Шизофренияның ең қатерлі формаларының
бірі болып табылады. Оның негізгі көрінісі-
гебефренді синдром болып табылады. Мінез
құлықтың үзік-үзіктігімен қатар келеңсізді
гі, сөздің ерекшелігі, сезімнің айқын орнық
сыздығы білінеді. Ауру бет-аузын қисайта
ды, оның әрекеті ерекше сиықсыздығымен
ерекшеленеді, кейде сотқарлық немесе есер
лік сипат алғандай болады. Сезімдік әсер
шектен тыс орнықсыз және дәлелсіз болған
жағдайда құрғақ өнімсіз эйфория басым бо
лады. Біршама қолайсыз уақыттан кейін ой
лаудың үзік-үзіктілігі айқын байқалатын
кемақылдық тез басталады. Ал кейбір жеке
леген жайдайларда едәуір терең ремиссия
байқалады. Бұл түр 20 жасқа дейінгі жас
адамдарда жиі кездеседі
Кататоникалық шизофрения
Бұл қозғалыс бұзылыстарының басым
болуымен сипатталады. Кататоникалық
ступор науқастардың ыңғайсыз, жасан-
ды, шаушау сезімін сезінбей ұзақ уақыт
бір қалыпта(позада) тұруымен ерекше-
ленеді. Мысалы, ауалы жастықша
симтомы, капюшон симптомы,ұрықтық
қалыпты сақтайды. Бұл кезде бұлшықет
тонусы күрт жоғарыланған. Ол науқас
тардың ары қарай бір қалыпты сақтауы-
на көмектеседі. Примитивті рефлекстер
тежеледі.
Қарапайым шизофрения
Бұл түрі қызығу жоғалуының өрши түсуімен, босаңдықтық, сезімдік немқұрайлылықтың, тұйықтықтың, парасат жағынан өнімісіздіктің өсе түсуімен сипатталады. Бұл жағдайда, әдетте, дыбыс беру түріндегі жұтаң және қарапайым есту галлюцинациясы орын алады.ойлау дәйексіздігі байқалып, уақыт өте келе үзік-үзік түрде неғұрлым анық көрінетіндей күйге жетеді. Бұл түрі үшін аурулық құбылыстардың баяу өсуі тән. Бұл жағдай аурудың беті қайтуы сирек байқалады.