Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте-3. Білім беру стандартына байланысты оқытудың



бет7/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Кесте-3. Білім беру стандартына байланысты оқытудың
ғылыми-әдістемелік проблемалары





Негізгі дидактикалық
сұрақтар

Проблемалар

1.

Неге оқыту керек?

Оқыту мақсаты

2.

Неліктен оқыту керек?

Оқыту мотивациясы

3.

Нені оқыту керек?

Білім мазмұны

4.

Қашан оқыту керек?

Жас шамасына сай оқыту

5.

Қалай оқыту керек?

Білім берудің әдістері, түрлері

6.

Қай деңгейде оқыту керек?

Міндетті және мүмкін деңгейлер

7.

Қандай бағамен оқыту керек?

Білім рейтингісі


ХХI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестердің өткізілуі, онда жаңа жүзжылдықты білім ғасыры болады деген қорытындының жасалуы куә. Бұл дүниежүзілік жиындарда осы жаңа ғасырдағы адамзат қауымдастығын жүйелі дамыту мәселесі тек қоғамның барлық мүшесін біліммен қамтамасыз етудің тең құқықтық жағдайы шешілгенде, білім берудегі әлеуметтік-әділеттік ұстаным жүзеге асырылғанда ғана білім сапасын арттыру мәселесі оң шешімін табады деген ортақ түйін жасалды.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеаларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз. ЮНЕСКО ХХІ ғасырдағы білім саласы бойынша дүниежүзілік деңгейдегі білім құндылығының негізін құрайтын төрт түрлі мәселеге ерекше көңіл бөледі. Олар бірлікте өмір сүруге үйрену, білімді меңгеру, еңбек етуге үйрену, өмір сүруге үйрену болып табылады. Бұларға нақты тоқталатын болсақ, біріншіден, әр мемлекет, әр халық, басқа мемлекеттер мен халықтардың тарихы, дәстүрлері мен ойлау жүйесі туралы білімдерді дамыта отырып, олармен бірлікте өмір сүруге үйренуі қажет. Екіншіден, білімге деген талғамды қалыптастыратын, сондай –ақ ғұмыр бойы шын үйренудің негізі болып саналатын үздіксіз білім жүйесіне қол жеткізу жалпы мәдени деңгейдің көрсеткіші іспеттес,сондықтан ең әуелі білімді меңгеруді үйрену қажет. Үшіншіден, еңбек етуге үйрену үшін әркімнің өз мамандығын жетілдіруі қажет, яғни өзгермелі өмірдегі күтпеген кездейсоқ жағдайлардан жол тауып шығуға мүмкіндік беретін, қажетті біліктілікті меңгеруі керек. Төртіншіден, ХХІ ғасыр өмір сүруге үйренуді, яғни ұжымдық жобаларды жүзеге асыру ауқымында жеке жауапкершілікті күшейтумен үндесетін өзіндік қабілеттерді дамытуды талап етеді. Демек, оқыту үдерісінде алынатын білімді терең меңгеруге, оны белсенді қолдануға айрықша назар аударылуы тиіс.
Осылайша, әлемде болып жатқан жаңа өзгерістер өркениетке ұмтылған әр мемлекеттің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қойып отыр.
Сол себепті 7 маусым 1999 жылдың №389-1 шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қыркүйек 1999 жылдың «Жалпыға міндетті білім стандартын дайындау, бекіту және қолдануы мерзімін айқындау тәртібі туралы» №1290 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 30 мамыр 2001 жылдың №404 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» бекітіліп, қолданысқа енгізілді.
Бұл стандарт Қазақстан Республикасының орта жалпы білім беретін мектептерінің оқу жүктемесі минимумына және оқушылардың дайындық деңгейлеріне, мектеп бітірушілердің білімдерін объективті бағалауға, әртүрлі деңгейдегі оқу бағдарламаларын жасауға қажетті және білімі туралы құжаттардың эквиваленттігіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Мәселен, бұл құжатта Қазақстан Республикасы орта білім беретін мектептің базистік оқу жоспарларының 2 бөлігі анықталады:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет