Байланысты: Тәлімгерлік журнал 2020-2021ж 1502-19 оқу тобы
Топ студенті Жандарбаева А.М. барлық айтқан топ студенттерінің қоштай келе, өзі де ойын ортаға салды: «1929 жылғы аштықтың салдарынан 123 300 000 дихан шаруашылығының саны 1936-1937 жылдары 56 500 болып қалған. 1930 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде Мұстафа Шоқайдың «1929 жылғы аштық» деген мақаласы жарық көрген болатын. Онда ол Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ жерінде болған аштықтың кесірі біріншіден табиғаттың қолайсыздығына байланысты болды» («Қазақ жерінДегі ашаршылық» атты мақалаДан) деп айтқан пікіріне: «Бұл жерде ешқандай табиғаттың қолайсыздығы деген факті болған жоқ, қазақтың ойлы, қырлы даласында қанша қырғын, қанша жұт болса да, халқы былай жаппай қырылмаған. Ал шын мәнінде бұл биліктің халыққа жасаған қиянаты еді. Әрине, ашаршылық сол кезде жалғыз болған жоқ. Қазақта «жұт жеті ағайынды» дейді ғой. Оған 37-жылы репрессия келіп қосылды. Сол жылдары шығып тұрған газеттерде күзде егінді орып болғаннан кейін қалған масақты тергені үшін сотталып, тіпті халық жауы аталып, атылған адамдар туралы ақпарат бар. Мысалы «Еңбекші қазақ» газетінде Қызыл тақта және Қара тақта деген айдарлар болды. Осы екі айдардың аясында қызыл тақтаға қуғын-сүргін, ашаршылыққа қарамастан шолақ белсенділік танытып жүрген мекемелер, ұйымдар, колхоз-совхоздардың басшылары туралы мақтау-мадақтау материалдары болатын болса, қара тақтада масақ теріпхалық жауы атанған қарапайым, кінәсіз адамдардың есімі тізімге ілінді. Қара тақтаға ілінгендер күні ертең ату жазасына кесіліп отырды. Ашаршылық пен репрессия тақырыбын айтпас бұрын, сол уақытты кезеңмен, саяси құрылыммен, тарихи деректермен қатар қарастыру қажет. Бір жақты баға беріп, бір жақты көзқарас таныту — тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды одан сайын көбейтеді. Мәселен, «Қазақстан тарихы» оқулықтарымызда репрессия тақырыбында тек біржақты мәліметтер берілген. Көп жағдайда тарихшыларымыздың өзі сол уақыттарда болған нақты цифрларды бізге ұсына алмайды. Бірі 2 миллион қазақ қырылды десе, бірі 4 миллион дейді. Ал басқалары ашаршылық пен қуғын-сүргіннен 10 миллиноға жуық қазақ қырылды дейді. Жан-жақты зерттелгенімен, мұнда тіпті бұл оқиғаларға кінәлі адамдардың аты ашық, анық айтылмайды. Тәуелсіздікке дейін, тәуелсіздіктен кейін шыққан кітаптар болсын, оларда көптеген саяси, тарихи қателер бар. Қазақ даласындағы аштық, репрессия — бұлардың барлығы, менің түсінігімде, отарлау саясаты механизмдерінің бірі. Революцияға дейінгі аштық, қуғын-сүргін — патшаның отарлау саясатының жоспарлы түрдегі механизмі болатын болса, 30-жылдардағы репрессия, ашаршылық оқиғалары кеңестік жүйедегі отарлау саясатының механизмі деп айтар едім. Бұл екеуі де қолдан жасалған оқиғалар. Мысалы, 1931 жылы Түрксіб темір жолы ашылған кезде оған үлкен мән-маңыз берілді.»