8 сәуір «Қорғалжын қорығы» семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жергілікті жерімізде орналасқан қорықтың құстары мен жануарларын қамқорлыққа алу баланың ізденісін ұйымдастыра білудің жолдарын көрсете білу болды. Семинарда оқушылар өздері дайындаған баяндамаларын оқып,қорық мақтанышы –Қоқиқаз жайлы өлеңдер оқу , слайдтар көрсетіліп,дайындаған деректерімен таныстырды.
6-7 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» ойыны өткізілді.Бұл ойында оқушылардың ойлау қабілеттерін аша түсетін түрлі логикалық сұрақтар мен жұмбақтар, туған жер,табиғатқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу, адасқан әріптер,полиглот сайыстары болды. Командалық ойында оқушылар тапсырмаларды орындап, жеңіп шығып, мақтау қағаздармен марапатталды. Ойын қорытындысы бойынша «Білім» тобы 6 сынып командасы ұтты.