жасушада жүретін зат алмасу үрдістерін реттеу. Ядро құрамына нәруыздан және р-РНҚ-дан тұратын ядрошық; хроматин (хромосомалар) және нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулар мен ферменттердің, минералдық тұздардың коллоидты ерітіндісі түріндегі кариоплазма (ядро шырыны) кіреді.
Цитоплазма Жасуша ядросы және барлық органоидтар орналасқан жартылай сұйық орта. Цитоплазма 85% судан және 10% нәруыздардан тұрады
Пластидтер
Түсі және атқаратын қызметі бойынша пластидтер негізгі үш түрге бөлінеді:
лейкопласттар
хромопласттар
хлоропласттар.
ДНҚ және РНҚ-нан тұрады
Пластидтер Тек өсімдік жасушаларында болады
Хлоропласттар пішіні бойынша екі жағы дөңес линзаға ұқсас және жасыл пигмент хлорофиллден тұрады; күн сәулесін сіңіріп, оның көмегімен АТФ қатысында органикалық заттарды синтездеу қабілетіне ие.
Хромопласттар – өсімдік пигменттерінен (жасылдан басқа) тұратын пластидтер, гүлдерге, жемістерге, сабақтар мен өсімдіктің басқа да бөліктеріне түс береді.
Лейкопласттар – түссіз пластидтер, жиі өсімдіктің боялмаған бөліктерінде – тамырда, жуашықта және т.б. кездеседі. Оларда нәруыздар, майлар мен полисахаридтер (крахмал) синтезделеді.
Митохондриялар
Сопақша пішінді, қос жарғақшалы органеллалар
ДНҚ және РНҚ-нан тұрады
жасушалардың энергия станциясы болып табылады
Митохондрияларда органикалық заттардың көмірқышқыл газы мен суға дейін тотығуы және АТФ молекулалары түрінде химиялық энергияның жинақталуы жүреді
Вакуоль
жарғақшамен – тонопластпен қапталған
жасуша шырынымен толтырылған
жасушадағы су-тұз алмасуды реттеуге қатысады
жасушалар мен ұлпаларды тонуста (тургорда) ұстап тұру үшін цитоқаңқа қызметін атқарады
қор заттарын сақтаушы және алмасудың соңғы өнімдерін «көмуші»
Қорытынды:
Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамының принциптік ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігін көрсетеді, суда тіршілік ететін бір жасушалы ағзалардан болуы мүмкін.
Жануарлар мен өсімдіктер эволюция үрдісінде бір-бірінен едәуір алшақтады, олардың қоректену типі, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғану әдістері әр түрлі. Осының барлығы да олардың жасушаларының құрылысына әсерін тигізді.