Оқытудың өзіндік талдау принциптері
Оқушы өз іс- әрекетін талдауды үйренбейді, оқушының барлық іс- әрекетін мұғалім бағалайды. – Оқушының әрбір әрекетіне мұғалімдер мен ата-аналар баға береді. – Оқушылар ұжымына басшылық авторитарлық жүйеде жүргізіледі.
|
Оқушы өз іс-әрекетін өзі талдауды үйренеді, оқушы өзін- өзі және ұжымдық іс-әрекеттерді талдай алады. - Оқушының әрбіріс- әрекеті ең алдымен оқушылардың өздерінің тарапынан бағаланады. - Оқушылар ұжымында өзін- өзі басқару ынтымақтастық педагогика тұрғысынан жүргізіледі
|
Ш.А.Амонашвили бойынша, бала өзінің айнала қоршаған ортасын сезіну, көру және қабылдау арқылы осы дүниеге, өзін қоршаңан адамдар ортасына енеді. Оның қабылдауынан тыс болып жатқан оқмғалар сыртқы ортасы ретінде танылады. Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болады. Бұл- қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті үдеріс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқытуға деген ұмтылыстары мен біліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болады да, ал оқушы соған жету құралы болып саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға деген оң көзқарас қалыптаспайтын. Бүгінгі күні бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет, олар алдарына зор мақсаттар қойып,соған жетуге тырысады. Беретін пәніне қарамастан, мұғалім осындай тұлғаларда тәрбиелеуі тиіс, балаларды жастайынан нағыз адам болуға, алдарына керекті мақсат қойып, оған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білетін тұлға ретінде бағытталған оқыту түрін пайдалану керек. Жеке тұлғаға бағытталған оқыту – оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажнтті жағдайлар жасау деген сөз. Біліктіліктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс- әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі оқушылардың әрекеттері мен өз орнын анықтау, өзін- өзі жетілдіру, адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып осылардың нәтижесінде өмірлегі өз орнын табуға көмектеседі. 15- кестеде көрсетілген дәстүрлі оқыту мен тұлғаға бағдарланған оқытудың салыстырмалы талдауына сүйене отырып, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда басты рөл атқаратын оқытудың тұлғаға бағдарланған технологиясының төменлһдегідей жаңа ерекшеліктерін атап өтеміз. - Тұлға ерте балалық шақта қалыптасады, ал мектептегі оқушы – толыққанды тұлға. - Тұлға- тұтас педагогикалық үдерістің объектісі емес, субъектісі. - Тұлға- қандай да бір сыртқы мақсатқа жетудің құралы емес, білім беру жүйесінің мақсаты. -Әрбір баланың өзіне тән қабілеттері бар, балалардың көбі талантты болады. Тұлғаның басым сапалық белгілері, ерекшеліктері жоғары этикалық құндылықтары болады: мейірбандық, махаббат, еңбексүйгіштік, ар- ождан, азаматтылық және т.б.
48- суретте Ш.А.Амонашвилидің тұлғаға бағдарланған ізгілікті технологиясы ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: |