Shtjb 5301 «шетелдік тарихнамадағы жаңа бағыттар»


Тарих ғылымындағы постмодернистік концепциялар



бет59/63
Дата09.08.2023
өлшемі467,58 Kb.
#179767
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі-emirsaba.org

2.Тарих ғылымындағы постмодернистік концепциялар. Ролан Барттың постмодернизмге қосқан үлесі. Алпысыншы жылдардан Батыстағы гуманитарлық ғылымдардағы аса маңызды бағыттардың бірі постмодернизм болып табылады. Оның пайда болуына әсер еткен негізгі идеялар лингвистика мен жалпы тіл тану ғылымдары аясында пайда болады. Белгілі швейцарлық тілтанудың маманы Фердинанд де Соссюр (1857 – 1913) айтуынша тіл ол ұғымды білдірудің бейтарап және пасық түрі емес..Және сөз бен заттар біртекті үйлесетін екі тілді де кездестіре алмайсыз.. Осыдан Соссюр сөз бен жазуды өзіндік заңдары бар лингвистикалық құрылым ретінде қабылдау керек деген қорытынды жасады.,Тікелей цитатасын келтірсек: «язык – это не окно в мир, а структура, определяющая наше представление о нем». Бұл егер тілдің құрылымы мұндай беделге ие болса, онда мәтіннің мағынасы одан кем емес байланыста. Автор өзінің ойын оқушыға нақты жеткізе алады деген түсінік төңірегінде мәселелер туындады. Мәтіннен тыс тұрған обьективті тарихи әдістің болуы іс жүзінде мүмкін емес және тек лингвистикалық ресурстардан құралған санақ нүктесінің интерпритациясы ғана болады.
Постмодернизмге Ролана Барттың (1915 – 1980) еңбектері үлкен үлес қосты. . Барт «социолект» немесе «тип письма» ұғымын енгізді. Барттың ойынша тіл және оның мәнерлеу құралдары кәдімгі бір «жалдама пунктін» еске түсіреді, өйткені өмір сүріп жатқан адам оны әу бастан әдейі арналған деп есептейді. Аталған адамға дейін тілдің барлық бірліктері мен дискурсивті комплекстері көптеген пайдалануларды бастан кешірген және кез келген сөз көптеген ағымды, өзгерісті идеологиялық мағыналармен толтырылған. Барт бойынша «жазу» тілде заттанған идеологиялық сетка, оны кез келген топ, тап, әлеуметтік институт индивит пен нақтылық арасына белгілі категорияларда ойлауға тізе бүктіре отырып, осы сетка маңызды деп санайтын нақтылықтың аспектілерін назарға алып және баға бергізе отырып орналастырады. . Индивид өз тілін әртүрлі жазулардың үлкен қоймаларынан алады. Осы жерде қолданыстағы, әлеуметтенген сөз бөтендендіру билігіне ие. Барт сонымен қатар мағынаның денотативті және коннотативті аспектісіне назар аударды. Коннотативті мағыналар бірнеше заттық белгілерге ие. Біріншіден олар тек дәстүрлі тілдің белгілеріне ғана емес, сонымен қоса әртүрлі материалды заттарға қосыла алады. Екіншіден бұл мағыналар латентті, сондықтан олар не өзектіленеді, не өзектіленбейді. Үшіншіден кез келген белгіге оңай орналастырыла отырып, коннотативті мағыналар осылайша тез шығып кетуі мүмкін. Төртіншіден бұл мағыналар диффузды, дәстүрлі тіл немесе бір материалды пән бірнеше коннотативті мағынаға ие бола алады. Бесіншіден олар агресивті, олар денотативті белгісі бар бейбіт көршісімен сыйыспай, оны басып тастауға немесе мүлдем ығыстырып шығарып тастауға тырысады. Кез келген тіл айтылған және астыртын айтылған комбинацияларды , денотативті және коннотативті деңгейлердің көрсеткіші болады және астыртын айтылған эксплицациялануы мүмкін, ал эксплицацияланған коннотативті мәтін астына кетіп қала алады. Өткеннің коннотативтері қазіргі зерттеушілермен ереже бойынша үлкен мәселелермен анықталады немесе қазіргі сана мен мәдениет үшін мүлдем ажыратылмайды. Барт тағы бір рет тілдің құралдық қызмет атқаратынын атап өтті. Тілдік номинацияның спецификасы бойынша индивидуалды пән ортақ категорияларға тиесілі. Ал бұл ортақ категориялар ортақ ұғымын мүлдем қабылдамайды. Қатынаста біз тілдің, қабылданған ортақ сөздердің еріксіз құлы болып қала береміз. Сондықтан адам қаншалықты деңгейде тілмен сөйлессе, тіл де соншалықты деңгейде адаммен қатынас жасайды. Бұл тұста Барттың «тіл өлімі » афоризмін еске түсірген жөн. Барттың коннотаттар мен деннотатар идеясын, осының негізінде текстік сараптама жасау ойын әуелі өзгелер, алғашында француз философтары қабылдап алды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет