ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ «ФИЗИКА» КАФЕДРАСЫ
ТӘЛІМГЕР ЖУРНАЛЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТОП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ, ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН
3 КУРС
1502-19 оқу тобы
2021-2022 оқу жылы
Топ тәлімгерінің аты-жөні
сымтетігі
e-mail
Серікбаева Фариза Басарбекқызы
87786898192
fariza_serikbaeva@mail.ru
Топ басшысының аты-жөні
сымтетігі
e-mail
Бимырзақызы Ұлдана
87773415217
ldana.bimyrzayzy02@bk.ru
ТӘЛІМГЕРДІҢ МІНДЕТІ МЕН ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ Университеттің тәлімгері білім алушының ұстазы, жасы үлкен жолдасы ролін атқарады. Тәлімгер топтың ұйымдастырушысы, әдістемелік басшысы, тәрбиешісі, педагог – психологы болып табылады.
1. Топ тәлімгерлері білім алушылармен жылдық жоспар бойынша тәрбие жұмысын өткізеді. Тәлімгер жұмыс жоспарын факультеттің және білім алушылар ұжымының мүддесін ескере отырып топ белсенділерімен бірге түзеді. Өткізілетін іс-шаралар жоғары оқу орны ұсынған тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жоспар топтың ортақ жиналысымен қабылданады.
2.Топ тәлімгерлерінің жұмыс жоспары факультеттің аға тәлімгерімен келісіп, факультет деканымен бекітіледі.
3. Тәлімгер топтың белсенділерімен ұжымды біріктіру жұмысын келесі жұмыс түрлері бойынша іске асырады:
Білім алушының жеке ісі мен сапалық қасиетін зерттеу;
бақылау;
білім алушылармен және кафедра оқытушылармен әңгіме өткізе отырып, пікіралмасу;
топтанауызша және жазбаша түрдегі сауалнама және т.б.
4. Тәлімгер білім алушының рейтингі, аттестациясы және емтихандары мәліметтері негізінде ағымдық, аралық және қорытынды оқу үлгерімін бақылауы міндетті.
5. Белгілі себептер бойынша үлгермеуші білім алушыларға тәлімгер топ белсенділерімен бірге отырып қажетті көмек көрсетуі тиіс.
6. Тәлімгер білім алушылардың, топтың тұрмыс жағдайымен танысып, білім алушылар кеңесімен тығыз байланыста отырады.
7. Тәлімгер кафедрасын, деканаттың және университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректорын білім алушылардың мүдделі мәселелері жөнінде, оқу пәндері мен ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуы бойьнша орын алған жағдайлар туралы хабардар етеді.
8.Тәлімгер топта жүргізілетін тәрбие жұмысы жөнінде тәлімгер журналын арнайды. Тәлімгер журналы тәрбие жұмысының жүргізілуін реттеуші құжат болып табылады. Журнал кафедрада сақталып, ай сайын тәлімгерлер Кеңесі тарапынан тексеріледі.
9. Тәлімгер өз жұмысының нәтижесі туралы кафедра мәжілістерінде, деканатта және факультеттің тәлімгерлер кеңесінде кезеңді есеп береді. Есебін факультеттің аға тәлімгеріне тапсырады.
10. Білім алушылармен тәрбие жұмысын жүргізу барысында тәлімгерге қойылатын негізгі талаптарды атап көрсетуге болады:
Оқу жылы барысында білім алушылық топтың өміріне ұдайы қатысу: мәселелерін шешуге көмек көрсету, топта достық ортасын қалыптастыру, әрбір білім алушыға тұлға ретінде қарау.
Білім алушылардың сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылауды ұйымдастыру: сабаққа қатысу журналын тексеру, сабаққа қатысуын тексеру, оқытушылармен әңгімелесу.
Оқу сабақтарына, аралық, апталық және сессияға байланысты мәселелер туындаса көмек көрсету.
Топтағы әрбір білім алушының денсаулығын және тұрмыстық жағдайын білу.
Білім алушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми мүдделерін ескеру, зерделеу.
Білім алушыларды білім алушы өмірге баулу, өздерін- өзі танытуына жағдай жасау.
Әрбір білім алушымен: жоғары оқу орнына бейімделу барысында қиындыққа тап болған білім алушылармен, оқу пәндерін жан – жақты әрі тереңнен оқығысы келетін білім алушылармен жеке – дара жұмыс жасау. Сонымен қатар тәлімгер білім алушылардың жеке мәселелеріне, оқытушылармен, білім алушылармен өзара қарым – қатынасына назар аударуы тиіс.
Ата – аналармен жұмыс: білім алушылардың сабаққа қатысуы (қатыспауы), үлгерімі (үлгермеуі), жоғары оқу орнындағы іс - әрекеті туралы қажетті ақпаратты дер кезінде беруі қажет.
Топтағы білім алушылардың этикалық тәрбиесі: сыртқы келбетіне назар аудару, топтағы білім алушы мінез – құлқына мән беру, олардың университеттің ішкі тәртібін қадағалауын бақылау.
Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби, мәдени және физиологиялық тәрбие беру бағытында нақты іс – шаралар ұйымдастыру.