Сурет-8. Технологиялық үдерістің шартты нобайы
Алғашқы қойылатын талаптар
Алғашқы өнімге бастапқы стандарттық іс-әрекет
Өнім сапасына қойылатын талаптар
Стандарттық іс-әрекет
Шикізат
Соңғы алынатын өнім
Аралық
өнім
Алғашқы сапалық бақылау
Аралық күйдегі ауытқулар
Соңғы сапалық бақылау
Аралық сапалық бақылау
Түзетушілік іс-әркет (коррекция)
Нәтижесінде технологиялық үдерістің нобайындағы төмендегідей қажетті құрамды бөліктерін анықтауға болады:
- көптеген қасиеттер жиынтығымен берілетін соңғы өнім (өндірістің мақсаты);
- бастапқы жай күйі нақты сипаттамаларымен анықталынатын алғашқы объект (өндіріс шикізаты).
Педагогикалық үдерісте «технология» терминін қолданудың нақты кезеңдері бар. В.И.Боголюбов, Г.А.Бордовский, В.А.Извозчиков, Т.А.Ильина, М.В.Кларин, Ф.Янушкевич және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, «педагогикалық технология» ұғымының эволюциясында шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады.
І-кезең (1940-1950ж.ортасы) мектептерде ақпарат алатын әртүрлі техникалық құралдардың пайда болуымен сипатталады: жазу, дыбыс шығару және кескінді бейнелеу сияқты «аудио-визуалды құралдар» өмірге келді. Осылайша, оқыту үдерісіне «тенологияның» енуі «педагогикалық технология» ұғымын оқытудың технологиялық құралдары ретінде қарастырып, педагогикалық технологияны оқыту технологиясына айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |