ТӘЛІМГЕРЛІК САҒАТТЫҢ ХАТТАМАСЫ
Физика – математика факультеті
Физика кафедрасы
Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зобалаң жылдар жаңғырығы» тақырыбында онлайн тәлімгерлік сағат өткізу
ХАТТАМАСЫ
Күні: 31.05.2021 жыл
Уақыты: 15:00
Өткізілген орны: ZOOM платформасы
Өткізу түрі: презентация, пікір алмасу, дөңгелек үстел
Топ тәлімгері: Серікбаева Ф.Б.
Хатшы: Бимырзақызы Ұ
Қатысқандар: 1502-19 оқу тобының студенттері(17 студент)
Күн тәртібінде қаралды:
1. Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
2.Емтиханға байланысты жұмыстар , оқу үлгерімі, саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты жұмыстары.
Мақсаты:
Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде оқиғаны оқушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, оқушылардың адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру.
Студенттердің бойына Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.
Міндеттері:
-студенттер мен оқытушы арасындағы мәдениеттілікке шақыру
- оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
-өскелең ұрпаққа білікті педагог ретінде насихаттау
- оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Тыңдалды.
Топ тәлімгері Серікбаева Ф.Б. сөз бастап , 31 мамыр- Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің әрбіріміз үшін маңызы зор екендігін алға тартты: «Құрметті студенттер! 1929-1938 жж аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты тәлімгерлік сабағымыздыбастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді бастамас бұрын «Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алсақ. Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр»
1502-19 оқу тобының студенттері тәлімгерлік сағатқа арнайы презентация жасап, мәліметтер жинастырған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |