Шоќан Шыњѓыс±лы Уєлиханов



бет2/3
Дата06.05.2020
өлшемі51,5 Kb.
#66186
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-43293

НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ

( 1835- 1865 )
Шоқан- (шын аты – Мұхаммед- Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын бекінісінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың әулетті отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қатысты Соғыста асқан ерлік көрсеткен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал айласы мол, Орта жүз ханы болған. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген. Шоқанның әжесі Айғаным парасатты, терең ойлы, әрі көреген өз заманына қарай білімді болған әйел. Шоқанның сана сезімі ерте оянып, рухани өсіп жетіле білуіне әжесі Айғаным үлкен әсер еткен. Он екі жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Дәстүр бойынша сұлтанның балаларына бірнеше тіл білу парыз болған. Сондықтан Шоқан архив мәліметтеріне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб, кейін ұйғыр тілін де жақсы меңгерген. Шоқан Шығыстың басқа халықтарының поэзиясымен де шұғылданды. Тіпті ауылда жүрген де ол шығыс әдебиеті классиктерінің өлеңдерін оқудан бас көтермеген. Шығыс поэзиясын ол өмір бойы қастерлеумен өткен.

1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып ессептелген Сібір кадет корпусына оқуға орналастырды. Оқу сегіз жылдық болды. Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін. Бірақ ол осы қиындықты жеңіп шығып, үздік оқыды. Шоқанның ерекше қабілеті тарихты, географияны, шығыс филологиясын оқып үйрену тұсында айқын көрінеді. Н.Ф. Костылецкий жас Шоқанның таңдаулы ұстазы болды. Кадет корпусында Шоқан белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г.Н. Потанинмен бірге оқып достасып кетеді. « Корпуста ой өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі -үш жылдан кейін- ақ Шоқан өз класстасындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендерден де басып озды» деп жазды Г.Н. Потанин. Сібір Кадет корпусында оқудың соңғы жылдарында- ақ Шоқан биік саналы, терең ойлы, жан жақты білімді, дүниеге көзқарасы қалыптасқан, халқының қажет мұқтаждарын пайымдай да, түсіне де алатын, оған барынша пайдалы қызмет етуге дайын мақсатшыл жас болып қалыптасқаны оның алғашқы ғылыми еңбектері болып есептелетін «Профессор Н.И. Березинге хат», Профессор Н.И. Березиннің « хан жарлықтары кітабына рецензия», « Рашид ед дин» т.б. жұмыстарынан байқалады. Жап жас Шоқанға мұғалімдері де, құрбылары да болашақ ғалым, зерттеуші деп қарағандары, жоғары бағалағандары естеліктерінде де айтылған. (3)

Ш. Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, атты әскер көрнекті атағын алып шыққан соң Сібір қазақ орыс әскерінің алты атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесіне қалдырылады. Бір жылдан кейін генерал губернатор Г.Х. Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Шоқан Ұлы жүз қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының Ресейге бағынуы жөніндегі мәселені шешуге белсене қатысады. Қоқан хандығы Жетісу мен Қырғызтандағы ықпалын жою үшін және ол жерлерді Ресейге бейбіт жолмен қосып алу мақсатымен патша әкімшілігі жергілікті халықпен келіссөз жүргізуге жас қазақ офицерін пайдаланды. Осы маңызды тапсырманы орындау барысында Шоқан өз сапарын қазақтар мен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет- ғұрпын, тұрмысын зерттеп білуге пайдаланады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Орталық Қазақстан Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қыруар материалдар өзі болған аймақтардың тарихы, қазіргі қалпы, ескі қалалардың орны, шың тастығы жазу белгілері, аңыз әңгімелер, ертегілер мен өлеңдер жинады. Жинаған материалдарын Омбыда қорыту негізінде ол қазақтардың тарихи ежелгі мекендері, этнографиясы, әдебиеті туралы еңбектер жазды. Осыдан кейін оған поручик атағы беріледі.
1856 жылы Шоқан полковник М. Хоментовскийдің басшылығымен ұйымдастырылған әскери ғылыми экспедицияға қатысады. Экспедицияның мақсаты қырғыз халқымен танысу, оның территориясын географиялық жағынан зерттеу. Ыстықкөлдің бассейнін картаға түсіру еді. Ыстықкөлге, оданары қытай империясының Құлжа қаласына саяхаты және 1856-1857 жылдары Жетісу, Тянь -Шань сапарларында П.П. Семенов Тянь- Шанскиймен бірге болуы, Қырғыз Алатауына екінші рет баруы нәтижелері оның « Қытай империясының батыс өлкесі және құлжа қаласы» деген зерттеу еңбегі: « Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қырғыздар туралы жазбалар», қырғыз эпосы « манасты» ашып алып, біраз тарауын тұңғыш рет орысшаға аударуы, оған тарихи және әдеби талдаулар жасауы, Жетісу, ыстықкөл, аймағының фаунасы мен флорасы туралы зерттеу жазбалары, оринтологиялық, энтомологиялық , коллекциялық гербалийлері еді. Ш.Ш. Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы еңбектері Петербург ғалымдарының да назарына ие болып, жиырмадан жаңа асқан Шоқан 1857 жылы 27 ақпанда оырс география қоғамының толық мүшесі етіп сайланды. (1)

1858-1859 жылдары Қашғария сапары Шоқанның ғылымдық, ағарутшылық саласындағы творчествосы жаңа биікке көтерілуіне дәнекерлесті. Ол кезде Қашғария Европа ғалымы үшін бимәлім, құпиясы мол ел болатын, өйткені XVIIғ. Соңғы ширегінде Марко Поло, содан соң 1603 жылы саяхатшы Геос Қашғария жерінде болғаннан кейінгі үш жарым ғасыр бойы бұл аймаққа ешкім бармаған, бара да алмаған. Шоқаннан бір жыл бұрын Қашғарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Иллагин Твейтті жергілікті билеуші қатал Уәлихан төре басын кестіртіп, өлтірткен. Қатері де, қаупі де мол Қашғарияға сапарында Ш.Ш. Уәлиханов оны жан жақты зерттеуі, географиялық сипаты, саяси құрылысы, мәдениеі мен тұрмыс салт ерекшеліктері туралы мағлұмат деректерді әлемге, ғылымға ашып беруге тиіс болды. Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай талай қиындықтар мен кедергілерден өтеді, жал,ан атпен Әлімбай болып керуен басының туысы ретінде аттанады, Тянь Шань биіктерінің бірі Сырт деп аталатын қауіпті, әрі адам баспаған биік асуларында түтекке тұңшығып, суыққа тонып, ұ\қарлы жаңбырда тайғанақтаған ат түйелері де бәраз шығынданып, кейде алыс ауыл тұрғындарының қауесет сенімсіздіктеріне де кездесіп, талай бөгеттерді өткеріп, керуен 1858 жылы 27 қыркүйете Қытай шекарасынан өткен.

Қашғарияда Шоқан 1858 жылы 1 қазаннан 1859 жылы наурыз айының ортасына дейін болған кезде бұл аймақты Қашғар қаласы мен Алтышаһар елін терең зерттейді. Ол кезде Алтышаөар деп солтүстіктен Тянь -Шань, оңтүстіктен Кун -Лунь тауы қоршап тұрған Қашғар, Ақсу, Учтурфан, Янысар, Жаркент, Хотан қалалаырн айтады екен. Қоқан ханының Қашғардағы сауда консулы, әрі саяси резиденті, егде тартқан ресми адаммен Шоқанның сыйлас, құрметтес болуы сапар нәтижелерінің өнімді де, пайдалы болуына едәуір жәрдемдескен. Ш. Уәлиханов Қашғарияның экономиқалық саяси құрылысын, тарихын, этнографиясын, рухани өмірін зерттеген, бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпые жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп, мағлұматтар жинаған, Шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсіріп алған, нумизматикалық және тау жыныстарының коллекциясын, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарашаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған. Зерттеуге қажет деп саналған талай бұйымдар да жиналған. Сөйтіп, бейтаныс елді жан -жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда саттық жағынан үкіметке де ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп қатерді көп көріп, Шоқан керуені 1859 жылы сәуірінде елге оралған.

Қауіп қатері мен қиыншылғы мол сапардан ауырып қайтқан Шоқан Петербургке үсті үстіне шақыртып жатса да, Омбыда экспедиция материиалдарын жүйелеп қорыту ісімен біраз айналысады да, Петербургке келеді. (2)


Қашғария сапарының нәтижелі жемісі Ш. Уәлихановтың « Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан -Лу провинциясының ( Кіші Бұхараның) Шығыстағы алты қаланың жайы» атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына, әлеуметтік құрылысына арналып жазлыған ғылымның биік деңгейдегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Сондықтан орыс ғалымдары мен саяси қайраткелері оны Шығыстың тарихы мен географиясы туралы Европа ғылымын толықтырған, шын мәнісіндегі географиялық жаңалық, ал Қашғарияға сапар нағыз ерлік деп таныды.

Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Ш.Ш. Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасаған кейін ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Бұл Ш.Ш. Уәлиханов еңбектері Батыс Европада жоғары бағалауының айғағы еді.

Қашғария экспедициясның қорытындылары, нәтижелері ресми үкімет тарапынан да аталып өтті.

Ш.Ш. Уәлиханов Петербургте болғанда өнімді ғылыми жұмыс жүргізді. Бас штабтық әскери ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта және Орталық Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. Оның редакциясымен « Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», « Іле сырты өлкесі бөлігінің рекогноссировкасы», « Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта» т.б. дайындалды. Ш.Ш. Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан үлесі зор.

1860 жылы Петербургте Шоқанның « Жоңғария очерктері», « Алты шаһардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы», «Адольф Шлагинтвейттің өліміне әкелген жағдайлар туралы мәліметтер» деген еңбектері жарияланды.

1861 жылдың көтемінде денсаулығы тым нашарлап кеткен Шоқан туған еліне қайта оралады. Ол Омбыға барып, сол кезде Қазақстанда сот реформасын жүргізудің жобасы жасалынып жатқанда, сот реформасы елге тиімді, пайдалы болуды талап етеді.


Бұл тұста оның « Сот реформасы туралы жазбалар» еңбегінің маңызы аса зор. Онда қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдары терең талданды.

Одан кейін М.Г. Черняевтің экспедициясында болып, оның жазықсыз елді қуғынға ұшыратқан қан құйлы қаталдығын көргендегі жан күйзелісіне қосылып, Шоқанды бәрін тастап, ел арасына кетуге мәжбүр етеді. Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы 10 сәуірде Алтынемен жобасының етегіндегі Көмен Тоған деген жерде тезек ауылында қайтыс болады, сонда жерленеді. Қазіргі Талдықорған облысы Шоқан атындағы колхоздың маңында «Алтынемел» мемориалдық комплексі бар. (1)

Ш. Уәлихановтың еңбектерінен өз маңызын әлі де жоғалтпаған. Өзіндік және жан жақты терең ойлар мен идеяларды, қорытындыларды, қызғылықты гипотезалар мен фактілік мәліметтерді кездестіреміз. Ғалымның танымының кеңдігі, білімдарлығы өзекті және өте күрделі де қиын проблемаларды зерттеу шеберлігі, Шығыс халықтарының өмірі мен мәдениетін, олардың тағдырына алдыңғы қатарлы Орыс мәдениетінің рөлі мен маңызын терең түсінуі оқырманды таң қалдырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет