Байланысты: 20 ғасырдағы саяси-қуғын сүргін кезеңі
Сабақтың тақырыбы: XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін кезеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: Шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Патриоттық, болашақта саясатқа араласа алатын саяси сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Студенттерді Отан – сүйгіштікке, достарын тыңдай білуге, өзін дұрыс ұстап, саяси түрде ойын, пікірін дұрыс жеткізуге үйрету. Студенттердің бірлікке, топтық жұмысқа, сыйластыққа, мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу.