Шоќан Шыњѓыс±лы Уєлиханов



бет1/3
Дата06.05.2020
өлшемі51,5 Kb.
#66186
  1   2   3
Байланысты:
stud.kz-43293
1 дарис Туризм тарихы, stud.kz-43293


Жоспары


1. Кіріспе

2. Негізгі бөлімі: а) Ш.Уалихановтың өмір баяны.

ә) Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері.

б) Ыстықкөл қырғыздарына, Қашғарияға сапарлары.

в) Ш. Уәлихановтың еңбектері.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ қоғамының айсыз аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып өткен дарынды ғалым, даңқты жиһангер Шоқан Уәлиханов жарық жұлдыздай жалт етіп, ағып өтсе де жарқ еткен ізі аспан төрінде сайрап жатады. Сол сияқты бұл фәниде бар жоғы отыз жыл ғана ғұмыр кешкенімен артына қалдырған ұман теңіз еңбектері заман өткен сайын жаңғырып, ұрпақ өскен сайын жандалып, уақытпен үндестік тауып, мән маңызын ұдайы арттырып келеді. Оның қасиетті қаламынан туған толағай туындылар әлі де талай ұрпақтың кәдесіне асып, келешекке қызмет ете беретініне күмән жоқ. (8)

Қазақ деген қабырғалы ел барын, оның мәуелі мәдениеті мен мәйекті әдебиеті, телегей - теңіз тарихы барын әуелі орыс қауымына, сол арқылы Еуропа жұртына тұңғыш таныстырған ұлы ғалымның ғылыми өрісі де шетсіз шексіз даласындай кең шалқар еді. Ол туған елінің ғасырлар қойнауына бойлап жатқан тарих тереңін үңгіп қана қоймай, туған жерінің тұнап жатқан табиғат байлығын зерттеп, кейінгілерге азық болар мол мұра қалдырды.

Ол өз халқының сырлы шежіресімен ғана шектеліп қалмай, иісі түркі атаулының тарихын зерделеп, туысқан халықтардың тасада қалып келген өнер қазынасының сыр сандығын салды. Қырғыз ағайындардың салт- сана, әдет- ғұрпын зерттеумен бірге ұлы « Манас» жырын алғаш қағазға түсіріп, орыс тіліне аударып берді. Шынында да оның жан досы Григорий Потапин айтқандай, « кезінде өзін түсінетін оқырмандары болғанда, сөз жоқ, көзі тіріснде- ақ елдің ұлы жазушысы атанар еді. >>

Халқымыз жаппай сауатты болды деп бөркімізді қанша аспанға атқанмен, Шоқанды әлі түгел түсіндік деп айта алмаймыз. Оның жалғыз -ақ мысалы, орыс тілінде жазып қалдырған қалың -қалың бес том шығармаларының қазақшаға күні бүгінге дейін төрттен бірі ғана аударылғаны болса керек. (11)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет