Реферат тақырыбы: Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік



Дата20.11.2023
өлшемі20,41 Kb.
#192346
түріРеферат
Байланысты:
реферат1

ALT «Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі»ЖШС











РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік

“Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін “рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп сипаттайды. Бұл болашақ маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.


Сондықтан маманның кәсіби құзырлығының әлеуметтік және тұлғалық түрлеріне ерекше мән беріледі. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-әрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кәсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың әдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетедіүшіншіден, ізгілікті және әлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.
Маманның кәсіби дайындығының классикалық үлгісі мазмұндық, тұлғалық және процессуалдық технологиялық бөліктерден тұратыны белгілі. Қазіргі білім беру стандарттары компетенция, компетенттілік ұғымдары арқылы дайындауды ұсынады.
Компетенция” ұғымы латын сөзінен шыққан, ол адамның мәселелерге жақсы хабардарлығын, анымдар мен тәжірибелерді меңгеру аумағын білдіреді. Педагог-ғалымдар берген анықтамалар төмендегідей:

  1. компетенция – оқушының меңгерген білімін, оқу біліктері мен дағдыларын, әрекет тәсілдерді өмірде тәжірибелік және теориялық міндеттерді шешу үшін пайдалана алуы;

  2. компетенттілік – пайда болған мәселелер мен міндеттерді жедел түрде шешуге мүмкіндік беретін, түсініктілік жүйесінің және соған сәйкес түсінудің, сыни ойлаудың болуын талап ететін, тәжірибелік әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік;

  3. компетенция – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберінде қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы;

  4. компетенция – адамның өзінің іс-әрекет саласына сай компеиенцияларды меңгеруі.

  • М.Чошанов кәсіби құзырлылықты “кәсіби шеберлік деңгейі жүйесінде орындаушылық пен жетілдірушілік арасында аралық мәнге ие болу” деп түсіндіреді.

Біріншіден, құзырлылық нақты жағдайда ұтымды қолдану үшін жаңа ақпаратты меңгеріп, үнемі білімді толықтыруды ұсынады.Екіншіден, құзырлылық тек білімді меңгеруге ғана емес, білімге байланысты міндеттерді шешуге әлеуетті дайындықты көрсетеді. Демек, ол өзіне мазмұнды білім және процессуалды біліктілік компоненттерді енгізеді. Сондықтан компетентті маман жағдайға байланысты сай келетін әдістерді қолдануы тиіс. Ал әдістердің икемділігі құзырлылықтың маңызды сапасы ьолып табылады.
Үшіншіден, компетентті адам сыни тұрғыдан ойлауды меңгерген болуы қажет.
Сонымен құзырлылық ұғымының мазмұны төмендегі негізгі белгілерден тұрады:
білімнің жұмылдырылуы, білімді пайдалана білуі;
әдістердің икемділігі;
сыни ойлауы;
шешімді қабылдау іскерлігі, біліктілігі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет