студенттер келгенге дейін практика базасының дайындығын қамтамасыз ету үшін практика басталмас бұрын мекеме, ұйым немесе кәсіпорында ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шара өткізеді;
практика басталмас бұрын барлық ұйымдастырушылық шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді (жиналыс өткізу, практиканың өткізу тәртібі туралы нұсқау, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқау);
студенттерді жұмыс орындарына бөлуге немесе олардың жұмыс түрлерімен қамтамасыз етілуіне қатысады;
студенттердің практиканы жоғары деңгейде өтуін және оның мазмұнының негізгі білім беру мен практика бағдарламаларына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
мекеме, ұйым немесе кәсіпорын тарапынан тағайындалған практика жетекшісімен бірлесе отырып, практика базасында практика бағдарламасына сәйкес келетін сабақтар ұйымдастырады;
практика мерзімі мен мазмұнының сақталуын қадағалайды;
практика бойынша құжаттарды қабылдау мен практиканың қорытындысы бойынша студенттік конференцияларды дайындау комиссиясының жұмысына қатысады;
практика бойынша студенттердің есебін қарастырады, олардың жұмысы туралы пікір береді және студенттердің кәсіби бағдарланған даярлығын жүзеге асырудағы ұсыныстар мен кемшіліктерді қамти отырып, практиканың өткендігі туралы кафедра меңгерушісіне жазбаша есеп тапсырады;
өз саласына сәйкес мекеме, ұйым немесе кәсіпорыннан тағайындалған практика жетекшісімен тығыз қатынас ұстанады;
жеке тапсырмалар дайындайды, осы тапсырмаларды орындауда және қажет жағдайда бітіру мен курстық жұмыстарға қажетті мәліметтер жинауда студенттерге әдістемелік көмек көрсетеді.
мектептерде студенттердің практика жетекшісі ретінде тәжірибелі мамандарды тағайындайды;
университет тарапынан тағайындалған практика жетешісімен бірлесе отырып, студенттер практикасының осы Ережеге, практика бағдарламасы мен бекітілген кестесіне сәйкес ұйымдастырылуын қадағалайды;
университет тарапынан тағайындалған практика жетешісімен бірлесе отырып, кәсіби саланы дамытуда негізгі бағыттар бойынша жетекші мамандардың кеңес беруі мен семинарлар өткізуін ұйымдастырады, мекеме, ұйым мен кәсіпорын ішіне экскурсия өткізеді;
практиканың өткендігі туралы мекеме, ұйым немесе кәсіпорын басшысына есеп береді.