Екі қолға бірдей жаңа бір рет қолданатын немесе стерильді көп рет қолданатын қолғап киіңіз (стерильді қолғап кигеніңізді көрсетіңіз);
Жеткілікті жарық түсуін қамтамасыз етіңіз.
Сыртқы жыныс мүшелерін қараңыз (жоғарыда айтылғандай)
Айнамен қынапты және жатыр мойнын қараңыз (жоғарыда айтылғандай)
Қынап арқылы тексеруді өткізіңіз: сол қолдың саусақтарымен жыныс ернулерін ашып, оң қолдың 2 – 3 ші саусақтарын қынапқа біртіндеп кіргізіңіз (әуелі 3-ші , артынан 2-ші саусақты)
Бір рет қолданатын қолғапты инфекцияның алдын – алу шараларын сақтай отырып шешіңіз, көп рет қолданатын қолғапты айналдырып шешіп 3% хлорамин ерітіндісіне салыңыз.