Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет84/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Олардың негізгілері:
- Жобаға қатысушылар өмірде әйтеуір бір адамның жобалау бастамасын іліп әкетеді.
- Жобаға қатысушалар оқыту түрі туралы бір-бірімен келіседі.
- Жобаға қатысушылар жобалау бастамасын дамыта отырып, оны басқалардың назарына алуын қамтамасыз етеді.
- Жобаға қатысушылар өздерін жұмысқа дайындайды, ұйымдастырады.
- Жобаға қатысушылар бір-біріне жұмыс барысы туралы ақпараттар беріп отырады.
- Жобаға қатысушылар пікірталастарға қатысады.
Бұдан жобалау әдісін автор «жоба жасаудағы оқушы мен мұғалім әрекетінің жүйесі» деп қарастыратыны байқалды. Әйтсе де, бұл жобалап оқыту технологиясына берілген біршама кеңейтілген түсінік.
Қазіргі кезеңде жобалап оқытудың негізі қаланғандығы туралы айтуға болады. Н.Г.Чернилова жобалап оқытуға «Базалық технологиялық білімді меңгеру үшін кешенді оқу жобаларын ақпараттық үзілістермен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту» деп анықтама береді.
Мұнда автор жобалап оқытуды дамыта оқыту түрі ретінде қарастырады.
Оқыту үдерісін толығымен жобалап оқытуға көшіру мүмкін емес екені мәлім. Алайда, білім жүйесінің қазіргі даму кезеңінде педагогикалық практиканы жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларымен байыта түсу маңызды. Сондықтан, жобалап оқыту технологиясын- жеке тұлғаға дербес бағытталған технологиялардың бірі деп есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет