеді (мультимедиалық сыныптар, инновациялық орталықтар ашу).
Қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологиялары сынақтан сәтті өткен инновациялық авторлық мектептер үлкен қызығушылықтар туғызады:

  • Қ.Нұрғалиевтің мектеп-гимназиясы:

  • А.Ысқақовтың авторлық мектебі;

  • К.А.Айтқалиев, Е.А.Очкур, Г.Я.Мор, Ю.П.Фокин, Қ.Нұрғалиев, Ұ.Есназарова, Қ.Бітібаеваның атаулы мектептері.

Жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу жалпы мұғалім қауымының инновациялық даярлығын қалыптастыруға көмектеседі.
Жаңашыл педагог Қ.Нұрғалиевтің өмірі – қаһармандық, азаматтық, батылдық үлгісі. Екінші дүние жүзілік соғысына қатысқан ол 19 жасында I топ мүгедегі болып қалады. Рига түбегіндегі шайқаста екі аяғы мен сол қолынан айырылған ол өмір сүруге ғана емес, өз өмірін, қабілетін, дарынын жас ұрпаққа білім беруге арнайды. Оны білім саласындағы «қазақтың Мересьеві» деп те атайды. Ол өзінің туған жері Боран ауылындағы мектепті 31 жылдан астам уақыт (1957-1988жж.) басқарған. 1975 жылы мектеп КСРО халық шаруашылығы жетістіктер көрмесіне, ал 1980 жылы Қазақстанның ХШЖК қатысып, мектеп жүлделі III орынды иеленіп, медальмен марапатталады. Қазір мектеп «Қ. Нұрғалиевтің мектеп гимназиясы» деп аталады.
Қ.Нұрғалиев – Ленин орденінің иегері, білім беру озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі (1978ж.), КСРО халық мұғалімі (1981ж.).
Қ. Нұрғалиев мектепке басшылық жасаған 31 жыл ішінде өзінің ұстаздық ұлағатын, білім берудегі жаңашыл шеберлігін таныта білді. Өз мектебін дамытуда ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктеріне сүйенеді.
Негізгі тұжырымдамалық идеясы мектептерді дамыту жүйесінде іске асырылды: мектеп ауылдың әлеуметтік және мәдени орталығы, психологиялық – педагогикалық ғылыми негізінде мектеп мұғалімдерін әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, білім сапасын арттыру.
Ал, М.Монтессори педагогикасы 9 тұжырымдамалық негізге арқа сүйейді:
1. Оқыту үдерісі баланың табиғи дамуына сәйкес жүргізілуі керек – бала өзін-өзі дамытады.
2. М.Монтессори педагогикасының ұраны - «Мұны өзім жасауға көмектесіңіз!», мұғалімнің оқушыға қарым-қатынасы.
3. Баланың барлық өмірі – туылған кезеңнен кәмелеттік жасқа дейін - оның еркіндігі мен өз бетінше дамуы.
4. Дамудың барлық кездейсоқтың жағдайларын есепке алу.
5. Жеке, дара, дербес және әлеуметтік дамулардың бірлігі.
6. Адамның санасында бұрын болмаған сезімнің ешбір сөкеттігі жоқ.
7. Сананы реттеу мен салыстыру маңыздылығы.
8. Баланы оқыту миссиясынан бас тарту: оқыту орнынан оған өз бетінше дамуға және адамзаттық мәдениетті меңгеруге жағдай жасау.
9. Баланың ойлау әрекетіне қатысты, барлық қажетті кезеңдер - пәндік-ақиқаттықтан көрнекі- образдыққа енуі қажет, тек сонда ғана ойлаудың абстрактылық деңгейіне жетеді.
Инновациялық білім беру – жеке адамның және қоғамның біртұтас алғанда жаңа іс - әрекетін тудыратын, жетілдіретін оқу - білім беру іс - әрекетінің үдерісі мен нәтижесі (5-кесте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет