Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте-2 Сабақта оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеруін бағалау



бет151/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Кесте-2 Сабақта оқушылардың білім, білік, дағдыны меңгеруін бағалау



Рет саны



Оқушылар іс-әрекеті

Баға



1

2

3

4

5

1

Оқушылардың цикл соңында меңгеретін іс-әрекеті




1.1

Меңгерілген білім, біліктің негізгі элементтерін рет-ретімен айта алады




1.2

Әрбір элементке жеке анықтама бере алады




1.3

Олардың негізгі ерекшелігін атап бере алады




ІІ

Оқушылар жасай алады:




2.1

Сабақта меңгерілген ұғымдар мен фактілердің бір-бірімен байланысын көрсете алады




2.2

Оқылып жатқан құбылыстардың бір-бірінен айырмашылығын және ұқсастығын ажырата алады.




2.3

Құбылыстың, оқиғаның шығу себептерін аша алады




2.4

Қорытынды жасайды, резюме шығарады




ІІІ

Оқушылар орындайды:




3.1

Алынған білім бойынша тапсырмалар орындайды




3.2

Меңгерілген білімді өмірде, табиғи құбылыстарда пайдалана алады




ІV

Оқушылардың үй тапсырмасы мен сабақтан тыс жұмыстарды орындауға кететін уақытты бағалау




4.1

Оқушылар үй тапсырмасын түгел орындайды




4.2

Оқушылар сабақтан тыс уақытта шығармашылық жұмыстар жасаумен айналысады




Оқушылардың алған білімдерін жаңа жағдайда қолдануда ұжымдық танымдық іс-әрекеті ұйымдастыру технологиясының үш нұсқасы қолданылады.


Бірінші нұсқа бойынша барлық оқушыларға топта ұжымдық орындауды қажет ететін бірдей тапсырмалар беріледі. Бұл жұмысты ұйымдастырушылық қабілеті басым, достарының арасында беделі бар топ басшысы жүргізеді. Бұл жерде мұғалім топ басшысы жұмысын нәтижеге қарап бағыттап, тек жол сілтейді.
Екінші нұсқа топ басшыларынан үлкен қарқынды жұмысты талап ететін ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруды көздейді. Бұл жерде оқушыларға қиын есептерді шығару тапсырылады. Сынып бірнеше топтарға бөлінеді, алғашқы кезекте берілген есепті барлығы жеке шығарады. Есепті бірінші шығарып болған оқушы, жұмысын мұғалімге көрсетеді. Егер есептің шешімі дұрыс болса, онда оқушы мұғалім тарапынан тиісті бағасын алады және мұғалім оға қосымша тапсырма береді. Осы кезде есепті екінші шығарған оқушы, есептің шешімін бірінші оқушыға көрсетеді, бірінші оқушы екінші оқушының есебін бағалайды. Үшінші есепті шығарған оқушы жұмысын екінші оқушыға көрсетіп, сәйкесінше бағасын алады және солай кете береді.
Үшінші нұсқада жаңа меңгерілген білімді жаңа жағдайда қолдануды қажет ететін бірнеше сапалық есептерді шешуді ұсынады. (Есептің саны 5-тен артық емес). Мұғалім 5 есептің тапсырмасын береді, оқушылар өздері қалаған ретпен 5 есепті шығаруға кіріседі. Берілген есептер топта үлкен пікірталасты қажет ететіндей алынған, сондықтан әрбір топ өзінің ұжымдық жауаптарын ұсынып, сабақ соңында толық әрі нақты жауап берген топ марапатталады.
Өзіміз көріп отырғандай, осы ашылған ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жұмысы басқа жұмыстардан едәуір айырмашылығы бар:
1) Сабақта әрбір оқушының жеке орны, жеке рөлі бар;
2) Оқушы жаңа білімді мұғалімнің аузынан емес, өзінің іс-әрекеті нәтижесінің арқасында алады;
3) Әрбір оқушы ізденеді, оқушы өз іс-әрекетін өзі бағалайды.
Білімді пысықтауға және бақылауға арналған сұрақтар
1. Ұжымдық оқыту технологиясының мәні неде?
2. Ұжымдық оқыту технологиясының құрылымын көрсетіңіз.
3. Ұжымдық оқыту технологиясындағы мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетін ажыратып көрсетіңіз.
4. Ұжымдық оқыту технологиясындағы ұжымдық жұмысты ұйымдастыру кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
5. Ұжымдық оқыту технологиясындағы кіріспе-мотивациялық кезеңін ашып көрсетіңіз.
6. Ұжымдық оқыту технологиясындағы танымдық-операциялық кезеңін ашып көрсетіңіз.
7. Ұжымдық оқыту технологиясындағы бақылау-бағалау кезеңін ашып көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында /Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2006.
2. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-воспитательного процесса. -Усть-Каменогорск, 1999.
3. Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. –М., 1984. -123 с.
4. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. –М.: Педагогика. -1990. С. 46-49.
5. Кан-Калик В.А. Педагогическая деятельность как творческий процесс. –Л., 1981. –С. 5-15.
6. Конаржевский Ю.А. Проблемы внутришкольного управления. - Челябинск. -1989. -151 с.
7. Конаржевский Ю.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управления школой. –М.: Педагогика. 1980.
8. Конаржевский Ю.А. Менеджмент и внутришкольное управление. -М., 2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет