Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Кесте-2. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін



бет5/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Кесте-2. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін
реформалаудың басым бағыттары



Жыл

Заң, бағдарлама, тұжырымдама

Басым бағыттары

1

2

3

1992 ж.,
18 қаңтар

Қазақстан Республикасы- ның «Білім туралы» Заңы

- Білім алудың қолжетімділігі;
- Білім берудің этнопедагогикалық бағыты.

1999ж.,
7 маусым №389-1 ҚРЗ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

- Білім алудың қолжетімділігі;
- Білім алудың бірыңғайлығы мен үздіксіздігі;
- Білім беру ұйымдарының нысандары мен түрлерінің әртүрлілігі;
- Білім сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу;
- Білім берудің қызметін лицензиялау;
- Білім беру ұйымдарын аттестаттау.

2000ж.
30 қыркүйек №448

«Білім» мемлекеттік бағдарламасы

- Мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
- Сапалы білім беруге қол жеткізу;
- Кәсіптік білімнің қолжетімділігі;
- Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
- Білім беру жүйесін саралау, таңдау бойынша білім беру Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы үшін жағдай жасау;
- Оқытудың жаңа ақпараттық технологияла- рын енгізу, қашықтықтан білім беруді дамыту.

2001ж,
мамыр №404

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

- Мектептің әр саласындағы оқу-тәрбие үдерісінде оқушы меңгеруге тиіс білімнің ең төменгі міндетті (минимумын) белгілеу;
- Оқушыны қабілеті мен өзінің қызығуына қарай әртүрлі білім бағдарламаларын меңгерулеріне қажетті жағдай жасау;
- Оқушыға пәндерді таңдауға құқық беру.

2004 ж, ақпан

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы

- Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттілікте- рін қанағаттандыру;
- Көпдеңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру;
- Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру
- Білім беруде ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
- Кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
- «Ғұмыр бойғы білім» принципінен « ғұмыр бойғы баршаға арналған білім» принципіне көшу;
- Білім берудің барлық деңгейінің қол жетімділігі және сабақтастығы;
- Нәтижеге бағдарланған толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті білім беру;
- Құрылым 4+6+2 болатын 12 жылдық білім беруге көшу;
Құрылым бакалавриат-магистратура-доктарантура көпдеңгейлі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін көшу.

2004 ж, қазан

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

- Көпдеңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіру;
- Қоғам мен жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыру;
- Сапалы білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету;
- Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне интеграциялау;
- Білім беруді бағалаудың ұлттық жүйесіін құру;
- Білім берудің біртұтас ақпараттық аймағын құру;
- Білім беру саласы менеджерлерін даярлау;
- Білім беру, ғылым ен өндірісті интеграциялау;
- Экономиканың барлық саласында әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;
- Жалпы орта білім беру жүйесін 12 жылдық білім беру жүйесіне толықтай көшіру;
- Мамандарды даярлауды оқытудың кредиттік жүйесін негізделген тұтас көпдеңгейлі моделіне көшіру;
- Жалпы орта білім беретін мектеп түлектерін ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) өткізу;
ЖОО білімгерлерін мемлекеттік аралық жәнеқорытынды бақылаудан өткізу.

2007 ж, 27 шілде №319-ІІІ ҚРЗ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

- «Өмір бойына алған білімнен» қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойғы білім алуға» көшу;
- Оқыту технологиясын жетілдіру;
- Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту;
- Білім берудің барлық деңгейлерінде ықпалдастырылған білім беру бағдарламарын ендіру (пәнаралық, деңгейаралық; жоғарғы оқу орындар үшін; аралық, халықаралық);
- Білім беру құрылымының халықаралық білім сыныптамасы стандартына сәйкестендірілуі.

Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерін енгізуге бағытталған және білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, қашықтықтан оқытуды енгізу және т.б арқылы оқу үдерісіне заманауи технологиялар мен оқытудың мультимедиялық, компьютерлік-техникалық құралдарын толықтай енгізуді көздейді.


Білім беру саласындағы ақпараттық инфрақұрылым Қазақстандағы қазіргі бар телекоммуникациялық желілердің негізінде оларға білім беру ақпаратты банктерін қалыптастыру мен қосу жағдайында жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР-ның «Білім туралы» заңына сәйкес жасалынады, ол жалпы орта білім беретін мекемелер жүйесінде оқушылардың оқытудың мемлекеттік негізгі ұстанымдарын айқындайды.
Инновациялық экономикаға сәйкес білім беру саласында инновациялық реформа жүргізілуіне байланысты жаңа педагогикалық парадигманың өмірге келуі заңды құбылыс.
Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру технологияларын жетілдірудің негізгі тенденциялары төмендегідей белгілермен сипатталады:

  • есте сақтап оқудан меңгергенін өмірде қолдануға үйрететін ақыл-ойды дамыту үдерісіне көшу;

  • орта деңгейдегі оқудан жекелеген, сараланған оқытуға көшу;

  • оқытудың сыртқы мотивациясынан ішкі адамгершілік, күш-жігерлік ынтаға ауысу.

Педагогика адам іс-әрекетінің басты саласы ретінде өз құрылымына үдерістің объектісі мен субъектісін ендіреді. Дәстүрлі субъект-объектілік педагогикада оқушыны объект рөлінде қарастырады, ол алдыңғы аға ұрпақтың іс-тәжірибесін үйренеді. Бұл жүйенің түпкі мақсаты- баланы өмірге даярлау.
Ал қазіргі педагогика баланы оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде қарастырады. Тұлғаның қоршаған ортамен барлық іс-әрекеті айқын көрініс табады. Адам өзін қоршаған ортада өзінің «Мен» деген санасымен, көзқарасымен субъективті бағыт ұстанады. Талап ететін педагогикадан қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік-тұлғалық бағыт ұстануды көздейді. Ол мектепке, баланың тұлғасына, ішкі жан дүниесіне бағытталады, оны ұғынуға тырысады, баланың ашылмаған, құпия қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға тырысады. Мектептің мақсаты - жеке тұлғаның еркін дамуына толық мүмкіндіктер жасау, оның өмірге деген құлшынысын, ішкі сезімін ояту.
Тұлғаға деген осындай жаңа көзқарас мектепте бала өзін толық адами тұлға деп сезінуге жол ашады, ол педагогикалық үдерістің объектісі емес, субъектісіне айналады. Тұлға - білім беру жүйесінің мақсаты, басқа да сыртқы мақсаттарға жету құралы емес. Әрбір баланың әр нәрсеге қабілеті бар, балалардың көбісі талантты болады. Балаға деген жаңа көзқарастың пайда болуының себебі - баланы зорлап оқыту ізгіліктік бағыт еместігі және оның нәтижесінің мардымсыздығы. Ал тәрбиені талапсыз жүзеге асыруға болмайды, өйткені ол қоғамдық талаптар жүйесін меңгеру негізі болып табылады. Дегенмен де баланы жазалау, оның дамуын тежейді.
Зорлықсыз оқыту дегеніміз:

  • сенімге негізделген зорлықсыз талап қою;

  • қызықты әртүрлі тапсырмаларды орындау барысындағы баланың ынтасының, қызығушылығының артуы;

  • жетістікке жетелейтін белсенділіктің артуы;

  • балалардың өз бетінше әрекеттерін іскер ұйымдастыру.

Білім беру жүйесінің әртүрлі кезеңдерінде білім беруді ізгілендіру мәселелері шешіледі:
1) ізгілендіру қазіргі білім беруді дамытудың жалпы мазмұнын жетілдірудің басты негізі болып табылады;
2) ізгілендіру жалпы білім беретін мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің даму бағыттарын айқындайды;
3) ізгілендіру оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесі тәуелді болатын мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады.
Авторитарлы жүйеден ізгілендірудің өзгешелігі - тұлғаның қоғамдық өмірге еркін және өзгеге тәуелсіз өз бетінше ат салысуы. Бірақ тәуелсіздіктің негізінде еркін таңдау құқы мен қабылдаған шешімге жеке жауапкершілік жатады. Өркениетті азаматтық қоғамға тән шын мәніндегі еркіндік жеке тұлғаның адами құндылықтарға негізделген өзін-өзі тану, қоғамның басқа мүшелерінің құқын, еркіндігін, құндылықтарын құрметтеу, сыйлауға саяды. Сондай-ақ, тәуелсіздік адамгершіліктің жоғары сезімін тудырады: адам жариялық қоғам ұсынған құқықтарды тек қана пайдаланып ғана қоймай, сол қоғам қоятын міндеттерді орындау, үлкен жауапкершілікті сезіну.
Еліміздің және шетелдік білім беру жүйесін реформалаудың тұжырымдық және құқықтық-нормативтік негіздеріне сүйене отырып, оқушыға қатысты мектептік білім беруді ізгілендіру төмендегілерді білдіреді:

  • оқушының (немесе оның ата-анасының) мектеп түрін, білім беру мазмұнын, оның ұйымдастыру формаларын, кәсіби білім беру бағыттарын және т.б. таңдауға құқы бар;

  • оқушы педагогикалық үдерістің субъектісіне айналады, яғни оқу-тәрбие үдерісін жоспарлау және оның нәтижесін бағалау іс-әрекеттеріне белсене ат салысады;

  • оқушы өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай өз дамуының жеке, дара жолын таңдайды;

  • оқушының оқу үдерісінде барлық іс-әрекеті, белсенділігі ынталандырылып отырылады.

Қазіргі кезеңде білім беруді ізгілендіру бағыттары болып табылатындар:

  • білім беру мазмұнында әлемдік мәдениет тарихын ендіру арқылы оқушыларды ізгілендіру бағытын тереңдету;

  • адамтанудың негізін ашатын оқу пәндерінің арнайы комплекстік жүйесін даярлау (мысалы: валеология, экология, өзін-өзі тану және т.б. пәндер);

  • жаратылыстану ғылымдарын оқыту мазмұнын әлеуметтік-гуманитарлық және құндылық-бағдарлық біліммен толықтыру және т.б.

Сонымен, білім беруді ізгілендіру білім беру жүйесінің төмендегідей мәселелерін шешуді қарастырады:

  • гуманитарлық пәндердің рөлін көтеру;

  • оқу пәндерінің ізгіліктік әлеуетін анықтау;

  • оқыту үдерісінің мазмұнын жаңарту.

Мектептік білім беруді ізгілендіру идеясы білім беруді ізгілендірудің басты идеяларымен тығыз байланысты және кеңестік дәуір педагогикасындағы технократтық құндылықтарға негізделген жеке қоғамдық сананы жалпы адами құндылықтарға қарай бағыттайды.
Жоғарыда көрсетілген бағыт, бізге бұрыннан да таныс және ол оқытудың табиғи және мәдени бағыттылығымен сәйкес келеді. Классикалық педагогикада тәрбие мен оқытудың табиғилығы деп оқушыны тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің баланың табиғи даму жолымен бірлікте, сәйкестікте қарауды көздейді, ал мәдени бағыттылық адамның туған орны мен уақыт жағдайларын есепке алу: баланың отаны болып табылатын елдің мәдениетін, жалпы адамзаттық мәдениетті, әлемдік мәдениет ерекшеліктерін есепке алу. Рудольф Штайнердің еркін философиясына негізделген Вальдорф педагогикасының тұжырымдамалық идеялары оқытудың, білім берудің педагогикалық жүйесінің жаңа нобайының негізі бола алады.
Білім беруді ізгілендіру мен жарияландыру мектептік білім берудің мазмұнына нақты талаптар қояды. Білім беру құрылымындағы дәстүрлі принциптерге сүйене отырып (В.С.Леднев, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский) білім берудің жаңа құрылымында жоғарыда көрсетілген талаптар орын алуы тиіс. Дәстүрлі білім беру жүйесіндегі басты рөлді ғылымилық принципі алса, енді жаңартылған білім беру жүйесіндегі басты бағытты саналылық пен белсенділік принципі алады.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тану және өздігінен білім алуды тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік құндылықтың белсенділігін қалыптастыру. Сол себепті білім беруді жарияландыру мен ізгілендіру өзін-өзі дамытатын, өзін-өзі жетілдіретін, дұрыс шешімді өздігінен қабылдай алатын, өз іс-әрекетін өзі жүргізе алатын, яғни педагогикалық үдерістің субъектісі бола алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Мектептің жаңа құрылымы бойынша барлық пәндерден жүйелі білім беру негізгі мектепте аяқталып, жоғарғы сатыда саралап оқытуды ұйымдастыруға мән беріледі, яғни мектеп бұрынғыша 3 сатылы болғанымен, оның әр сатысының міндеттері жаңартылады және олардың құрылымдық дербестігі, түрлері нақтыланады.
Мектептің жаңа құрылымына сай берілетін білім мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туды. Сондықтан, жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнын анықтауға негіз боларлық тұжырымдама дайындалып, 1996 жылы «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы» бекітілді. Елімізде алғаш рет дайындалған бұл құжатта білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері, принциптері нақтыланып, соларға сай айқындалған білім мазмұнының құрамы мен құрылымы, оның оқу жоспарларында жарық көру жолдары көрсетіледі.
Қазақ мектебінде басқа да жалпы білім беретін мектептер сияқты оқу үдерісін жаңа талаптарға сай ұйымдастырудың нормативтік негізін анықтайтын құжат 1994 ұсынылды. Бұл базистік оқу жоспары мектептің ескі, үздіксіз білім беруге бағытталған құрылымына саралап оқытудың жаңа идеяларын бейімдеуге арналған алғашқы нормативтік құжат.
Оқу үдерісін ұйымдастыруға нормативтік негіз боларлық жаңа формалардың бірі - стандарттар. «Стандарт» деген ұғымның өзі білім саласына алғаш рет 80-ші жылдардың соңында енді. Американың математика мұғалімдерінің ұлттық кеңесінің ұсынысымен алғаш рет мектепте берілетін математикалық білімнің стандарты дайындалған.
Содан бастап білім стандарттары көптеген елдердің білім беру жүйесіндегі негізгі құжатқа айналды. Айталық, 80-ші жылдардың соңында АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Шотландия, Швеция, т.б. елдер білім стандарттарын дайындады.
ТМД елдерінде бұл 90-шы жылдардың басында педагогика ғылымында жаңа мәселе ретінде қарастырыла бастады. Әрине, алғашқы кезде «стандарт» ұғымын түсіну, оның білім саласында қолдануының мәні, оның басты идеялары қызу талқыланды. Бұл мәселе 1995 ж. Мәскеуде өткен халықаралық конференцияның негізгі тақырыбына айналды. Онда тек ТМД елдеріндегі білім стандартының мәселелерін қарап қоймай, алыс шет елдердің стандарттарын салыстыру арқылы олардың ерекшеліктері мен ортақ мәселелерін анықтауға бағытталған ұмтылыстар болды.
Ғылыми тұрғыдан талқыланған басты мәселе- білім саласындағы стандартталатын обьектілер. Айталық, Ресей ғалымы С.Г.Молчанов білім стандарттарының негізгі обьектілері ретінде білім мазмұнына, оқу үдерісінің мазмұнына білімдарлық мән берсе, В.С.Леднев бастаған бір топ ғалымдар білім мазмұнына, дайындық деңгейіне, оқу жүктеменің көлеміне назар аударады.
Көптеген ТМД елдерінде Білім стандарттарының негізгі обьектілері бүгінгі таңда нақтыланып тиісті құжаттар мектеп практикасына енгізілді. Айталық, Өзбекстанда 1993 қабылданған мемлекеттік білім стандартында берілетін білім мазмұны, оқушының дайындығына қойылатын минималдық талаптар және оқу жүктеменің шектеулі көлемі нақтыланған.
Кейбір ТМД елдерінің (Ресей, Өзбекстан, Қазақстан) Білім стандарттарының негізгі обьектісін нақтылаудағы ұстанымдары бірдей болып, оны іс жүзіне асыруда біршама шешім қабылданғанымен, әлі де ғылыми ізденістерді қажет ететін мәселелер бар. Мысалы: оқу нәтижелерін анықтайтын өлшемдерді айқындау, басқаша айтсақ, оқушының білім алу барысындағы жеткен жетістіктерін «Немен өлшейміз?», «Қалай өлшейміз?» деген сұрақтарға жауап іздеу.
ХХ ғасырдың соңында дүние жүзі елдерінде білім беру жүйесіне ерекше мән беріліп, оның көптеген көмескі жақтарының беті ашылып, жалпы алғанда, оқытудың көптеген қалыптасқан бейнесі айтарлықтай өзгеріске ұшырайтындығы айқындалды.
Ол, біріншіден, әр елдің жалпы білім беретін мектеп шәкірттерінің білім деңгейінің төмендеуімен және оларды өмірге бейімдейтін мамандыққа баулудың ақсап жатуынан туындалса, екіншіден, жаңа ғасырда адамзат қоғамын күтіп тұрған ғаламат ерекшеліктерге сай келетін мамандар дайындап шығаруға байланысты болы.
Білім берудің қазіргі жүріп жатқан дүниежүзілік реформасы алғашқы рет Батыс Еуропа елдерінде басталды. Голландияда 1987жылы «Базалық білім беру туралы Биль (ереже)» қабылданса, оны 1988 жылы Англия қолдап, «Білім беруді реформалау туралы акт» ұсынды. Бұл құжаттардың бәрі де шәкіртке берілетін білімнің сапасын көтеру мақсатын көздейді. Олар білім мазмұны мен оқытудың нәтижесін бірге қарау керектігін алға тартады. Дұрысында да білімнің кілті осы екі мәселеге тірелетінін педагогика ғылымы бұрыннан анықтап берген. Алдымен, шәкіртке нені оқыту керектігін біле отырып, оның соған сай алып шығатын білім деңгейін, яғни оқушының міндетті білімін күні бұрын анықтай алмасақ жалпы білімнің сапасы туралы айту мүмкін болмай қалады. Сондықтан, АҚШ-та ұсынылып отырған білім стандарты 3 параметрді қамтиды, олар: білім мазмұны, оқушының білім сапасы, мектептерді материялды жабдықтау.
Мемлекеттік білім стандартын жалпы білім беру жүйесіне енгізу- оқу үдерісін белгілі бір қалыпқа салып қою емес, керісінше, әрбір пәннің базалық білім мазмұнын басшылыққа ала отырып, әртүрлі вариациялы бағдарламалар дайындап ұсынуға, соған сай сан алуан оқыту технологиясын қолдануға және оқу әдістемелік құралдарын жасап шығаруға негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет