Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет45/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

3-деңгей тапсырмалары:
1-тапсырма. Қазақстанның физикалық картасынан биік таулы аймақтың географиялық орнын анықтап, кескін картаға бағытын сыз.
Кестені толтыр.

Биік таулар

Шыңдары

Биіктігі (м)

а) Алтай тауы







ә) Жоңғар Алатауы







б) Сауыр







в) Тарбағатай







г) Іле Алатауы







д) Батыс Тянь-Шань









3-тапсырма. Биік таудағы «биіктік белдеулік» дегеніміз не? Деңгейлі тапсырмалар негізінде деңгейлеп оқыту үдерісінде оқушылардың білімін тексеруде «ашық» журнал әдісін пайдаланған жөн. 4-кестеде оқушылар білімін бағдарлаудағы «ашық» журнал үрдісі берілді.
Көпдеңгейлі тапсырмаларды пайдалануды әрбір тақырып бойынша жүргізу тиімді.


Кесте - 4. Оқушы білімін бағалаудың ашық журналы

Р/с

Оқушының аты-жөні

1 деңгей
5 балл

2 деңгей
4 балл

3 деңгей
3 балл

4 деңгей
10 балл

Барлық
балл







1

2

3

4

5

1

2

3

4

1

2

1

2




1

Асанов Н

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

22 б

2

Ахметова А

+

+

+

+

+

-

-

-

-

-

-







5 б

3

Назарова Б

+

+

+

+

+

+






















7 б

4

Мусин К

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




17 б

5

Райым А

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+







12 б

2-кезеңде көпдеңгейлі тапсырмаларды қолдану жағдайында деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша «Оқушы дамуының жеке траекториясы» Ж.У.Кобдикова бойынша берілді (1-сурет).




Сурет – 1. Оқушы дамуының жеке траекториясы





































































































































өте жақсы








































































































































жақсы








































































































































қанағаттанарлық


















































































































































ІV
ІІІ


ІІ
І
№1 №2 №3 №4 №5 №6 ӨЖ №1 сабақ реті

Көпдеңгейлі тапсырмалар негізінде оқыту әрбір оқушының әрбір тақырыпты қай деңгейде меңгергенін айқындауға толық мүмкіндік береді.


Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Соның ішінде ақпараттар ағымының таралу сипатына қарай сабақ оқыту режимдеріне бөлініп, оқыту технологиясының қажетті түрін қабылдау қажет. Екі жақтағы ағымдағы ақпараттар режиміндегі сабақты немесе интерактивті әдісті осы пәнге байланысты қолдану оқушының шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігін дамыту факторының бірі болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыларды білімін саралауға мүмкіндік бар. Технологияның ерекшелігі: әр оқушы өзінің деңгейіне, білім дәрежесіне байланысты тапсырмаларды орындайды: әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі, мықтылардың өзіне деген сенімділіктері артады. Нәтижесінде жан-жақты шығармашылық іс-әрекеті бар жеке тұлға болып қалыптасады.
Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке жеке алынады.
Пәнішілік деңгейлеу әдістемесінің қағидалары мен мазмұны «толық меңгеру» әдістемесімен ұқсас. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылардың біліміндегі алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді.
Ол үшін келесі сабақ түрлері қолданылады: топтармен жұмыс (столдар бойынша, қатар бойынша); ой толғау; сұхбаттасу (тұрақты жұптар, динамикалық жұптар); модульдік оқыту; семинарлық - сынақ жүйесі; сыныптан тыс қосымша жеке сабақтар; жеке көмек; кеңес.


Білімді пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар
1. Деңгейлеп оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.
2. Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
3. Деңгейлеп оқыту технологиясының деңгейін ашып көрсетіңіз.
4. «А», «В», «С» деңгейіндегі тапсырмалардың айырмашылықтары мен ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

Ұсынылған әдебиеттер
1. Выбор методов обучения в средней школе/ Под ред. Ю.К.Бабанского. - М., 1981.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. - М.: Педагогика, 1986.
3. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. - Усть-Каменогорск, 1992.
4. Занков Л. В. О предмете и методах дидактического исследования. - М., 1962.
5. Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Мұғалімі.
- 2000. - №33-34.
6. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. -Алматы, 2000.
7. Кириллова Г.И. Теория и практика урока в условиях развивающего обучения. -М., 1980.
8. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. -М., 1980.
9. Основы дидактики/Под ред. Б.Т. Есипова. -М., 1967.
10. Репкина Н.В. Что такое развивающее обучение? - М., 1993.
11. Фирсов В.В. Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения. - М., 1994.


4.4 Қ.Әбдіғалиевтің шоғырландырып қарқынды
оқыту технологиясы
Оқытудың дәстүрлі жүйесі ғасырлар бойы халыққа жақсы қызмет атқарып келеді. Бірақ, енді өскелең ұрпақты бұл қанағаттандыра алмайды, оны жаңа өзгерістерге икемдеуге келмейді, сондықтан оқытуды жақсарту мүмкін емес. Шешуді қажет ететін мәселелер өте көп. Қ.Әбдіғалиевтің зерттеуіне жүгінсек, бірінші мәселе - үлгерім. Қазіргі жүйе барлық оқушының 30-40 пайызы ғана үлгере алатындай дәрежеде. Бұл мәселені мектеп атауларының өзгеруі, оқу жоспарының варианттары, саралап оқытудың түрлі бағыттары, жақсы оқулықтар, күшті материалдық-техникалық база түзете алмай келеді (өркениетті елдерде де солай).
Екінші мәселе - «екілік проблемасы». Бұл да еш бір елде шешуін таппаған. «Екілік проблемасы» қайдан шықты? Себебі не? Бұған дәстүрлі жүйе жауап бере алмайды.
Шынында да, оқушылар құрылымы жағынан теоретиктер және практиктер болып екіге бөлінеді. Оны білім мазмұнын айқындаушылар да, бағдарлама құраушылар да, оқу жоспарын белгілеушілер де, оқулық авторлары да ешқашан ескерген емес және бұған дәстүрлі жүйе жол бермес еді.
Үшінші мәселе - кәсіптік бағдарлау. Кәсіби жарамдылық немесе жарамсыздықты айқындау әлі қолға алынбаған нәрсе. Адам табиғатынан психологиялық және физиологиялық сапалар кешенінен тұрады (икемділік, бейімділік, қабілеттілік сапалар). Ал дәстүрлі жүйе бейімділік пен қабілеттілікті айқындап, дамытып және ескеріп жұмыс істеуге жарамсыз.
Төртінші мәселе - мұғалім оқу үдерісінде бірінші орында және ол оқулықтағы білімді оқушыға жеткізуші. Бұл жағдайда оқушының сабақ үстінде танымдық қызметі шығармашылықпен ұштастыруға мүмкіндігі жоқ.
Бесінші мәселе - барлық оқушыларға бір ғана мемлекеттік бірегей бағдарлама, оның өзі қабілеті орташа дамыған оқушыға арналған.
Ал барлық оқушылардың 10-15 пайызы қабілеті нашар дамығандар, бұлар ескерілмей келеді.
Алтыншы мәселе - оқушының танымдық қызметін еске алмаған, білімді алу әдістерін үйретпей, білімді «шайнап, оқушы аузына салады», мұғалімге, не оқушыға өз пікірін айтуға мүмкіндік бермейтін, тек автор пікірін алға тартатын оқулықтар.
Жетінші мәселе - ғылымда белгілі оқытудың ұжымдық әдісі «Шаталов технологиясы», т.б. көптеген жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік бермейтін осы күнгі сабақтың ұзақтығы (45 мин) уақыт факторының ескерілмеуі.
Сегізінші мәселе - білім беру өрісінің тек мектеппен шектелуі және оқу аптасының алты күнге созылуы, осының бәрі оқушыларды білім кеңістігіне алып шығуға мүмкіндік бермейді.
Тоғызыншы мәселе - оқытудың сыныптық жүйесі - қабілетті оқушы тұсаулы қалпында қалып, оқуға деген ынтасынан айырылған күйінде мектепті бітіруі. Бұл - үлкен зиян.
Дәстүрлі оқу жүйесінде анатомиялық, физиологиялық және психологиялық үдерістердің әсерінен оқушының жұмыс қабілетінің күн ішінде, апта ішінде және жыл ішіндегі өзгеруі, сол сияқты, алынған ақпаратты есте ұзақ сақтап қалу факторларын ескермейді.
Оныншы және ең маңызды мәселе - білім берудің ұлттық философиясының болмауы. Оны жасамай, анықтамай тұрып орта білімді дамыту тұжырымдамасын жасау мүмкін емес.
Осындай жағдайда оқытудың дәстүрлі жүйесі төменде көрсетілген қарама-қайшылықтарды туғызып келеді:
1. Білім және оны меңгеру мәселесінің өлшемдес еместігі, яғни білімді жаңа форма, құрылымға түрлендіру, білім өрісі, білім кеңістігіне өту жолын білмеу.
2. Білімнің қол жеткен деңгейін сақтай отырып кейінге жеткізу, табыстау мен болашақтың оны қабылдауы аралығындағы үйлесімсіздік.
3. Адам ақыл-ойының және қызметінің ұжымдық сипаты мен білімді меңгерудің дербестік сипаты арасындағы қарама-қайшылық.
4. Оқушының жақын арадағы мақсаттары мен түпкі мақсаттары арасындағы қайшылықтар.
5. Оқу-тәрбие үдерісі және оны ұйымдастыру арасындағы қайшылықтар.
6. Оқытудың дербестік жағдайы мен қоғамдық тәрбиенің ұжымдық мәні арасындағы қайшылықтар.
7. Барлығы үшін оқытудың бірдей қарқыны және қабілеттерінің еңбекқорлығы мен қызығуының әртүрлілігі арасындағы қайшылықтар.
8. Өмірге араласу құрылымы мен оқу үдерісі арасындағы қайшылықтар.
9. Мектептің қазіргі құрылымы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы қайшылықтар.
Осындай қайшылықтарды және одан туындайтын проблемаларды шешпегендіктен, орта білім беру ісінде дағдарыстар орын алып келеді.
Алға жылжуға кедерге болған жағдайлардың бәрінде реформа жасалады, ал реформа бұл мәселені шеше алмаған жағдайда революция жасалады.
Білім беру философиясы білім мақсатын айқындауы қажет. Әлем бейнесі және оның жасалуы жөніндегі шындық, тіршіліктің өркениетті бейнесі, оған жету жолдары туралы білім беру негізгі мақсат. Ол - басты білім. Осы білімді танытуда және таңдауда оқытушы мен оқушының орнын айқындау қажет. Әлемде бұл туралы екі тұжырымдама бар екені белгілі. Бірі - Гербарт тұжырымдамасы. Ол бойынша мұғалім - білім беру ісінде басты субъект. Осы тұжырымдама арқылы дәстүрлі оқытудың сынып-сабақтық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениеттің табыстары да, дағдарыстары да соның нәтижесі. Одан туындайтын проблемалар және қарама-қайшылықтар сыныптық-сабақтық жүйенің кемшіліктерінде жатыр.
1) Мұғалім оқулықтағы білімді автордың аузынан шықпай оқушыға жеткізуші, «Ол білімді оқушы алғысы келе ме, келмей ме?!» деген сұрақ қойылмайды.
2) Сабақтың ұзақтығы 45 минут. Осы уақыт ішінде ғылымның ашқан жаңалықтарын, жаңа технологияны, озық үдерістерді қолдана отырып және сабаққа қойылатын 5 талапты (кезеңді) орындауы керек. Уақыт жетпейді!
3) Әрбір 15-20 минут сайын оқушының төзімі таусылып, жалыға бастайды.
4) Әрбір 45 минуттан соң бір пән екінші пәнмен алмастырылады. Оқушы келесі пәнге және оның мұғаліміне дайындалуы қажет. Алғашқы сабақта естіп-білген білімнің есте сақталуы туралы не айтуға болады. Оның үстіне басқа пәннен жаңа білімді игеру қажет, осылай 5-6 сабақ алмасады.
5) Күніне бес-алты мұғаліммен жүздесу және олардың қоятын талаптарын орындау.
6) Үйге тапсырма беру жете ойластырылмаған. Соның нәтижесінде оқушының күндік жұмыс уақыты 12-14 сағат болатыны дәлелденген. Оның үстіне бес-алты кітап салынған сөмкені 6 күн бойы арқалануы баланы мектепке жетелей ме, жоқ мектепті жек көрсете ме? Ал үйге берілген тапсырмаларды оқушы орындамайтын болса, үйге тапсырма берудің қажеті бар ма?!
7) Егер оқушы оқулықтардағы (мектептегі) білімді меңгеруге 12-14 сағат уақыт жіберсе, басқа білімдерді (мектептен тыс) меңгеруге уақыты жете ме?
Бұлар Гербарт тұжырымдамасына негізделген сыныптық-сабақтық жүйенің кемшіліктері.
Гербарттың оқыту үдерісі туралы ілімі оқытудың формалды сатыларынан материалды ең тиімді жолмен баяндауды (түсіндіруді) анықтауымен байланысты болды. Мұғалімге басты анықтаушы рөл берілді.
ХІХ-ХХ ғасырда бұл ілім қатал сынға алынды, мектептердің авторитарлығы айыпталды, сонымен бірге оқыту үдерісінде материалды игеруге қажетті оқушылардың өзіндік саналы іс-әрекеттерінің болуы талап етілді. Оқу үдерісінің осыған негізделген жаңа тұжырымдамасын американдық ғалым, педагог, психолог және философ Джон Дьюи (1859-1952) ұсынды, мұнда оқушыларға басты рөл берілген, ал мұғалімдер бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлін атқарады.
Д.Дьюи оқушылар ғалымдар сияқты материалды өз бетінше, кездескен қиындықтарды жеңе отырып, зерттеп игереді деп түсініп, оқыту құрылымын төмендегідей сатыларға бөлді.
1. Нақтылы мәселені сезіну.
2. Оны анықтап білу.
3. Мәселені шешу үшін болжам (гипотеза) жасау.
4. Жасалған болжамнан туындайтын салдарларды анықтау (логикалық тексер).
5. Бақылау не тәжірибе арқылы жасалған болжамдардың дұрыстығын тексеру.
Д.Дьюи өзі анықтаған осы оқыту құрылымын және оқушылардың материалды игеруге бағытталған әрекеттерінің тәсілдерін оқытудың табиғи әдісі деп таныды.
Сөйтіп, И.Гербарттың оқытудың формалды сатыларына сай оқыту үдерісі туралы ілім оқушыларға, олардың іс-әрекеттеріне қатысты, ал Д.Дьюидің ілімі оқушыларға, олардың іс-әрекеттеріне қатысты құрылды. Олардың дидактикалары оқу үдерісін жеке-жеке жақтарына ғана қатысты алып, сол арқылы оны біржақты түсіндіреді. Ал оқыту - екі жақты үдеріс. Бір жағынан, оқушылардың танып білу әрекеттері болса, екінші жағынан, мұғалімнің бағдарлы іс-әрекеті бар. Олардың рөлін анықтау қажет. Оқу үдерісінің басты субъектісі, анықтаушы мәні - оқушылардың белсенді таным іс-әрекеттері.
Оқыту кезінде осындай танып-білу әрекеттерінің әдіс-тәсілдерін және оған керекті құрал-жабдықтарды мұғалім анықтап, тиісті формаларда ұйымдастырып, басқарады. Д.Дьюи мен И.Гербарттың ілімдерін зерттей отырып, оқушы мен мұғалімнің рөлін тағайындап, «оқыту дегеніміз - тиісті білімді игеруге, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқушылардың іс-әрекеттерін таным үдерісінің сатыларына сай формаларда ұйымдастырып басқару (деп тұжырымдауға негіз бар. Бұл тұжырымдаманы прогрессивті деп бағалауға болады.
Бірақ оқу үдерісі жөніндегі осы прогрессивті ілім іс жүзіне асырылып, өз нәтижесін беру үшін барлық үдерістер (оның ішінде оқыту да) уақыт ішінде, уақытқа байланысты өтетінін әркім білсе де, оны, яғни «уақыт факторын» ескермейді.
Л.Зориха оқу үдерісін іске асырудың қажетті негізгі 3 шартын көрсетеді:
1. Оқытудың қажетті құралдарының болуы.
2. Оқу-таным мәселелерін толық игеруге жеткілікті уақытының болуы.
3. Оқушы және оқытушы жұмыс істеуіне қажетті моральдік-психологиялық жағдайдың болуы.
Уақыт факторын жаңа материалды оқып үйрену кезінде бекіту, сұрау кезінде ескермесе болмайды. Өз бетінше жұмыс, оқытудың түрлі формаларын, әсіресе ұжымдық формасын қолдану мүмкіндігі ойлануды қажет етеді. Уақыт ішінде өтілетін оқу материалының көлемі мен оны осы уақыт арасында игеруге қойылатын талаптар арасындағы сәйкессіздік уақыт жетіспеуінен туады.
Мұғалімдер мен оқушы арасында, оқушылардың өзлерінің арасында оқу материалымен жұмыс істеу кезінде туындайтын қарым-қатынастың берер пайдасы мен зиянын кім ойлап жатыр?
Егер де барлық оқушының ең болмаса 50%-ы «4»-ке оқуы үшін олар бастауыш сыныпты бітірген кезде минутына 120 сөз оқуы қажет екен, ал бұған олардың мүмкіндігі қандай? Шынында оқушы темпераменті әртүрлі екені белгілі жай, олай болса холериктер минутына 150 сөз оқи алады, айта алады, ал олардың кейбіреулері 180 сөзге дейін айта алады. Сангвиниктер - 120-150 сөзді минутына еркін оқи алады екен.
Психологтардың дәлелдеуі бойынша, бұл екі категорияда барлық балалардың 80-90%-ы екен. Флегматиктер мен меланхоликтерге жататын барлық баланың 10-15%-ы екен, бұған дислетиктер жатады, яғни оқи алмайтындар, жаза алмайтындар, орфографиялық ережелерді білмейтіндер. Оларда есту, көру және қозғалыс функциялары өте нашар дамыған. Ал бұл функцияларға жазу, оқу қабілеті өте тәуелді.
Қазіргі сыныптарда бірдей жастағы оқушылардың қабілеттері әртүрлі. Зерттеулер көрсеткендей, бір сыныпта жаңа материалды меңгеру жаттығуларын орындау кезінде бірінен бірі екі есе, үш есе, он есе ұшқырлық көрсеткендер болады екен. Бұған қарамастан барлығы бір материалды меңгеруі керек, оны бір мерзімде оқып үйренуі керек, шеңберден шықпауы керек.
Сөйтіп, оқушылардың басым көпшілігі күнде жаңа материалды меңгере алмастан үйге қайтады, бұдан оқудың сапасы төмендейді, оқуға қызығу кемиді. Нәтижесінде «3» деген бағаға оқитындар саны көбейеді, екінші жылға қалатындар да аз емес.
Қазіргі жүйені оқушының психологиялық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ескере отырып оқытатын жүйемен алмастыру керек. Ол әртүрлі жастағылардың ұжымдық жұмыс түріне негізделген жүйе болуы керек. Ұжымдық өмірдің заңы бойынша еңбекті бөлісу, әркімнің өзінің міндеті, әркімнің сараланған білім деңгейіне сай тапсырмалары болуы, ортақ бір мәселені бірге шешетін мақсаты ортақ болуы тиіс, яғни белгілі бір бағытпен оқу жұмысын іске асыру керек. Бұл жүйеде педагогикалық үдерістерді ұйымдастыру үшін күнтізбелік тақырыптық жоспардың және сабақ жоспарының орнына әрбір мұғалім тақырыптың байланысын үзбей дәйекті оқытудың бағыттамасын жасауы қажет.
Мұндай қыруар міндеттерді мұғалім мен оқушының бірге атқаруы үшін 45 минуттық сабақ жеткіліксіз, өйткені ұзақтығы осындай сабақтармен 5-6 пәнді оқыту кезінде оқушылардың бір пәнді түбегейлі беріле шолып оқуына, оқушының мұғалімдік қызмет атқаруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан бізге Ресейдің көптеген мектептерінде қолданылып жүрген ұзақтығы 120минуттан тұратын бір пәндік блок-сабақтар қажет. 120минут 30 минуттан 4 блокқа бөлінуі керек, әр блокта атқарылатын жұмыстар айқындалған. Мысалы, бірінші блок - сілтеме блок деп аталғаны дұрыс, егер дәріс-блок десек, мұғалім оқылатын жаңа материалды тәптіштеп түсіндіріп әлек болады да оқушының өзінің зерттеп оқуына кері әсер етеді. Сілтеме блокта ортақ тақырыпты меңгерудің жоспарлары белгіленуі керек, сілтеме, түсіндірме - бағыттау жасалуы керек. Үлгі жұмыстар көрсетілуі керек. Жаңа материалды тауып, зерттеп, оқу жолы, тапсырмалар айқындалып белгіленеді. Оқушы тексеріс сұрақтарына нақты жауаптар береді.
Екінші блок - шолу блогы деген атпен іске асырылуы керек. Шолу блогында, негізінен, оқулықпен, анықтамалармен, қосымша оқу құралдарымен жұмыс атқарылады. Оқушы сілтеме - жоспарды басшылыққа ала отырып, мәтіннен тексеріс сұрақтарына жауап іздейді. Бұл жұмыс толық атқарылған соң өз білгенін басқаларға үйретуге, жеткізуге көшеді, олардың жаңа материалдың теориялық жағын қалай меңгергенін тексереді, яғни мұғалімдік қызмет атқарады, қажет болса баға қояды.
Үшінші блогты - тәжірибе блогы деп атау дұрыс. Шынында шолу блогінде меңгерген теорияны іс жүзінде қолдана білу және оны бекіту қызметі атқарылады, тәжірибелік тапсырмалар орындалады. Онымен қатар әр оқушы қалғандарының тәжірибелік тапсырмаларды қаншалықты орындағандарын және орындалу сапасын тексереді, жәрдемдеседі, үйретеді, бағалайды.
Төртінші блок - сынақ (зачеттік) блок деп аталады. Онда жаңа материалды игеру дәрежесі және үйге берілген тапсырмаларды орындау сапасы тексеріледі (бұрынғы материалдың есте сақталуын байқау және жаңа материалмен байланысты қамтамасыз ету мақсатымен сынақ алынады), бағаланады. Үйге тапсырма беріледі, қорытынды шығарылады. Жалпы үй тапсырмасы берілуі керек пе? Берілсе қандай мақсатпен? Үй тапсырмасы берілуі керек, бірақ бұрынғыдай оқулық шеңберінде өткен материалды қайталап келуі үшін берілетін тапсырманы басқаша құру керек. 10-15 сағаттық үлкен тақырып біту кезеңіне арналған байқау, турнир, олимпиада, конференция, семинар кештерде шешілетін қызықты есептер, софизмдер, эксперимент есептер, зертханалық-практикалық жұмыстар болуы керек. Бұл тапсырмаларды әртүрлі энциклопедиядан, қосымша әдебиеттерден, журналдардан, газеттерден және т.б. көмекші оқу құралдардан, ғаламтордан іздеп тауып, оқып, зерттеп білетін болуы керек. Ол тапсырмалар ретіне қарай кезекті сабақтарда немесе сабақтан тыс уақыттарда тексеріліп, қорытынды шығарылып, бағалануы керек, ол бағалар тақырыптық бағалар немесе жарты жылдық және жылдық бағалар шығарғанда ескерілуі керек. Үй тапсырмасы тек осылай болса ғана оқушыға беретіні көп және ол тар шеңберде қалып қоймайды. Бұл әдіс тақырып бойынша алған білімнің артуына, есте қалуына, ізденімпаздыққа, білімді үнемі толықтырып отыру дағдысының қалыптасуына, не нәрсеге тереңірек қарап үйренуге жетелейді.
Тағы бір маңызды мәселе - әрбір оқушы білімін үнемі және толық бағалау. Көптеген өркениетті елдерде қолданатын ұпай арқылы бағалауды өз жағдайымызға лайықтап, іс жүзінде пайдалануға көшуіміз керек.
Төрт блоктан тұратын 120 минуттық сабақтың блогында оқушының белсене қатысқаны үшін - 1 ұпай, шолу блогында тексеріс сұрақтарының орындалу және өзара жәрдем беру дәрежесіне - 3 ұпай, тәжірибелік блогында - алған білімін іс жүзінде қолдана білу үшін атқарылатын жаттығулардың орындалу және мұғалімдік қызметінің дәрежесіне - 3 ұпай, сынақ блогында - бақылау және тексеріс сұрақтарының орындалу (жауап) дәрежесіне - 3 ұпай белгілеген жөн, сонда барлығы 10 ұпай белгіленеді. Оқушының оқу еңбегі төмендегідей бағаланады:
- 9-10 ұпай жинаса - «5» бағасы;
- 7-8 ұпай жинаса - «4» бағасы;
- 5-6 ұпай жинаса - «3» бағасы.
Бұдан төмен жинағанда сынақты қайта тапсырады.
Бір сыныпта жас мөлшері және білім деңгейі жөнінен әртүрлі балалар тірге отырады, бірін-бірі оқыту мүмкіндігі, материалды бір тақырыппен оқыту (тапсырмалар әртүрлі) немесе ортақ мәселе туғызатын әртүрлі тақырыптарды блогтарға біріктіріп оқыту мүмкіндігі туады. Ол үшін маршрут-бағдарлама жасалынады. Осы бағдарлама негізінде маршрут-сабақ жүргізіледі. Әр сыныптың өзінің оқулығы бойынша оқушы үшін жеке карточкалар арқылы тапсырмалар беріледі.
Бір пәннен әртүрлі тақырыпта өткізілетін сабақ сабақ-маршрут түрінде ұйымдастырылуы үшін олардың «ортақ нүктесі» - ортақ мәселесі болып, оқу таным үдерісінің біртұтас түріне айналуы керек. Ондай сабақтар: есептер шешу (есеп-қисап, эксперимент, мәселе есептер), зертханалық зерттеу сабақтары, конференция-сабақ, экскурсия сабағы, қызықты пән сабақтары, қорытынды сабақтар, бақылау жұмыстарын алу, сынақ сабақтар.
Д.Дьюи тұжырымдамасын жетілдіру қажеттігі айқын еді. Қ.Әбдіғалиев «білім беру» сөз тіркесін (терминін) «білім алу» деген сөз тіркесімен алмастырады, сөйтіп «Білім алу тұжырымдамасы» деген атпен оны төмендегіше қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет