Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет1/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)


КІРІСПЕ

XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон үдерісінің қарқынды дамуы дәлел. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр.


Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы білім беру саласында жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері -ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отырытын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.
Үшінші мыңжылдық - құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі.
Инновациялық үдеріс- білім беру жүйесін жаңарту және дамыту ғана емес, қоғамның, Қазақстанның өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында жаңа қоғамның, жаңа әлемнің жаңа мұғалімі қажеттілігінен туындаған үдеріс.
Құзыреттілік білім беру жағдайындағы инновациялық үдеріс-объектінің, педагогикалық идеяның, фактілер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үдеріс, педагогикалық қауымдастықтың сұранысын қанағаттандыратын, қоғамдық педагогикалық құндылықтарына сәйкес жаңаны меңгеру, қолдану, талдау, салыстырмалы бағалау.
Қоғамдағы, білім беру саласындағы инновациялық үдерістер мен реформалар педагогика ғылымына «инновациялық білім»,»педагогикалық технология», «инновациялық технология», «мұғалімнің іс-әрекетке инновациялық даярлығы» және т.б.жаңа ұғымдарды өмірге алып келді.
Болашақ мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығы-білімгерлердің инновациялық педагогикалық технологияны меңгеруі және болашақта өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуына қажетті жаңа білім, білік, дағдыны игеруі.
Болашақ мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру инновациялық білім беру мен оқыту арқылы жүзеге асырылады.
Инновациялық оқыту- қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы инновациялық өзгерістерді жете қарастыратын үдеріс және оқу, білім беру әрекетінің нәтижесі.
Сонымен, болашақ мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру үшін оларға инновациялық білім беріп, инновациялық оқыту жүргізілуі тиіс.
Инновациялық білім- құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысын қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын жаңа нәтижеге бағытталған білім.
Ал инновациялық педагогикалық білім- бұл инновациялық педагогикалық технологиялардың қыры мен сырын, ерекшеліктерін ашып көрсететін және оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдарын айқындайтын педагогикалық білімдер жүйесі.
Инновациялық білім беру- болашақ мұғалімдерге инновациялық білімдерді жүйелі меңгерту арқылы олардың инновациялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
Болашақ мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті- оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны болашақта өз мектебі мен сыныбының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлендіре алу, шағын өзгерістер енгізе білу, өз ісіне сыни көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің авторлық технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру.
Сондықтан болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орны қабырғасында жүргенде-ақ инновациялық педагогикалық технологиялар негізімен қаруландыру, инновациялық білім беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Осындай көкейтесті мәселені шешу мақсатында 2003 жылы «Жаңа педагогикалық технология» оқу құралы баспадан шығарылып, Республиканың педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде сынақтан өткізілді.
Ал, бүгінде тез өзгермелі заман талабына сай бұл оқулықты жаңарту, толықтыру, жетілдіру қажеттілігі туындап отырғандықтан педагогикалық қауымның назарына «Инновациялық педагогика негіздері» оқу құралын ұсынып отырмыз.
Оқу құралы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Бірінші білімде педагогика ғылымына инновацияның келуі қарастырылып, жаңа парадигма жағдайында білім беру жүйесін реформалаудың басым бағыттары ашылады.
Екінші бөлімде инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетіледі.
Үшінші бөлімде инновациялық педагогикалық технологияны оқу - тәрбие үдерісіне ендірудің алғы шарттары мен кезеңдері қарастырылады.
Ал төртінші бөлімде жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үдерісіне тиімді пайдаланып жүрген инновацилық педагогикалық технологиялар жеке-жеке тереңірек ашылады.
Әрбір тақырыптың соңында білімгерлердің алған білімін пысықтау мен бақылауға арналған сұрақтар беріледі және білімгерлер өз білімін одан әрі жетілдіру үшін әдебиеттер тізімі ұсылынылады.
Оқу құралын оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен арнайы пән ретінде оқытуға болады немесе педагогика пәніне қосымша оқу құралы есебінде пайдалануға ұсылынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет