Шүйішбаева Нұргүл Найзабекқызы Жумабаева Шолпан Нурлановна Алтаева Гулсинай Сарсенбаевна Физика ІІ мамандығы: 5В070700 «Тау-кен ісі»



бет147/165
Дата18.03.2017
өлшемі17,71 Mb.
#11969
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   165

Егер Күн горизонта орналасатын болса, онда ауаның температурасы 10оС және қысымы 760 мм сын. бағ. болғанда орташа рефракция 3524 тең болады. Күн горизонттан көтерілген сайын ол тез азаяды, бір градусқа көтерілгенде орташа рефракция 2437 тең болады. Сондықтан Күннің шығысы мен батысында оның пішіні жалпақтау болып көрінеді (2 сурет).

Жарық күннің ұзаруы да рефракция құбылысына байланысты. Орта енділіктер үшін ол орташа шамамен алғанда 3-4 минутқа тең болады.



Рефракция толқын ұзындығына тәуелді болады. Сол себептен Күннің батысында алдымен қызыл мен сары сәулелер жоғалады, ал Күннің қалған дискі бір-екі секундқа жасыл немесе көк түске боялады. Батып бара жатқан Күн горизонтан жоғалғанда, ол өзінің ашық жасыл сәулелесін шығарады және оны көзбен байқауға болады (3 сурет). Күннің шығысында керісінше алдымен аз уақытта жасыл сәуле көрінеді. Бұл жасыл сәулені атмосфера өте тыныш және ауа райы ашық болғанда теңізде байқауға болады.

2 сурет. Күннің батысы. Шынында Күн бірнеше минут бұрын батып кеткен.

3 сурет. Күннің батысындағы жасыл сәуленің пайда болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет