Болат өндірісі
Болат өндірісі
Шойын жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы; темірдің көміртек (2%-тен астам, өдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы.
Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады.
Шойынды домна пештерінде алады. Домна пешінің биіктігі 25-30м, екі диаметрі 6м, іші отқа берік кірпіштермен қаланған. Темір кендері негізінен оксид болғандықтан оларды көмірмен тотықсыздандырады, бірақ балқыған темір өз ішінде көмірді ерітеді, сондықтан тотықсызданған темір таза түрде емес, ішінде еріген, 1,7-5% көміртек және басқа қоспалары бар қима түрінде шығады, ол қима шойын деп аталады. Шойында көміртектен басқа күкірт, кремний,фосфор, марганец, т.б. элементтер болады.
Ақ шойын – барлық көміртегі (массалық үлесі 6.67) цементит түрінде болады. Бұл шойынның беріктік, үйкеліске беріктік, қаттылық, морттық қасиеттері жоғары болып келеді. Шойыннығ морттық қасиеті құрамындағы көміртектің мөлшерінің артуына байланысты болатқа өңдеуге арналған. Ақ шойын соқаның пышағын, диірменнің шарларын соғылатын шойын алу үшін қолданады. Ақ шойындар тез сынғыш, өте қатты және морттылығы жоғары, кескіш аспаппен жақсы өңделмейді, сондықтан ақ шойын деталь жасауға қоллданылмай қайта өғделетін шойын ретінде, яғни, болат жасауға қолданылады.
Сұр шойын ( құймалы шойын) Сұр шойындарда көміртегі бос күінде пластикалы графит шойынның
беріктігін төмендетіп, кесумен өңдеудің сапасын жақсартады). Мұндай шойындардың құрамында графит болғандықтан,сынығы сұр түсті
болады. Сұр шойын арзан құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жоғары құйылғыштық қасиетері бар, кесумен жақсы өңделеді,тозуға төзімді,тербелмелі және ауыспалы жүктеме барысында тербелістерді жою
қабілеті бар.
Соғылатын шойын- өте тұтқырлы,оны ақ шойынның қорытпасын күйдіру арқылы алады, яғни 950 С температурада ұзақ тұрғызып, жайлап суытады. Нәтижесінде графит үлпек түрінде болады.Бұндай түрдегі шойын өте сапалы. Соғылатын шойынды автомобиль,ауылшаруашылық және тоқыма машиналары
құрылысында кең қолданады. Соғылатын шойындар жоғары антикоррозиялық қасиеттермен сипатталады және ылғалды ауа,газ және су ортасында
жұмысқа пайдалануға бейім.
Беріктігі жоғары шойын- шойынды магний элементімен модификациялау.Мұндай шойынның құрамындағы графит шар түрінде
болады. Айрықша ерекшелігі: механикалық қасиеттері ( құрылымында графиттің шар түрінде болуы), жоғары беріктігі және иілгіштігі. Осындай қасиеттерінің бар болуына байланысты беріктігі жоғары шойын көміртегілі болатпен бәсекеге түседі және соғылатын шойын мен болатан арзан.Беріктігі жоғары шойынның механикалық қасиетері
оны ауыр жағдайда жұмыс жасайтын машина бөлшектерін жасауға
пайдалануға мүмкіндік береді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |