Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарттары.
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:
1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;
2.Оқытудың кез келген уақыты аралығында берілген пәннен оқушының кепілді дайындығы болу принципі;
3. Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;
4. Оқу орнындағы кері тартпалық пен шек қойып тежеулікті жойып, бұрынғы дәстүрлі оқыту көздерін дұрыс арақатынаста үйлесімді пайдалану принципі;
5.Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердің дұрыстығы мен шындыққа сәйкестік принципі;
6.Оқу орнының мұғалімдері мен оқушылардың оқу процесіндегі арақатынасының жарасымды даму принципі;
7. Оқушылардың жалпы біліктілігінің нәтижесінде пәндік біліктілік әдістерін меңгеруді жүйелі түрде үйлестіру принциптері;
8. Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі;
9. Әр оқушы жалпы білім бойынша дайындығының базалық деңгейге міндетті түрде жету принципі. Сонымен, педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді, біртұтас педагогикалық үрдісті практика жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасы – барлық білім беру жүйесін модернизациялау үрдісінің негізін қалаушы әдістемелік құжат ретінде қазіргі тенденцияларды ескереді. Ғылым мен білімді дамыту біз үшін аймақтық және әлемдік деңгейде лайықты орын алу тәсілі, ұлттық қызығушылықты дамытуға, әлемдік білім беру кеңістігінде интеграция формасын кеңейту болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |