Үшінші-төртінші тақырып. Педагогикалық мамандыққа жалпы сипаттама. Мақсаты


Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты



бет11/16
Дата08.02.2022
өлшемі39,17 Kb.
#117758
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
педагогика

Мұғалім қызметінің шығармашылық сипаты. Педагогикалық қызмет кез-келген қызмет сияқты тек сандық мөлшерге емсе, сонымен қатар, сапалық қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегінің мазмұны мен ұйымдастырылуын тек оның өзінің қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы ғана дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметіндегі шығармашылық деңгейі оның қойылған мақсатқа қол жеткізу барысында өз мүмкіншіліктерін қолдану деңгейін көрсетеді.
Педагог тұлғасының шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік тәжірибесі, психологиялық-педагогикалық және пәндік білім қоры, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар, іскерлік пен дағдылары, жаңа формалар мен әдістер негізінде қалыптасады.
Педагогикалық шығармашылдықтың көріну саласы педагогикалық қызметтің негізгі компоненттер құрылымымен анықталады және оның барлық жақтарын қамтиды: жоспарлау, ұйымдастыру, іске асыру және нәтижені талдау.
Педагогикалық ғылыми әдебиетте педагогикалық шығармашылық – бұл өзгермелі жағдайларда педагогикалық міндеттерді шешу процесі деп түсіндіріледі.
Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипатын тек педагогикалық міндеттерді шешумен анықтауға болмайды, себебі шығармашылық әрекет тұлғаның танымдық, эмоциональды-еріктік және мотивациялық-қажеттілік компоненттерінің бірлігінде бейнеленеді. Сонымен қатар, педагогтың шығармашылығ оның коммуникативті міндеттерді шешуінде көрінеді.
Шығармашыл педагогқа мына қасиеттер тән: белсенділік, дербестік, ойлаудың бәсеңдігін арттыру қабілеті, жаңаны сезіну және оны тануға ұмтылысы, мақсатқа бағытталуы, ұқсастықтар кеңдігі, байқампаздық, кәсіби есте сақтау.


Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.
Білім беру саласында мамандықішілік саралануға бағытталу байқалады. Бұл еңбекті ажыратудың заңды процесі. Педагогикалық қызмет түрлерінің оқшаулану процесі тәрбие процесі сипатының «күрделенуімен» белгіленеді. Бұл өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының өзгеруімен, ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың жетістіктерімен түсіндіріледі.
Жаңа педагогикалық мамандықтың пайда болуына әкелетін тағы бір себеп – бұл квалификацияланған оқыту мен тәрбиеге сұраныстың көбеюі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет