Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Қарым-қатынас тренингісінің құрылысы



бет144/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Қарым-қатынас тренингісінің құрылысы

Қарым-қатынас тренингі







Өзара қабылдаушылық технологиясы




Өзара түсінушілік технологиясы




Ө зара іс-әрекеттік технологиясы




Ғылыми жобаның тұсаукесерін жасау


Серіктестігін білу әдістері






Қарым-қатынас тілдік құралы

Қарым-қатынас тілдік емес құралы



Бірлескен -жекеленген

Бірлескен - жүйеленген

Бірлескен – өзара іс әрекеттілік

Қарым-қатынас тренингінің толық бағдарламасы төмендегілерді қамтиды:


1. Ұжым мүшелері өздерінің дербес қабілеттерін арнаулы тестілеуден өткізіп, біле алады. (Мысалы, арнаулы «өрмекші–МИБ» әдістемесімен, 2-сурет).
2. Серіктестігін білу мақсатында өз жобасының тұсаукесерін жасау арқылы өзара қабылдай алуы;
3. Қарым-қатынастың тілдік және тілдік емес құралдары арқылы өзара түсінушілік;
4. Бірлескен-жекеленген, бірлескен - жүйеленген, бірлескен- өзара іс-әрекеттілік жұмыстарды қамтитын өзара іс-әрекеттілік;
Іс-тәжірибе көрсеткендей -ақ, тренингке қатысушылардың саны 8-ден 12-ге дейін болғаны дұрыс.
Педагоикалық тренинг құрылысы төмендегідей болады:
- тренингке дейінгі сыныптың көңіл-күйін анықтау;
- әр ойыншының білім, білігін тексеру;
- үйренетін негізгі білімді жеке, ұжымдық оқыту формасын ойын элементтерін қоса пайдалану барысында меңгеру;
- тренингтің ортасында сергіту не демалыс сәті, психологиялық бәсеңсу болуы шарт;
- ауызша не жазбаша кері байланыс болуы керек.
Егер тренингті дұрыс ұйымдастыра білмесек, тренинг оқыту-білімділік функциясын жоғалтып, көңіл көтеретін іс-шараларға айналып кетуі мүмкін.
Оқушының жеке дербес қабілеттерін анықтауға арналған «Өрмекші - МИБ» дөңгелек диаграммасын пайдалануға болады (2-сурет).
«Өрмекші - МИБ» дөңгелек диаграммасының ерекшелігі - жүргізілген тест нәтижесін сәйкестендіру; бірі - сандық көрсеткіш ұпаймен, екіншісі - сапалық көрсеткіші - төмен, орта, жоғары деңгейлерімен беріледі.

Сурет 2 Жеке тұлғалық қасиеттердің дөңгелектік диаграммасы


М






С-өҰ Б-шҚ






Ш-И Т-Б



Егер Л.С.Выготскийдің терминологиясын қолданатын болсақ, алынған нәтижелердің құндылығы арта түседі. Осы диаграммаға алынған әрбір тестің нәтижесін әр оқушы үшін көрсететін болсақ, кәдімгі өрмекші шығады. Сонда шеңбердегі әрбір нүктелер «өрмекші» арасындағы зерттелетін зонаның «жақын даму зонасы» көрсетеді.
Қарым-қатынас тренингін өткізу үшін арнаулы құрал- жабдықтар қажет:
- қарым-қатынас барысында әрбір оқушының жеке басының мүмкіндіктерін анықтауға көмектесетін әртүрлі тестілер болуы керек;
- әр топқа немесе әр оқушыға берілетін үлестірмелі тапсырмалар;
- психологиялық жаттығулар;
- рөлдік және іскерлік ойындар;
- бейнеаппаратуралар, техникалық құралдар, әртүрлі көрнекіліктер;
- тренингке қатысқан әр топтың, әр оқушының жауабын бағалауға арналған арнайы бланк-қағаздар және т.б.
Мұндағы:
М -мақсаткерлік;
Б-шҚ- батылдық және шешім қабылдаушылық;
Т-Б -табандылық пен бір беткейлік;
Ш-И -Өз бетінше шешім қабылдауы және инициатива танытуы;
С-өҰ - өзіне деген сезімділік және өзін-өзі ұстай алуы;
_ _ _ 1-ші зерттеушінің нәтижесі;
____2-ші зерттеушінің нәтижесі;
Қарым-қатынас тренингін өткізердің алдында ойыншыларды тренингтің өткізу ережесімен таныстырып алған жөн.
Қарым-қатынас тренингісінің ережесі:

Қауіпсіздік



Әрбір топ, әрбір ойыншы тренинг кезінде қарым-қатынас қашықтығын сақтауға міндетті: яғни қарсылас топтың не жекелеген ойыншының кейбір осал жақтарын тіке де, жанама да ашуға рұқсат етілмейді. Сырт көзге тренинг барысында кімнің, өзін қалай ұстағанын аңғармауы керек.

Тренингтің басынан соңына дейін іс-әрекетке қатыспай отыруына құқы бас.



Таңдау құқы




Көмек

Топтың әрбір мүшесі тренинг басында топтың басқа мүшелерінен, кей жағдайда қарсылас топтан, тіпті тренингті жүргізушіден көмек сұрай алады.



Кері байланыс

Тренинг жүргізуші мен тренингке қатысушы топтар арасындағы ең жағымды (жақсы) және жағымсыз (нашар) кезеңдеріне тоқталып, баға беруі қажет.



Шынайлық

Әрбір тренингке қатысушы (ойыншы) мәселені шешуде ашықтықтың (шынайы ақиқаттылық) өзіне тән дәрежесін таңдайды.



Осы және қазір

Тренингтің барысында көрсетілетін мәселені кешегі күнмен де, болашақта да қарамай, дәл қазір, осы жағдайда, осы уақытқа қатысты шешеді.



Тренингтің белсенді ойыншылары өздеріне қажетті, өмірлерінде қолданыс табатын қасиеттер мен қабілеттерді жақсы меңгереді. Сондықтан тренингте әр оқушы белсенділік танытқаны жөн.

Белсенділік



Тренингке қатысушы әрбір ойыншыдан өз іс-әрекетіне (рөліне) үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Тренинг барысында әрбір ойыншы өзінің мәселесін шынайы шешуге тырысуы керек, егер трениг соңында ойыншы өзіне қанағаттанушылық сезімін оята алмаса, онда тренинг жүргізушіден үйге қосымша тапсырмалар алып, шынығуы қажет. Келесі болатын тренингке алдын-ала дайындалғаны жөн.



Жеке жауапкершілік



Өз атынан сөйлеу

Тренингке қатысушы әрбір топ арасында өзара келісушілік болуы шарт: егер бір нәрсе туралы айтсақ, сол айтқан мәселе туралы толық жауапкершілік аламыз, ал басқа ойыншылардың жеке ой-пікіріне түбегейлі әсер етуді көздейміз



Барлық тренингке қатысу шарт, өйткені тренингтегі көтерілетін мәселелер бір-бірімен байланысты.

Әрбір тренингке қатысу



Тренингте берілген әрбір минутты ұтымды пайдалану қажет. Көп білген емес, уақытты ұтымды пайдаланған, лезде шешім қабылдаған ұтымды.

Кешігуге жол жоқ



Тренингке қатысушылардың білік, дағдыларын одан әрі шыңдау үшін үйге тапсырма беріледі.

Үй тапсырмасы

Тренинг басталарда мұғалім оқушыларды тренингті өткізу ережесімен толық таныстырып өтеді. Тренингке қатысушылар ережемен мұқият танысып шығып, қажетті ережелерді қолданып, тақырыпқа байланысты қосымша ережелерді қосуы мүмкін. Тренинг ойыншылар ұсынған өзгертілген ереже бойынша өткізіледі.


Тренингтік сабақ ұйымдастыру кезеңінен (сатысынан) басталады. Тренингтің ұйымдастыру сатысының басты міндеттері төмендегідей:
- тренингке қатысушылардың және жүргізушінің мақсаттарын анықтап, бір-бірімен сәйкестендіру;
- қарым-қатынас жасауға қолайлы психологиялық ахуалдың болуын қамтамасыз ету;
- топта белсенді жұмыс жасауға түрткі болатын мотивті (ниетті) қалыптастыру;
- топтық жұмыстың барысы мен нәтижесінде жауапкершілікпен қарауға бағыт-бағдар беру.
Осы сатыда тренингтің принциптері мен топта жұмыс жасау ережелерін таныстыру жүзеге асырылады. Тренинг мақсаты, міндеттері, принциптері, топтық жұмыс ережелері тек мәлімет ретінде баяндалып қана қоймай, тренингке қатысушылар мен оларды бірлесе талдау қажет. Соның нәтижесінде тренингке қатысушы оқушылардың әрқайсысының өзіндік мақсаты айқындалады. Одан кейін ғана тренингтің әсері тиімді болатындай топтық жұмыс мақсаттары мен ережелері қорытылады.
Ұйымдастыру сатысының келесі кезеңі - топ жұмысына қатысушылардың әрқайсысы өздерін атайды, өздері жайлы қысқаша баяндаудан тұрады.
Тренингтің келесі сатысы- диагностикалық сатысында оқушының оқу әрекетіндегі және қарым-қатынас саласындағы қиыншылықтардың себептері айқындалады.
Тренингтің диагностикалық сатысында көбіне сауалнама, сұхбат, тест сияқты әдістер қолданылады. Бұның мақсаты:
1) тренингке қатысатын оқушының тұлғалық, кәсіби мәнді қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтау арқылы топтық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын нақтылау;
2) тренинг әсерлі өтуі үшін оған қатысатын оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сәйкес әдіс- тәсілдерді үйлестіріп таңдау.
Тренинг барысында әрбір оқушы өзінің жеке тұлға - субъекті екендігін сезінуі керек.
Тренингтің келесі сатысы оқушының өзін- өзі тануына бағытталады. Мұнда 2 бағыттағы топтық жұмыс жүзеге асырылады. Бірінші - жеке тұлға мәселелерінің субъективті сипатын анықтау. Екіншіден, субъективті қиыншылықтарды топтық жұмыста ашу қажет. Осы мақсатта әртүрлі жұптық, топтық негізде тапсырмалар орындалып, топтық формадағы жұмыстар ұйымдастырылады. Ол топтық талдаумен қатар жүреді.
Тренингке қатысушы әрбір оқушы өзіне төмендегідей сұрақтар қойып, өзін-өзі тануы қажет:
- Тренинг барысында тұжырымның пайда болуы неге байланысты болды?
- Тренинг барысында не нәрсе көпшілік назарына ерекше көзге түсті? Нені аңғардың?
- Тренинг барысындағы өзара қарым-қатынас, өзара іс-әрекеттілікті қалай түсіндің? Қалай қабылдадың?
- Тренинг барысында сенің айтқан пікіріңе қалған оқушылар тарапынан қандай жауап, реакция, сезім, көңіл-күй аңғардың?
- Тренинг барысында өзің тыңдаушы рөлінде болғанда, қалған ойыншылардың ой-пікірі саған қалай әсер етті? Көңіл-күйің қалай өзгерді?
- Тренинг туралы қандай ой-пікірде қалдың?
Тренингтің келесі сатысы оқушының өзін-өзі адекватты бағалаудың, өзін-өзі белсендірудің (актуализациялаудың), өзін-өзі реттеудің және субьект-субьект негізінде қарым-қатынас жасаудың әртүрлі бағытын реттеуге арналады. Көп жағдайда тақырыпқа байланысты жаттығулар мен рөлдік сюжеттер, ойындардың психологиялық әсері тиімді болатындығы айқындалады.
Бұл сатыда топтық талдаудың төмендегідей үлгісін пайдалануға болады:
- Тренинг барысында өзіңнің іс-әрекетіңе, қарым-қатынысыңа көңілің толды ма?
- Қандай іс-әрекеттерің өзің үшін тиімді болды ?
- Өзіңе жағымды әсер еткен тұстарды есіңе түсір, сенің көңіл-күйің, дәл осы мезетте топ мүшелерінің саған деген эмоциялық сезімі, кейіпі қандай болады?
- Сенің әрекетің топ мүшелеріне жағымсыз әсер еткен тұстарын қалай түсіндіруге болады?
- Кері байланыстың әсерін қалай бағалайсың?
- Тренингтің қай сатысында сенің өзіңе, топ мүшелеріне ризашылық сезімің аса жоғары болады?
- Осы тренинг барысында өзің байқаған, өзіне анық белгілі болған, өзіңнің осал тұстарыңды, кемшіліктерінді жоюға көмектесетіндей іс-әрекет жасауға болатындығына көзің жетті ме?
- Өзіңнің жағымсыз (теріс) қылықтарыңды, әрекеттеріңді қалай нәтижелі етуге болады?
- Тренингтен кейін саған қандай ой келді? Алдағы жоспарың қандай?
Топтық тренингтік сабақтың келесі сатысы-жетілдіру. Мұнда жеке тұлға, оқу және қарым-қатынас қиыншылықтарын шешу мәселесі басты назарда болады. Ол үшін арнайы жаттығу түрлері таңдалып алынады да оқушыларды жаттықтыру көзделеді. Бұл сатыға талдау ауызша емес есеп беру формасында ұйымдастырылады. Талдау барысында жаттығудағы қиындықтар мен сәттіліктер, оңды нәтижелер басты тақырып болады.
Тренингтік сабақтың соңғы сатысы топтық релаксацияға арналады. Мұнда топтық жұмыс қорытындыланады. Ол әрбір тренингке қатысушының өзінің топтағы іс-әрекеті мен қарым-қатынасын сипаттауы мен алған әсері, нәтижесі бойынша қорытынды жасауы болып табылады.
Ғалым К.Ж.Бұзаубақованың зерттеуіне сүйенсек, оқу-педагогикалық тренингі 5 бөлімнен тұрады:
1-бөлім: Өзіндік қабылдау.
1-бөлімде оқушы жаңа білімді қабылдайды. «Ол не?», «Қашан пайда болды?», «Қайда қолданады?» деген сұрақтарға жауап алады.
2- бөлім: Мағынаны таны!
Бұл бөлімде оқушы жаңа білімді таныс емес жағдайда пайдалана білуді үйренеді, оқушының ізденісіне шығармашылық тапсырма беріледі.
3- бөлім: Ғылыми жоба ұсын!
Бұл бөлімде әрбір топқа шығармашылық тапсырма беріледі, әрбір оқушының (әрбір топтың) өз шығармашылығын көрсетуге жол ашылады. Оқушы рөлге еніп, әр маман атынан сөйлеп, өз ойын дұрыс жеткізе алуға үйренеді. Топ тақырыпқа сәйкес жаңа жобаның тұсаукесерін жасайды. Қарсылас топтың жобасын сынайды.
4- бөлім: Релаксациялық сәт.
Бұл бөлімде оқушылар шаршамас үшін ғалымдардың, ұлы адамдардың, даналардың өмірлерінен қызықты деректер келтіріп, өлең шумақтары, даналылық сөздер, қанатты сөздер оқылады, мағынасы ашылады.
5- бөлім: Өзінді сына! Біліміңді тексер!
Бұл бөлімде әрбір топ, әрбір оқушы берілген ашық тест арқылы өз білімін, көршісінің білімін, топтың білімін сынайды, нәтижесін шығарады, баға береді.
Педагогикалық тренинг технологиясы көбіне тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруда пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет