Жобалап оқытудағы технологияның тиімділігі.
Жобалап оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дауымен байланысты анықталады. Осы үдерісте оқушының ерік жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі. Жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын қазақ тілін сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар.
Жобалап оқыту технологиясы арқылы қазақ тілін меңгертудің ережесі мынадай: тақырып (жобалық) оқу бағдарламасына сәйкес болуы керек және ол оқушының қызығушылығын тудыруы қажет; оқытушының рөлі өзгереді, ол тек қана ұйымдастырушы әрі кеңесші болуы тиіс; жобалай оқытудың өн бойында іздену әрекеті, зерттеу әрекеті, талдау және жинақтау әрекеті ұйымдастырылады. Сонымен бірге, ізденуші жеке жұмысының жобасын ұсынып, оны нәтижесінде дәлеледеу үшін жоспар жасайды, сызба, кескіндеме, диаграммалар пайдаланады; талқыға ұсынылатын тақырып кең және ашық болуы қажет; жобаны қорғау жұптық (диада), үштік (триада) және топтық шеңберде орындалуы қажет. Осындай жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзарар ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Соған орай бүгінде оқыту жүйесінде жаңаша оқыту технологиясы деген сөз жиі қолданыста жүріп жатыр делік.
Достарыңызбен бөлісу: |