мұнда -диелектрлік қабілеттілік, – электрлік тұрақты, - поляризация векторы.
Электромагниттік теория тұрғысынан жарық көлденең толқындарға жатады. Толқындардың электрлік және магниттік кернеулік векторлары бір-біріне және толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеледі.
Әдетте жарық векторына электр өрісінің векторы алынады. Сондықтан векторы тербелетін жазықтық поляризация жазықтығы делінеді. Жарық көптеген атомдардың электромагниттік сәуле шығаруларының жиынтығы болып табылады.
Атомдар бір-біріне тәуелсіз кез-келген бағытта тербеліс жасайды, сондықтан заттардың шығаратын сәулелік толқындары жарық векторының кез-келген бағыттағы тербелістерімен сипатталады. векторы (соған сәйкес) кез-келген бағытта тербеліс жасаса жарық табиғи жарық делінеді векторы сәулеге перпендикуляр бір жазықтықта ғана тербеліс жасаса оны жазық поляризацияланған жарық дейді.
Табиғи жарықты поляризаторлардан өткізіп поляризациялауға болады. Поляризатор деп тек бір ғана бағыттағы тербелістерді өткізетін құралды айтады. Поляризатор ретінде кристалдарды, мысалы, табиғи кристалл турмалинді алуға болады.
Малюс заңы бойынша анықталады
Бақылау сұрақтары:
Заттағы жарықтың таралуы.
Жарық дисперсиясы.
Жарықтың жұтылуы.
Жарықтың поляризациясы.
Поляризацияланған жарықты алу әдістері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Савельев И.В. Жалпы физика курсы. т. 1,2,3, Алматы, Мектеп, 1977
Трофимова Т.И. Курс физики, М.,Высшая школа, 1985ж.
Зисман Г.А. Тодес О.М. Курс общей физики. Т.3.- М: Наука, 1970
Яворский Б.М. и другие. Курс физики. Т-3.- М: Высшая школа. 1964-1973
Детлав А.А., Яровский В.М., Милковская Л.В. Курс физики. т. 2,3. М., Высшая школа, 1877
Достарыңызбен бөлісу: |