Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Инновациялық парадигманың ерекшеліктері



бет11/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

1.2 Инновациялық парадигманың ерекшеліктері

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр;


- білім берудің парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда;
- білім мазмүны жаңа біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарықтық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері- ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс-қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат-тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
- қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолдануына және ғылымның рөліне мән берілуде;
- оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологиялар кеңінен ендірілуде;
Инновацияның өмірге келуінің объективті-субъективті себептері бар. Қоғамдық қатынастардың, қоғамның өзінің жедел дамуы адамзат сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары өзгерістерге ұшырайды. Инновацияның өмірге келуінің объективті сипаттамасы қоғам мен білім беру саласының даму қарқындарының бір -біріне сәйкес келмеуі болып табылады. Дамитын қоғамға әрқашан жаңаша ойлайтын «жаңа адамдар» қажет. Ал білім беру саласы қоғамның дамуына ілесе алмаса, онда білім беру саласында консерватизм орын алып деградация жүреді, өмірден артта қалушылық белең алады.
Ғылымның дамуының алғашқы факторларының бірі өзінің әдіснамалық бағыттары бар жеке (атаулы, авторлық, иновациялық мектептер) мектептердің пайда болуы. Осындай мектептер бір-бірімен несімен ерекшеленеді? Әрине, парадигмаларымен.
Ғылым Г.Б. Корнетовтың пікірі бойынша, «үшінші мыңжылдықтың басында постиндустриалды өркениет құрудың жалпы әлемдік тенденциясы біздің елімізде либеральды-демократиялық типтегі қоғамға өтумен жүзеге асырылады». Автор білім беру саласындағы педагогикалық парадигманың өзгерісін қоғамның дамуына қатысты қарастырады.
Қоғамның дамуына байланысты білім беру саласындағы педагогикалық парадигманы жаңа бағытта қарауды қажет етеді.
Ресейлік ғалымдар А.Н. Тихонов, В.А. Садовничий «парадигма нақты ғылыми зерттеулерді анықтайтын және ғылыми практиканың сол кезеңінде жүзеге асатын теориялық және әдіснамалық алғы шарттарының жиынтығы» деген анықтама беріп, парадигманың мағынасын ашып береді.
Ал қазақстандық ғалымдар Ж.Наурызбай, А.П. Сейтешов, Ш.Т. Таубаева, К.М. Арынгазин, А.Д.Кайдарова және т.б. ҚР білім беру жүйесіне жаңа парадигманың қажеттілігін ашып көрсетеді. Мәселен, ғалым К.М.Арынгазин бұған мағыналы педагогиканы ұсынса, академик А.П. Сейтешов-«суперобъектілер: адам, әлеумет, өркениет және білім берудің өзара байланысын» қарастырады, ғалым Ш.Т.Таубаева «ғылыми зерттеулер барысында шешілетін нақты проблемалар мен оларды шешу әдіс-тәсілдері» деген ұстанымды ұстаса, А.Д. Кайдарова көппарадигмалық тұғырды ұсынады.
Парадигма ұғымының мазмұнын әртүрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылып көрелік. Парадигма ұғымын ғылымға оңшыл бағыт ұстанушы Бергман еңгізген, ал оны әрі қарай терең зерттеген американдық физик, философ Т.Кун болды.
Т.Кунның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма-қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерлерін (білімін) анықтайтын алғышарттардың (қағидалардың) жиынтығы» деп атап көрсетеді.
Парадигма - ғылымның негізгі өлшем бірлігі. Парадигма деп барлық қалың жұртшылық түгелдей дерлік мойындаған ғылымның алғы жетістіктері болады.
Т.Кунның тұжырымдамасына сүйене отырып, философ Г.И. Рузавин парадигманы ғылыми қоғамда қабылданған қандай да бір ғылым саласының белгілі кезеңдегі дамуын қамтамасыз ететін негізі қаланған теория ретінде қарастырады.
Логикада парадигма ғылым дамуының белгілі кезеңде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми қоғамда қабылданған үлгі, нобай, стандарт, эталоны және ғылыми таным үдерісінде ғылым негіздерін жүйелеуде, бағалауда, қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы ретінде көрсетіледі.
Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи кезеңдегі осы саладағы ғалымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі ретінде ашылады.
Ғалымдардың берген анықтамасы бойынша, ғылыми парадигма-бұл тек қана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер тәсілі, зерттеу есептерін шешудің үлгісі, нобайы. Парадигма ғылымда екі жақты рөл атқарады: бір жағынан ғылыми мәселелерді шешуді жеңілдетеді, ал екінші жағынан жаңа идеяларды қабылдауға тосқауыл болады, себебі белгісіз, дәстүрлі емес бағыттағы ғылыми ізденіске шектеу жасалынады, яғни жаңаның өмірге келуіне кедергі жасайды.
Педагогики ғылымында парадигма ғылымы өзгеше сипатталады. Мәселен, ғалым В.И. Андреевтің пікірі бойынша, қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасынан «өмірлік іс-әрекетке дайындалған адам» парадигмасына көшу орын алып отыр, жаңа парадигманың артықшылығы-адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интелектуалды, физикалық және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады.
Көптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша, педагогикалық парадигма-бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретінде кіретіндер: оқушы - педагогикалық қарым - қатынас объектісі, ал оқытушы- басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық қарым - қатынас барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады және т.с.с
Ғалым А.П.Валицкая білім беру парадигмасын адами және мәдени құндылықтарға арқа сүйейтін мектептің жаңа нобайының, білімнің интелектуалды эталонының орталығы болатын иновациялық мектептің және жеке тұлғаның өркениет бағытындағы білім берудің мемлекеттік және халықаралық стандарттарына сай дамуының әдіснамалық негіздерінің эталоны деп қарастырады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек,білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар: адамзаттың белгілі тарихи кезеңге қажетті анықталатын білім мен біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас, өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну, ақпаратты кодтау және тарату принциптері, адамзаттың мәдени дамуын ұғыну, адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау, білім беру үдерісінде білім мен мәдениеттің тасымалданушысы ретінде педагогтың орны мен рөлін түсіну, тәрбиелеу-оқыту-білім беру құрылымындағы баланың орны мен рөлін анықтау және т .б.
«Білім беру парадигмасы» ұғымының мәніне тоқталып көрелік. Ш.А.Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Ал ғалым Е.А.Ямбург парадигманы когнитивтік (интелектуалды даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады.
Бұл 2 парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға бағытталады да, педагогикалық феноменді тарихи кезеңмен, мәдениетпен бірлікте қарастыра алмайды.
Ғалым Г.Б.Корнетов «Педагогикалық парадигма-теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлекция дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы» деген мағыналы анықтаманы бере отырып, педагогикалық парадигманың төмендегі түрлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, қолдау педагогикасы.
Г.Б.Корнетовтың авторлық технологиясы соңғы нәтижені алуға бағытталған базалық модельдер технологиясына жүгінеді.
Қазіргі кезеңде ғалымдар философиядағы негізгі ағымдардың көзқарасын салыстыра келе, білім беру парадигмасын құраушы негізгі элементтерді анықтауға тырысады. Мәселен, психологтар Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская оқытудың мағынасын дәстүрлі және ізгілік тұрғысынан анықтаудың салыстырмалы сипаттамасын ұсынады.
Соңғы кезде ғалым Х.Г.Тхачапсоев ұсынған «жоба-эстетикалық» парадигмасы педагогтардың назарын ерекше аударып отыр, мұнда жобалау өркениеттік дамудың постиндустриалдық фазасы ретінде қарастырылады.
Х.Г.Тхачапсоевтың пікірінше «Білім берудің парадигмалық аспектісі-жобалау, ол төмендегілерді білдіреді: дамудың ауысу ерекшеліктері мен жоғары динамикасын есепке алу, білім берудің варитивтілігі, білім берудің мақсатын және мазмұнды принципті жобалау»
Жаңа парадигма жаңа білімге және ойлаудың жалпыәлемдік принципіне сүйенеді, машиналдық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімді меңгеру емес, оны өмірде пайдалану іс-әрекеттілік әдіснамасы болып табылады.
Әлемдік педагогикада білім беру парадигмасы әр ғасыр сайын өзгеріп отырады («білімдік», «педцентрлік», «академиялық», «кәсіптік» және т.б,).
«Білімді адам» парадигмасының орнына келген «өмірге дайындалған, өмір сүруге бейімделген іскер адам» парадигмасының айтулы айырмашылықтары баршылық. Осы айырмашылықтарға тоқталып көрелік. Сонымен, білімді адам - бұл өмірге өзіндік көзқарасы қалыптасқан көп білетін адам ғана емес, қазіргі кезеңде Республикамызда болып жатқан әртүрлі күрделі мәдени мәселелерді түсіне алатын, өзінің орнын таба білетін жеке дара тұлға.
И.А.Колесников осы кезеңге дейінгі қолданып келген барлық парадигмаларды сараптап, олардың жарамдыларын қазіргі кезеңге сәйкес пайдалануды ұсынады.
Ал, Қазақстанда жаңа білім беру парадигмасы Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан 2030» стратегиясы, Қазақстан Республикасының « Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, үкіметтің білім беру саясаты мен тұжырымдық қарарларына сәйкес қалыптасады.
Сондай - ақ, ғалым Г.К.Ахметов да парадигманы ерекше тұрғыда қарастырады, ол классикалық және классикалық емес ізгілікті парадигмаларды: адамзат туралы көзқарастарды, қоғамдық үдерістерді басқару типі, әлеуметтік мәдени мұраның типі және т.б. параметрмен қарауға ұсынады.
Жоғарыда берілген парадигмаларды сараптай келе, парадигма – теориялық стандарттар, әдіснамалық қағидалар, құндылықтар жиынтығы ретінде ғылыми іс- әрекеттер нобайы екендігін ұғынамыз.
Философ И.А. Тюплина ғылымға «білім берудің философиялық парадигмасы» ұғымын енгізіпп, білім берудің философиялық парадигмаларына талдау жасайды, білім берудегі тоқырауды парадигма тоқырауы тұрғысынан негіздейді.
Ғалым К.К. Жанпейісованың пікірі бойынша, соңғы онжылдықта білім беруді реформалау үдерісі бірнеше кезеңдерді қамтиды: білім беру саласын тұжырымдылық-бағдарламалық негізінде түбегейлі өзгерту; білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін орталықтандыру; білім беру жүйесін ұдайы және стратегиялық бағыттылықта дамыту.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беруді одан әрі жетілдіру жолдары айқын көрінеді: ашықтық, жаһандану; білім беру ұйымдарының өз бетінше жұмыс жасауы; білім беруді басқаруды демократияландару мен жергіліктендіру; білім беруді ізгілендіру, саралау, гуманитаризациялау; оқытудың жаңа технологиялардын ендіру; білім беруді ақпараттандыру; ғаламдық халықаралық коммуникациялық желілерге шығу.
Қазақстан Республикасының білім беру саласының жаңа бағытта өрлеуі 1999 жылғы қабылданған «Білім туралы» заңды қабылдаудан бастау алды.
4-кестеде инновациялық білім беру парадигмасының ерекшелітері ашып көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет