Сурет-12. Білім беру технологиясының нобайы
Сурет-12. салынбаған.
Оқыту үдерісінің негізгі ұғымдары оқытудың мақсаты, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті және нәтиже болып табылады. Оқыту үдерісінің айнамалы құраушысы басқару құралы болады. Оған оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері, оқытудың материалдық құралдары, оқушының оқу іс-әрекетінің үдерісі және оқытуды ұйымдастыру формалары жатады.
Оқыту үдерісінің технологиясының мән-мағынасын ашу үшін біліи беру технологиясының мәнін ашып көрсетуіміз қажет.
М.Е.Бершадский, В.В.Гузеев және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру технологиясы деп төмендегілерді қамтитын жүйені айтамыз:
- оқушының батапқы жай-күйінің нобайы;
- оқытудың жоспарланған нәтижесін диагностикалау;
- алдыңғы жай-күйді диагностикалау құралы және алдыңғы даму тенденциясын болжау;
- оқыту нобайының жиынтығы;
- қандай да бір нақты жағдайда оқытудың тиімді нобайын таңдау және құру критерийлері;
-қойылған диагностика, алдыңғы нәтиже, оқыту нобайын таңдау арасындағы өзара іс-әрекеттілікті қамтамасыз ететін кері байланыс тетігі.
Оқыту нобайы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық техникадан тұратын жүйе болып табылады.
АҚШ-та педагогикалық технологияға қызығушылық ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл оқу үдерісінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. Бағдарламалап оқыту және дидактикалық машина жасалуымен байланысты жаңа «білім беру технологиясы» термині пайда болды, ол оқыту мен тәрбиелеуді қалау құру керек дегенге саяды. Ақырында, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында америкалық және батыс европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады?» мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды.
67-72 беттер жазылмаған
7. «Педагогикалық жүйе» мен «педагогикалық технология» ұғымдарының өзара қатынасын ашып көрсетіңіз.
8. Оқыту технологиясы мен тәрбие технологиясының өзара байланыстын ашып көрсетіңіз.
9. Оқыту технологиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
10. Білім беру технологиясының мәнін ашып көрсетіңіз.
11. Оқыту технологиясы нобайындағы кері байланыс тетігінің қызметін ашып көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |