Интеллектуалды ойын "Ұшқыр ой мен шешен тіл"
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.
2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
- Ойынға 2 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
- Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
8. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
9. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
7. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
8. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
9. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек.
1-топ:
1. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
3. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
4. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
2-топ:
1. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
2. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
3. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
4. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу.
І топ: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
ІІ топ: Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз
«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек.
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
3. Ит өлген жер (алыс)
4.Таяқ сілтем жер (жақын)
- Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады
Бұл айналымда 3 пән беріледі. Топтар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.
1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)
2. 1дм - де неше см бар?(10)
3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)
4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)
5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)
6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)
7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)
8. 2 жылда неше ай бар?(24)
9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (кесінді)
10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)
Дүниетану пәнінен
1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)
2. Құлағы үлкен жануар (піл)
3. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)
4. Топырақты неден қорғау керек? ()
5. Киелі құс (Аққу)
6. Ұша алмайтын құс (түйеқұс)
7. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)
8. Ауаның ластану себептері (қоқыс қалдықтары)
9. Дәрілік өсімдіктерді ата (меңдуана, адыраспан)
10. Шөлге шыдамды жануар (түйе)
Ана тілі және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.
1. Үш биді ата.
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
3. Мәтін түрлерін ата
4. Ы. Алтынсарин не ашқан?
5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар
6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?
7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
8. Сөз таптарын ата
9. Ертегілердің қандай түрлері бар?
10. Ахмет Байтұрсынов кім?
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |