Байланысты: Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
3. Әлеуметтік тапсырысты орындау мүмкіндіктері Балаларға орта білім беруде қандай тапсырыстардың болатынын айқындау, оның әлеуметтік маңызын түсіну мектеп нобайын жасауға негіз болуы керек.
Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі баланың орта мектепте болу ұзақтығын төмендегідей белгілейді:
- ширақ қабілетті және денсаулығы мол балалар үшін 8-9 жыл;
- орта қабілетті және денсаулығы жақсы балалар үшін 9-10 жыл;
- қабілеті және денсаулығы дамыған балалар үшін 11-12 жыл.
Мектепті орта білімді басқыштарға бөлсек, төмендегіше шешуге болады:
1) дайындық кезеңі - 6-7-8 жас (тірек білім);
2) бастауыш кезеңі - 8-9-10 жас (бастауыш білім);
3) орта кезең - 11-14 жас (орталау білім);
4) жоғарғы кезең - 15-18 жас (базалық орта білім).
Бастауыш білім алуға керекті тірек білімі 0-1 сыныптық; орталау білімді игеру үшін бастауыш білім 2-3-4 сыныптарда; орта білім 5-6-7 сыныптарда; мамандық алуға және ғылыммен айналысуы үшін жоғары оқу орындарына түсуге қажетті базалық орта білім 8-11 сыныптарда берілуі дұрыс, орта мектепте қосымша орта кәсіби білім беру 12-ші сыныппен аяқталуы жөн. Бұл шышында ізгі іс болар еді. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесінде мүмкіндік бар және орта мектептің өзіндік жаңа нобайын айқындап отыр.