04 -09 сәуір 2016 жыл
«Табиғат пен Адамның тілдескені,Өмірдің үндескені»
тақырыбындағы география, биология пәндері апталығының
ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ.
әдістемелік бірлестік жетекшісі Каримова Ақерке Ғаббасқызы
Үшсарт негізгі мектебі
04 -09 сәуір 2016 жыл
«Табиғат пен Адамның тілдескені,Өмірдің үндескені»
тақырыбындағы география, биология пәндері апталығының
ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІ.
«Үшсарт негізгі мектебі» ММ 04 -09 сәуір аралығында «Табиғат пен Адамның тілдескені,Өмірдің үндескені» тақырыбында география, биология пәндері апталығы болып өтті. Апталық аясында жалпы ой-өрістерін кеңейту және жаратылыстану пәндері бойынша танымдылық қызығушылық қалыптастыруға арналған әр түрлі іс-шаралар жоспарланған. Сондықтан да биылғы оқу жылында өткізілетін апталықтың тақырыбын да барлық іс-шараларды да жүйелі түрде осы пәндер негізін тереңірек аша түсуге, әр баланың осы пәндердің беймәлім тұстарын зерттеуге деген қызығушылығын арттыруға бағыттадым.
Мақсаты: 1. География мен биология пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
2. Оқушылардың бойында табиғат жайлы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған орта үшін өздері жауапты екенін айту.
3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатқа сақтаушылықпен қарауды тәрбиелеу.
Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні нақты бір тақырыпта аталып, сол бағытта жаңаша жұмыс үлгісі жүзеге асырылып отырды.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Пән мұғалімі өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді. Айталық мұғалім өз сабақтарында әр баланың пәнді жете меңгеруімен қатар шығармашылық ізденісінің де дамуынына жол ашудың әдіс-тәсілдерін жоғарғы дәрежеде әріптестеріне таныстырды. Дүйсенбі төртінші сәуірде пән мұғалімі А.Ғ.Каримова апталық жоспарымен таныстырып,биология,география пәндері бойынша жұмбақ сөздер және ребустар, әр түрлі тапсырмаларға арналған «Ойна,ойла,оқы!» қабырға газеті шығарылды. Сондай-ақ пән мұғалімі «Мектепке гүл» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияның мақсаты «Жасыл ел» бағдарламасына өзінше бір үлес қосып,мектеп дәлізін,бөлмелерді жасыл желекке толтыру болды. Апталықтың екінші күні 6-9сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалдық ойындар өткізілді.бұл ойында жұмбақ жасыру, мақалшылар жарысынан да озып шыққан 6сынып оқушысы Биғара Д.мақтау қағазымен марапатталды. Сәрсенбі күні 8сыныпта биология пәнінен «Зәр шығарудың маңызы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ әдістемелік жағынан дұрыс,жан-жақты ойластырылып, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған.Сабақта өткен сабақтың жаңа сабақпен байланысы жақсы көрінді. Ойшақыру арқылы тақтадағы берілген топтама бойынша оқушылар бұл топтаманы туралы екендігін тапты. Сабақта мұғалім мақсатына жетті,АКТ-ны жақсы меңгерді.Оқушылар өз ойларын жақсы жеткізе білді,байланыстыра сөйлеу дағдылары қалыптасқан.Сабақта мұғалім топтық,жеке жұмыстарды жақсы ұйымдастырған. Аптаның төртінші күнінде 6-7 сыныптар арасында «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» ойыны өткізілді.Бұл ойында оқушылардың ойлау қабілеттерін аша түсетін түрлі логикалық сұрақтар мен жұмбақтар, туған жер,табиғатқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу, адасқан әріптер,полиглот сайыстары болды. Командалық ойында оқушылар тапсырмаларды орындап, жеңіп шығып, мақтау қағаздармен марапатталды. Ойын қорытындысы бойынша «Білім» тобы 6 сынып командасы ұтты. 8 сәуір жұма «Қорғалжын қорығы» семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жергілікті жерімізде орналасқан қорықтың құстары мен жануарларын қамқорлыққа алу баланың ізденісін ұйымдастыра білудің жолдарын көрсете білу болды. Семинарда оқушылар өздері дайындаған баяндамаларын оқып,қорық мақтанышы –Қоқиқаз жайлы өлеңдер оқу , слайдтар көрсетіліп,дайындаған деректерімен таныстырды. Сонымен қатар «Жануарлар мен Өсімдіктер жайлы кітаптар» көрмесін дайындады. Белсенді оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды. Ал, апта бойы әр бала логикалық сұрақтар байқауында берілген сұрақтарға жауап тауып, өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға мүмкіндік алды. Бұл байқауда үздік шыққан алты оқушы арнайы грамоталармен марапатталды. Апталықтың маңызды бір жетістігі – апта бойы оқушылар толық ұйымдастырылғаны.
Қорыта келе айтарым, ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Хабарландыру!!!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
«Табиғат пен Адамның тілдескені,Өмірдің үндескені»
география, биология апталығында мектебімізде
мектеп дәлізін, сынып бөлмесін көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру мақсатында
«Мектепке гүл сыйла»
тақырыбында акция ұйымдастырылады.
Акцияның өтетін мерзімі: 04-09.04.2016 жыл
«Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосайық!
«Бекітемін»
Мектеп директоры:/ / Омаров Д.М
География , биология апталығының жоспары
Тақырыбы:
«Табиғат пен Адамның тілдескені,Өмірдің үндескені»
Мақсаты: 1.
География мен биология пәндеріне қызығушылықтарын арттыру.
Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
2. Оқушылардың бойында табиғат жайлы
түсініктерін қалыптастыру, қоршаған орта үшін өздері жауапты
екенін айту.
3. Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатқа
сақтаушылықпен қарауды тәрбиелеу.
География, биология апталығы бойынша өткізілетін іс – шаралар жоспары:
№
|
Апта күндері
|
Іс-шара
|
сынып
|
жауапты
|
1
|
04.04
|
Ашылуы
Конкурс «Ойна, ойла, оқы!»
(сөзжұмбақтарды, жұмбақтар мен ребустарды шешу)
|
6-9
|
Каримова А.Ғ
|
2
|
05.04
|
«1001 мақал, 101 жұмбақ»
Интеллектуалдық ойын
|
6-9
|
Каримова А.Ғ
|
3
|
06.04
|
Ашық сабақ «Зәр шығарудың маңызы»
|
8 сынып16.30
|
Каримова А.Ғ
|
4
|
07.04
|
«Жүзден жүйрек – мыңнан тұлпар» сыныптан тыс іс -шара
|
6-7
|
Каримова А.Ғ
|
5
|
08.04
|
Семинар
«Қорғалжын қорығы»
(баяндамалар, буклет, презентациялар,өлеңдер)
|
6-9
сыныптар
|
Каримова А.Ғ
және сынып жетекшілер
|
6
|
09.04
|
«Құстарды аялайық» (ұя жасау, суреттер көрмесі)
|
шебер қолдар үйірмесінің қатысушылары
|
Каримова А.Ғ
Биғара М.Е
|
Пән мұғалімі : / / А.Ғ.Каримова
Таусылмас тау кенінің қордасындай.