педагогикалық іс-әрекет танылған. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті ең алдымен, танымдық міндет формасында көрінеді. Өіндегі бар білімге сүйене отырып, ол теория жүзінде өз іс-әрекетінің құралдарын, пәнін және нәтижесін салыстырады. Танымдық міндет психологиялық тұрғыдан өз шешімін тауып, практикалық өзгертуші қимылға айналады. Осылайша, мұғалімнің іс-әрекеті – бұл түрлі деңгейдегі міндеттерді шешу процесі.
Педагогикалық міндеттердің спецификалық ерекшелігі – олардың шешімін табуда.
Педагогикалық қызметінің обьектісі- адам, оның ақыл-ойы, еркі, сезімдері. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
1. Адам - тірі табиғат бөлігі. Оның қайталанбас жеке қасиеттері, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік түсінушілігі бар белсенді обьект.
2. Мұғалім әрдайым өзгеріп отыратын жеке адаммен жұмыс жасайды.
3. Мұғаліммен бірге жеке адамдарға бүкіл қоршаған орта әсер етеді. Педагогикалық қызмет осы әсерлерді дұрыс бағыттауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |