Жаңа тақырып:
Жоспары:
1. Саяси қуғын – сүргіннің негізгі кезеңдері, себептері, барысы.
2. Қазақстанның “Лагерлік өлкеге ” айналуы.
3. «Алаш» партиясының мүшелері мен ұлттық интеллигенцияға қарсы саяси жазалау.
4. 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары
Жаңа сабақты өту барысында кездесетін термин сөздер:
Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.
Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары. Репрессия – бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары.
Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.
Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.
Тоталитарлық режім – Тоталитарлық – (латын сезінен – totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады.
Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жыл 5 желтоқсанда Кеңес Одағының жаңа Сталиндік Конституциясы қабылдады. Ол бойынша КСРО–да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Оларға заң шығару құқығы берілмеді. Одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін «геноцид саясаты» осылай басталды.
Достарыңызбен бөлісу: |