А формалы тапсырмалар жиынтығы.
№1 Тапсырмалар жиынтығының үлгілері мен олардың түсіндірмелері.
Тапсырмалар сұраулы сөйлемдерден құралған. әр сөйлемде бір сөз жетіспей түрады. Сендердің міндеттерің бес сөздің арасынан сол сөйлемді толықтыратын бір сөзді таңдай аласың.
Содан соң, сұрақ-жауап парағында таңдап алынғансөздің қатарындағы әріпті сызу қажет.
Мысалы: Мағына жағынан жақын сөздер «биография» және ....?
А) оқиға , б)ерлік, в)өмірді суреттеу, г)кітап, д)жазушы.
Мұндағы дұрыс жауап – «өмірді суреттеу» болады. Сондықтан да бұл сөз курсивпен белгіленіп тұр. Сұрақ –жауап парағында «мысал» сөзінің жанынан «в» әрпін сызу керек.
Келесі мысал: Теріс сөзіне қара-қайшы сөз ...?
А) сәтсіз, б) қайшы, в) маңызды, г) кездейсоқ, д) оң.
Мұндағы дұрыс жауап «оң» сөзі болады. Сондықтан бұл сөз курсивпен белгіленіп. Сұрақ-жауап парағында «д» әрпін сызу керек.
Мысалдардағы дұрыс жауаптап курсивпен белгіленген.
№1-А тапсырмалар жиынтығы.
1. Адамның аты-жөнінің басты әріптерінің құрамасы қалай аталады?
А) вензель, б) аты-жөні, в) қолтаңба, г) индекс, д) анаграмма
2. кітаптың, дәрістің, баяндама мағыналарының қысқа түрде жазылуы, баяндалуы – бұл...?
А)абзац, б) цитата, в( рубрика, г) үзінді, д) конспект
3.Табиғат пен қоғам жайлы түсініктер жүйесі- ...?
А) арман, б) баға, в)әлеуметанушылыұ, г) ой-өріс, д) иллюзия(жалған)
4. Адамгершілік дегеніміз бұл- ..?
А) қоғамдық, б) адами, в) іскерлік, г) агрессивті, д) елемеушілік
5. Жануарлар мен өсімдіктердің асыл тұқымдарын шығарумен айналысатын ғылым...?
А) бионика, б)химия, в)селекция, г)ботаника, д) физиология
6. Мағыналары бір-біріне жақын сөздер «демократ және ...»?
а)анархия, б) абсолютизм, в)халық билігі, г) әулиет, д)класстар
7. Адам өмірі мен қызметтерінің белгілі бір бөлігін құрайтын заңдар жиынтығын ...?
А)резолюция, б)қаулы, в) әдет, г)коджекс, д) жоба
8. «Екіжүзді»сөзінің антонимі болып ...?
А)шынайы, б)қарама-қайшы, в)жалған, г)сыпайы, д) табанды
9. егер таластың соңы екі жақтың келісімімен аяқталса, ондаол - ...?
А) келісімділік, б)қарым-қатынас, в)біріккендік, г) келіссөзділік, д) қарама-қайшылық
10. Айналадағы барлық нәрсеге салғырттықпен қарау және оған қызығушылықтың жоқтығын ... деп атаймыз?
А)рационалдылық, б)пассивтілік, в) сезгіштік, г) қарама-қайшылық, д) қаттылық
11. Терең және кең түрдегі білім, көп оқығандық деген сөздің мағынасы- ....?
А) интелигенттік, б) тәжірибелілік, в) эрудиция, г) талант, д) өзімшілдік
12.Этика – бұл ... туралы ілім?
А) психика, б) мораль, в) табиғат.г) қоғам,д) өнер
13. «Идентивтік» сөзіне қарама-қарсы мағына болып ...?
А)ұқсас, б)жалғыз, в) сенім тудыраын, г) әртүрлі, д)ештеңеден хабары жоқ
14. Цивилизация -бұл?
А)формация, б) көнелік, в) өндіріс, г)мәдениет, д)қарым-қатынас
15.Оппозиция – бұл?
А)қарама-қайшылық, б)келісімділік, в) ой, г) саясат, д)шешім
16.Қоғам дамуына немқұрайды қарайтын адам, қалай аталады?
А)демократ, б)радикал В)консерватор,г) либерал, д)анархист
17.Мына сөздердің қайсысы «приоритет» (бірдемені ең алғаш ойлап шығару, табу) сөзіне жақын келеді?
А) жаңалық ойлап табу, б)ой, в)таңдау, г)жүлделілік, д) басқарушылық
18.Коалиция (жалпы мақсатқа жету үшін мемлекеттер мен партиялар жасаған бірлігі) – дегеніміз ...?
А)бәсекелестік, б)саясат, в)қастасу, г)бөлінушілік. Д) бірігушілік.
19. «Альтруизм» сөзінің синонимін табыңыз?
А)адамсүйгіштік б) қарым-қатынас, В)сыпайыгершілік, г)эгоизм, д) адамгершілік
20.Тәуекелділіктен босау наным құқықтың теңелуі – бұл ...?
А)заң, б) иммиграция, в)үндеу, Г)әрекет, д)эмансипация(азаматтардың құқықтарын теңеру).
№2 тапсырмалар жиынтығының үлгілері мен олардың түсіндірмелері
Кестенің сол жағында тұрғансөзге, берілген төрт сөздің ішінен, мағына жағынан жақын келетін, яғни синоним сөзді табу керек. Бір ғана сөзді таңдау керек.
Содан соң, сұрақ-жауап парағындағыөзіңіздің таңдап алған сөздің қатарындағы әріпті сызу керек.
Мысалы: Ғасыр- а)тарих, б) жүз жылдық,, в)оқиға, г)прогресс (ілгері даму).
Дұрыс жауап -«жүз жылдық», сол себептен, бұл сөз курсивпен белгіленіп тұр. Сұрақ –жауап парағында «мысалы» сөзінің жанынан «б» әрпін сызу керек.
Келесі мысал: Болжам- а) ауа-райы, б) хабарлама, в)күні бұрын айту, г)себеп
Бұл мысалдағы дұрыс жауап – «күні бұрын айту»- сөзі. сол себептен, бұл сөз курсивпен белгіленіп тұр. Сұрақ –жауап парағында «мысалы» сөзінің жанынан «в» әрпін сызу керек.
№2 –А тапсырмалар жиынтығы.
Поггрессивті – а) интелектуалды, б)озат, в)шебер(епті), г)артта қалған (мешеу)
Күшін жою – а) қол қою, б)жою, в)хабарлау, г)кейінге қалдыру
Арман (мұрат)- а) қиял, б) келешек, в)даналық, г)мүлтіксіздік
Аргумент – а) дәлел, б)келісімділік, в)дау, г) сөз орамы
миф – а)көнелік, б) шығармашылық, В) аңыз,г) ғылым
құлықсыз – а)тұрақты, б)қиын, В) жағымсыз, г) өнегесіз
талдау (Анализ) – а(дерек, б)талдау,, в)сын,г) іскерлік
Эталон – а)көшірме, б)қалып, в)негіз, г)үлгі
Сфералық (аймақтық)- а)сопақша, б) шар тәріздес,в)бос, г) көлемді
Әлеуметтік – а)жағымды, б) еркін, в)жоспарланған, г) қоғамдық
Гравитация(материалдар арасындағы өзара әсер) – а)тарту(жақындастыру), б) кері итеру,, в) салмақсыздық, г) көтеру.
Аграрлық – а) жергілікті, б)шаруашылық, в)жер, г) шаруа
экспорт – а) сату, б) шикізаттар, в) сыртқа шығару, г) сауда
Қызықтырарлық (тиімділік) – а)қажетті, б)әсерлі, в) шешуші, г) ерекше
радикалда – а) тұрғылықты, б)жауап, в)соңғы г)артта қалған
Негативті – а)сәтсіз, б)жалған, в)теріс г) абайсыз
мораль (Өнеге)- а) этика, б) даму в) қабілеттілік г) құқық
модификациялау – а) жұмыс істеу, б)бақылау, в) зерттеу, г)өзгерту
субьективті – а) қысқа, б)қоғамдық, в)жекешелік, г) құпия
сентиментальдылық – а)ақындық, б)сезгіштік, в)қуанышты, г)оғаш
№3 тапсырмалар жиынтығының үлгілері мен олардың түсіндірмелері
Сендерге үш сөз беріледі. Бірініш мен екінші сөздер арасында белгілі бір байланыс болады. Ал, үшіншімен өз қалауы бойынша таңдап алынған, қалған бес сөздер арасында сол секілді, ұқсас байланыс бар. Осы сөзді тауып алғаннан кейін, Сіздерге, сұрақ-жауап парағындағы дұрыс жауабыңыздың тұсындағы әріпті сызуыңыз керек.
Мысалы: Өлең : композитор = ұшақ : ?
А) әуежай, б)ұшу, В)құрастырушыг)жанармай,д)қырып-жоюшы
Дұрыс жауап – құрастырушы. Сол себепті, бұл сөз курсивпен белгіленген. Сұрақ-жауап парағында, «мысалы» сөзінің қатарында тұрған «в» әрпін сызу керек.
Келесі мысал: Жақсылық: жамандық = күн(жұмыс күні) : ?
А)күн, б)түн в)апта г)сәрсенбі д)тәуілік
Бұл жерде, дұрыс жауап - «түн» сөзі, сондықтан ол курсивпен белгіленіп тұр. Сұрақ-жауап парағында «б» әрпін сызу керек.
№ 3 – А Тапсырмалар жиынтығы
Етістік : жіктеу – зат есім: ?
а)өзгерту, б)құрау, в)қолдану г)септену, д)жазу
Фигура : үшбұрыш – заттың күйі : ?
А)сұйық, б)қозғалыс, в)температура, г)су, д)молекула
жылу : тіршілік әрекеті – оттегі: ?
а)газ, б)су, в)өсімдік, г)даму, д)дем алу (тыныс).
4. Раушан гүлі: гүл – капиталисттер : ?
А)қанау, б)шаруалар в)капиталисттер. Г)класс д)фабрика
5. суық : ыстық – қозғалыс : ?
А)инерция, б)тыныштық, в)молеукула, г)ауа д)әрекеттесу
6. Қосылғыш : Қосынды сан – көбейткіштер : ?
А)қалдық б) бөлгіш, в)көбейтінді г) көбейту д) сан
7.сан есім: сан - етістік : ?
А)жүру б) қозғалыс, в)есімше, г)сөз таптары д)жіктеу
8. Өсімдік: сабақ – жасуша : ?
А)ядро, б)хромосома, в)ақуыз, г)фермен д)бөлу
9. Найзаға : жарық – тартылу құбылыс : ?
А)тас б)қозғалыс в)ауыртпалық күші г) салмақ д)жер
10.Өлең : поэзия - әңгіме : ?
А)кітап б)жазушы В) повесть г)сөйлем д) проза
11.Солтүстік : оңтүстік – жауын –шашын : ?
А)шөл, б) полюс, в) жаңбыр, г) құрғақшылық д)ауа райы
12.алғаш қоғамдық құрылыс: құлдық құрылыс – құлдық құрылыс : ?
А)социализм, б)капитализм, в)құл иеленушілер, г)мемлекет, д) феодализм
13. Таулар : биіктік – ауа рай : ?
А)рельеф, б)температура,в) табиғат, г) географиялық кеңістік, д)өсімдік
14. бастама : финиш (мәре) – алдыңғы сөз : ?
А)басы б)кіріспе в)шарықтау шегі г)әрекет д) соңы
15. Соғыс: өлім – жеке меншік : ?
А)федалдар б) капитализм в)теңсіздік г( құлдар д)крепостнойлық шаруалар
16. диаметр : радиус – шеңбер : ?
А)доға, б)сегмент, в)кесінді, г)түзу, д)дөңгелек
17.Колумб : саяхатшы – жер сілікінісі : ?
А)тұңғыш ашушы, б)таулардың пайда болуы в) атқылау г)құрбандар д)табиғат құбылыстары
18. Қырықжапырақ : спора - қарағай : ?
А)бүршік, б)ине в)өсімдік, г)дән д)шырша
19.Атмосфералық қысымның төмендеуі : жауын –шашын – антициклон : ?
А)ашық күн, б) боран, в) ауа райы, г)ылғалдылық, д)метеоқызмет
20.Құлиеленушілер : буржуа – құлдар : ?
а) құлиеленушілік құрылыс б)буржуазия в) құлиеленушілер г) жалдамалы жұмысшылар д)тұтқындар
21. Балға : қағу – генератор : ?
А)жалғау б)шығару, в)қосу, г)өзгерті д)жылыту
22. Тік төртбұрыш : жазықтық – куб :?
А)кеңістік, б)қабырға, в)биіктік, г)үшбұрыш, д)бір жақ көрініс
23.Эпителий : ұлпа – қолқа : ?
А)жүрек, б)ішкі орган, в)артерия, г)вена, д)қан
24. Байлық : кедейлік – крепостнойлық бағынушылық : ?
А) крепостнойлық шаруалар, б)жеке бостандық, в) теңсіздік, г) жеке меншік, д)феодалдық құрылым
25. Роман : бөлім - өлең : ?
А(поэма, б)әуен, в)шумақ г)ырғақ д) жанр
№ 4 тапсырмалар жиынтығының үлгілері мен олардың түсіндірмелері.
Сендерге бес сөз берілген, соның ішінде төртеуіне бір мағына тән, ал бесінші сөздің мағынасы оған келмейді. Сендердің міндеттерің сол сөзді табу, арасында бір ғана сөз жарамсыз бола алады.
Содан кейін, өзің таңдаған сөздің тұсындағы әріпті сызып таста. Мысалы: а) тәрелке, б) кесе, в) үстел, г)табақ, д) шәйнек.
Бірінші, екінші, төртінші және бесінші сөздер ыдысқа қатысты айтылып отыр, ал үшіншісі – жиһазға жатады. Сондықтан да ол курсивпен белгіленген. Сұрақ – жауап парағында, «мысалы» сөзінің қатарында тұрған «в» әрпін сызу керек. Келесі мысал: а)жүру, б)секіру, в)билеу г)отыру, д)жүгіру
Төрт сөздің мағынасы іс-қимыл әрекетін білдіріп тұр, ал «отыру» сөзі – тыныштық қалпын суреттейді. Сондықтан да, «отыру» сөзі курсивпен белгіленіп тұр. Сұрақ – жауап парағында, «мысалы» сөзінің қатарында тұрған «г» әрпін сызу керек.
№ 4 –А Тапсырмалар жиынтығы.
а)қосымша, б)көмекші сөз, в) суффикс, г) жалғау, д)түбір.
а)түзу, б)ромб, в)тік төртбұрыш, г)төртбұрыш, д)үшбұрыш
а)параллель, б)карта, в)меридиан, г)экватор, д)полюс
а) очерк, б) роман, в) әңгіме, г)сюжет, д)повесть
а)құлиеленуші, б)құл, в) шаруа, г)жұмысшы, д)ұста
а)үшбұрыш, б)кесінді, в)ұзындық, г)төртбұрыш, д)шеңбер
а)пролог, б)шарықтау шегі, в)ақпарат, г)түйін, д)соңы (эпилог)
а)әдебиет, б(ғылым, в)сәулет өнері, г) сәулетшілік, д)көркем өнер
а)қолқа, б) тамыр, в) жүрек, г)артерия. Д)капилляр
а)суреттеу, б)салыстыру, в)мінездеме, г)ертегі, д)астарлы сөз
а)әсем көрініс, б) өрнек, в) икона, г) фреска, д)қалам
а)цитоплазма, б)тамақтану, в)өсу, г) тітіркенгіштік, д)көбейгіштік
а)жаңбыр, б)қар, в)жауын – шашын, г) қырау, д)бұршақ
а)жылдамдық, б) тербеліс, в( күш, г) салмақ, д)тығыздылық
а) товар, б) қала, в)жәрменке, г) кәдімгі шаруашылық, д) ақша
а)Куба, б)Жапония, в)Вьетнам, г)Ұлыбритания, д)Исландия
а) мақал, б)өлең, в)поэма, г)әңгіме, д)повесть
а)барометр, б)желбаққыш (желдің бағытын анықтайтын аспап), в( термометр,, г)компас, д) азимут
а)көмірқышқыл газ, б)жарық, в)су, г)крахмал, д)хролофил
а)ұзындық б)метр в)салмақ г) көлем, д)жылдамдық
№ 5 тапсырмалар жиынтығының үлгілері мен олардың түсіндірмелері
Сендерге екі сөз берілген, екі сөзге ортақ байланысты табу керек. Екеуіне де тән ортақ байланысты табу керек. Екеуіне де тән ортақ, жақын мағынаны табуға тырысыңдар. Сұрақ –жауап парағында өз жауаптарыңды тапсырма номерінің жанына белгілеңдер.
Мысал: Шырша –қарағай
Дұрыс жауап – «шыршалы ағаштар». Бұл сөздерді «мысал» келтірілген сөйлем тұсына жазу керек.
Келесі мысал: Жаңбыр – бұршақ.
Дұрыс жауап – «жауын-шашын» болады, осы сөзді сұрақ – жауап парағындағы тапсырманың тұсына жазу керек.
№ 5 –А Тапсырмалар жиынтығы.
1. Азия – Африка
2. Ботаника, зоология
3. Феодализм, капитализм
4. Ертегі – аңыз
5. газ –сұйық
6. жүрек – артерия
7. Копенгаген – Манагуа
8. атом – молекула
9. майлар –ақуыздар
10. ғылым – өнер
11. табандылық –ерлік
12. ампер – вольт
13. канал – плотиа
14. өрнек – икона
15. күңгірт –жауын-шашын
16. қосынды- көбейтінді
17. жеткізу –суреттеу
18. классицизм – реализм
19. цунами – дауыл
№ 6 тапсырмалар жиынтығының үлгілері мен олардың түсіндірмелері
Белгілі бір тәртіп бойынша құрастырылған сандардың тізбегін ұсынамыз. Сендердің міндеттерің – белгіленген қатардың жалғасы ретінде келетін санды табу. Әрбір қатар белгілі бір ережелерге сай құрастырылған. Кейбір тапсырмаларда, сендер, қатарларды құру ережелерін іздегенде, бөлу, көбейту және басқа да амалдарды қолдануға тура келеді.
Жауаптарға сәйкес келетін сандарды сызып тастау керек.
Мысалдар: 2 4 6 8 ....
Берілген тізбектегі әрбір сан алдыңғы сандардан 2 -ге үлкен. Сондықтан да, келесі сан болатындай 10 деп жазу керек. Сұрақ парағының үлгі көрсетілген жерінде «1» және «0» санын да жазып қою керек. Келесі мысалдар; 9 7 10 8 11 9 12 ... Бұл қатарда 1 саны алынып 3 саны қосылады. Келесі сан 10-ға тең болуы керек. Оны орналастыру үшін, тапсырма сандарының жанына «1» және «0» сандарын көрсетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |