Болат Құрылыстық болат Машина жасау болатынан негізінен әр түрлі машина бөлшектері, құрылыс конструкцияларының әртүрлі элементтері мен вагон, кеме жасауда жасалады. Аспаптық болат Электр техникасы, химия, әскери техникаларын, әр түрлі кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауда пайдаланылады. Қарағанды металлургия комбинатының болат табақ прокаттау цехтарын металмен қамтамасыз етеді. Мартен және конвертер цехтары бар.
Мартен цехы алғашқы балқыманы 1964 жылы 10 қаңтарда берді (1970 жылға дейін Қарағанды металлургия зауытының мартен цехы). Цехта 2 пеш бар, әрқайсысының шөгіндісі 650 т. №1 домна пештерінде қорытылған шойыннан және металл сынықтарынан болат балқытылады, олардың ара қатынасы тиісінше 65% және 85%. Қоспалары: әктас, боксит, әк. Негізгі өнімі — прокат алу үшін болат құймалар.