Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы


Параграф. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының алғашқы дайындығы және қайта даярлауы



бет6/33
Дата13.02.2017
өлшемі6,1 Mb.
#9181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

1 Параграф. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарының алғашқы дайындығы және қайта даярлауы
      265. ӘҚҚК және ӘҚЖ мамандарын алғашқы дайындығы келесі кезеңдерден тұрады:
      1) теориялық дайындық;
      2) жаттығу құрылғысымен дайындық;
      3) тәжірбиелік дайындық.
      266. Теориялық дайындық келесі негізгі оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) күндізгі стационарлы (кешенді, типтік);
      2) модульді;
      3) сырттай;
      4) дистанционды;
      5) құрамдас.
      267. Жаттығу құрылғысымен дайындық келесі негізгі оқыту нысандары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:
      1) күндізгі стационарлы (кешенді, типтік);
      2) модульді.
      268. Келесі өлшемдерге сәйкес алғашқы дайындық көлемі азаматтық авиация саласындағы өкілетті органдарымен бекітілген АУП ГА бағдарламаларына сәйкес регламенттеледі:
      1) пилот құрамының ӘҚҚК диспетчерлерін бастапқы дайындау барысында жалпы дайындық көлемі 500 сағаттан кем болмауы қажет;
      2) авиациялық білімі жоқ ӘҚҚК диспетчерлерін бастапқы дайындау барысында теориялық дайындық 1000 сағаттан кем болмауы қажет;
      3) ӘҚҚК мамандарының алғашқы дайындық бағдарламасына сынақтық мерзім өткеннен кейін талапқа сай біліктілік белгіні алу үшін жеке алынған және сонымен қатар барлық диспетчерлік пункттерді оқытып игеру қосылуы мүмкін;
      4) пилот құрамындағы әуе қозғалысын жоспарлаушы маманын бастапқы дайындау барысында жалпы даярлау 300 сағаттан кем болмауы қажет;
      5) авиациялық білімі жоқ және басқа да дәрежедегі авиациялық қызметкерлердің қатарындағы әуе қозғалысын жоспарлаушы мамандарын бастапқы дайындау барысында жалпы даярлау көлемі 600 сағаттан кем болмауы қажет;
      6) ӘҚҚК диспетчерлерлік куәлік иегерлері арасындағы әуе қозғалысын жоспарлау мамандарының алғашқы дайындығы (ӘҚҚК диспетчерлерін қайта даярлау), 60 сағаттан кем емес көлемінде талаптарға сай қайта даярлау курсын өту немесе ӘҚЖ диспетчерлердің кәсіби дәрежелерінің қалыпты болу курсын (Брифинг) өтулерін қажет етеді;
      7) ӘҚЖ диспетчерлерінің жаттығу құрылғысымен дайындық барысында 300 сағаттан кем болмауы қажет;
      8) тәжірбиелік дайындық екі кезеңге бөлінуі мүмкін, бірінші кезеңге алғашқы дайындық бағдарламасының пәніне 40 сағаттан кем емес көлемде аэронавигация объектілеріне (жағдайдың болған кезінде) танысу мақсатында баруы қосылады, ал екінші кезең бастапқы дайындық аяқталғаннан кейін, сынақтық мерзім ретінде аэронавигациялық ұйымдарда ұйымдастырылады немесе АУЦ ГА-да оқудың аяқталғаннан кейін толығымен аэронавигациялық ұйымдарда жүзеге асырылады;
      9) үміткердің (сынақтан өтушінің) кәсіби қызметі жүзеге асырылады деген диспетчерлік пунктке байланысты (жұмыс орны) минималды сынақтан өту көлемі төменде көрсетілген кестеге сәйкес анықталады және осы Үлгілік бағдарламаның 23-қосымшасында берілген;
      10) оқушылардың дәрежелеріне қойылатын біліктілік талаптарына байланысты ағылшын тілі бастапқы дайындық бағдарламасына енгізіледі, жеткілікті көлемде аэронавигациялық мәліметтік құжаттарымен қолдана алу үшін радио байланысты енгізіп минимум ИКАО жұмыс дәрежесінде сөйлесу, сонымен қатар тыңдаушыларда жалпы және авиациялық ағылшын тілінің ИКАО шкаласы бойынша тілдік білімділік сертификатының болуы қажет;
      11) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын қызметкерлердің кәсіби даярлау барысында жаңа және қосымша талаптардың енгізілуінің жүзеге асуы кәсіби даярлауда міндетті түрде болып табылады, ал жалпы сағат саны үйлемімді(пропорционалды) өзгереді;
      12) алғашқы дайындық келесі салаларда қажетті білімді игеру мен көрсетуді қамтамасыз ету және осы Үлгілік бағдарламаның 24-қосымшасында берілген.
      269. Жаттығу құрылғысымен дайындық алғашқы дайындықтарда міндетті бөлімі болып табылады және арнайы жаттығу құрылғы кешендерде, жеке жаттығу құрылғысында, жұмыстың тәжірбиелік дағдыларын меңгеруге және жетілдіруге мүмкіндік беретін пайдалану талаптарына сай және әуе жағдайына ұқсас жаттығу құрылғысымен жабдықтары және стендтері бар аэронавигациялық объектілерінде жүзеге асырылады.
      270. Жаттығу құрылғысымен дайындық нұсқаушының бақылауымен ғана өткізіледі.
      271. Сынақ мерзімінің жетісті аяқталуы (тәжірбиелік дайындық) ӘҚҚК куәлігін алу үшін көрсетуге тәжірбие ретінде есепке алынады.
      272. Тыңдаушылардың үлерімінің бақылауы ағымды, рубеждік және қорытынды түрінде болады және техникалық құрал-жабдықтарды пайдалана, оның ішінде компьютерлік техниканы қолданып, сауалнамалық, тесттік, ауызша сұрау, жазбаша бақылау жұмыстары және т.б. амалдар арқылы жүзеге асырылады.
      273. Алғашқы дайындықтың аяқталуында аталған талаптар қойылатын мамандар жалпы және авиациялық ИКАО шкаласы деңгейінде ағылшын тілін меңгеріп, білуі қажет (жұмыс деңгейінде ИКАО шкаласы бойынша):
      1) жалпы, нақты және жұмыспен байланысты сұрақтар бойынша екі ойлы емес ашық түсінік беру;
      2) хаттарды алмастыруда, түсініспеушілікті айқындауда және жоюда талаптарға сай тәсілдерді пайдалану (мысалы,тексеру арқылы мәліметті растау немесе жою);
      3) штаттық жұмыс үрдісінде немесе белгілі байланыс міндеттерін орындау барысында күтпеген өзгерістер мен қиыншылықтар туындалған жағдайларда лингвистикалық мәселелерді жетісті және біршама оңай шешу;
      4) авиациялық қауымдастықтарына белгілі диалект пен акценттерді қолдану;
      274. Қайта даярлау қажеттілік туындалған жағдайда және біліктілік белгісін алу үшін ұйымдастырылады.
      275. Қайта даярлау бағдарламасы (қажет болған жағдайда) ӘҚҚК рәсімдерінің талаптарға сай теориялық оқулары, байланыстар, радиотелефониялар және фразеологиялық алмасу (штаттық, штаттық емес және апаттық), авиациялық құжаттарды пайдалану, алғашқы дайындық барысында пайдаланудың тәртіптерінің бөлімін оқытудағы көлемге байланысты көлемдік ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәжірбиелік әдістер, сонымен қатар төменде көрсетілген біліктілік белгісінің талаптарына сай білім салаларын қамтиды және осы Үлгілік бағдарламаның 25-қосымшасында берілген.
      276. Теориялық білімдерді игергеннен соң тәжірбиелік дайындық жүргізіледі (сынақтан өту).
      277. ӘҚҚК қызметкерлерін қайта даярлау және ұшу жоспарлары келесі жағдайларда арнайы дайындық түрінде жүзеге асырылады:
      1) ӘҚҚК, ӘҚЖ жаңа рәсімдерін игеру;
      2) жаңа автоматтандырылғын ӘҚҚК жүйесін іске қосу;
      3) ӘҚҚК, ӘҚЖ мүшелерінің қызметінің уақытын белгілейтін ұлттық нормативті-құқықтық құжаттар талаптарының маңызды өзгерістері;
      4) ӘҚҚК, ӘҚЖ мүшелерінің қызметінің уақытын белгілейтін ИКАО немесе басқа да ұйымдарының ұсынылатын тәжірбиелері мен стандарттар талаптарының маңызды өзгерістері;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылатын басқа жағдайлар.
      278. Арнайы ӘҚҚК қызметкерлерінің дайындығы және ұшу жоспарлары жаттығу құрылғысы және тәжірбиелік нысаны бойынша аэронавигациялық ұйымдардың өзінде де, сонымен қатар бөлек курс, тренинг түрінде авиациялық оқу орталығында да өткізіледі.
2 Параграф. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін
атқаратын аға диспетчерлер) және ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушыларды
дайындау
      279. ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушыларын дайындау бағдарламасы келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 26-қосымшасында берілген.
      280. Диспетчер-нұсқаушыларды дайындау бағдарламасы бойынша жалпы теориялық көлем 60 сағаттан кем болмауы керек.
      281. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) даярлау бағдарламасы келесі салалардағы қажетті білімді игеруін қамтамасыз ету осы Үлгілік бағдарламаның 27-қосымшасында берілген.
      282. Ұшу жетекшілерін (ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) дайындау бағдарламасы бойынша жалпы теориялық көлем 60 сағаттан кем болмауы керек.
      283. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық саласындағы нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалынатын қызметкерлерді кәсіби даярлау барысында жаңа және қосымша талаптардың енгізілуінің жүзеге асуы кәсіби даярлауда міндетті түрде болып табылады, ал жалпы сағат саны үйлемімді(пропорционалды) өзгереді.
      284. Теориялық дайындықтардың аяқталуна қарай ұшу жетекшісінің қызметіне (ұшу жетекшісінің міндетін атқаратын аға дисптечер) үміткер тиісті сынақ мерзімінен өтуі қажет. Диспетчер-нұсқаушы және аға диспетчер (ұшу жетекшісінің міндетін атқармайтын аға диспетчер) қызметіне тағайындағанда сынақ мерзімі қажет етілмейді.
3 Параграф. Жұмысқа рұқсатнама алу үшін сынақтық мерзімнің
ұйымдастырылуы
      285. Жұмысқа рұқсатнама алу үшін сынақтық мерзімге тек қана кәсіби дайындықтан өткен, оқуды бітіргені туралы қағаздары, жұмысқа жарамды деген медициналық қорытындысы бар (жоспарлаушы, әуе қозғалысын үйлестіруші және бақылаушы диспетчерлерінен, Брифинг диспетчерінен, БО ӘҚЖ ауысымның басшысынан басқа, ӘҚҚК диспетчерлеріне, жоспарлаушы, әуе қозғалысын үйлестіруші және бақылаушы диспетчерлеріне, Брифинг диспетчеріне рұқсат етіледі.
      286. Сынақтық мерзім басшылардың қарамағында және нұсқаушының, емтихан қабылдаушының үнемі бақылауында болып жұмысқа тиісті рұқсатнама алу мақсатында жүргізіледі.
      287. Нұсқаушы сынақтан өтуші туралы объективті деректердің және жеке әңгімесінің негізінде сынақтан өтуге қажетті құжаттарды оқу мерзімі, Жаттығу құрылғысымен дайындықтың мерзімі мен мазмұны, тәжірбиелік ӘҚҚК басталу уақыты анықталатын жеке жоспарын құрастырады. Қажеттілік туындалған жағдайда нұсқаушы сынақтан өту жоспарына өзгерістер енгізеді.
      288. Сынақтан өтуге жеке жоспарды құру барысында қосымша сынақтан өтушіні қосымша тесттілеу рұқсат етіледі.
      289. Сынақтан өту мерзімі төменде көрсетілген білім мен дағдылардың игеруін қамтамасыз етуі керек:
      1) аэдродромның бас жоспары және оның физикалық мінездемесін оқу;
      2) ӘҚҚК қызметінің жеделдетілген құрылымын оқу;
      3) әуе кеңістігінің құрылымын оқу;
      4) диспетчерлік пункттерде ӘҚҚК жалпы техникалық үрдісін оқу;
      5) ұшу өндірісінің нұсқауларын оқу (аэродромның аэронавигациялық паспорты);
      6) нақты диспетчерлік пункттерде пайдаланылатын анықтамалық материалдармен танысу;
      7) диспетчерлік пункттермен іргелес бақылау органдарының ұшу үйлесімдерінің тәртіптері мен маңызды қарым-қатынастарын оқу;
      8) диспетчерлік пункттерді метрологиямен қамтамасыз етуімен таныстыру;
      9) әуе қозғалысына қызмет атқару барысында ұшуды радиотехникалық жүйелермен қамтамасыз етуімен танысу;
      10) жер бетіндегі байланыс жабдықтарымен танысу;
      11) ӘҚҚК ерекшеліктерін және диспетчерлік пункттерді зерделеу (жабдықтар және оларды пайдалану);
      12) нақты диспетчерлік пункттерде және фразеологиялық радио алмасу ережелерін қолданудағы ӘҚҚК диспетчерінің жұмыс технологиясымен танысып үйрену;
      13) тәжірбиелік қызмет (дайындық).
      290. Негізгі жұмыс орнынан басқа сынақтық мерзімінің өтуі барысында іргелес диспетчерлік пункттердегі жұмыстармен таныстыру 20 сағат көлемінде кем болмайды.
      291. Осыдан кейін нұсқаушы (емтихан қабылдаушы) сынақтан өтушінің білімін тексеріп, тәжірбиелік дайындыққа бастамалық даярлығы туралы шешім қабылдайды.
      292. Тәжірбиелік дайындық диспетчерлік жаттығу құрылғысымен немесе бекітілген жеке жоспарға сәйкес жұмыс орнында өткізіледі.
      293. Нұсқаушының қадағалауымен тәжірбиелік дайындық нұсқаушысының әуе қозғалысына қызмет атқарудың нұсқаушылық және сынақтан өтушінің ӘҚҚК (жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчер, Брифинг диспетчері, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысы) диспетчері ретінде жұмысына көрсетілімін қамтиды.
      294. ӘҚҚК диспетчеріне нұсқаушылық көрсетілімі ӘҚҚК нұсқаушысының сынақтан өтушінің қатысуымен тәжірбиелікті қамтамасыз етіп, төмендегі аталғандармен қоса жүреді:
      1) әуе жағдайының мінездемелік мысалдарының түсініктемелерімен;
      2) әуе жағдайының рәсімдерінің бақылауы мен амалдарының түсініктемелерімен;
      3) диспетчерлік шешімдерінің қабылдануы мен берілуінің түсініктемелерімен;
      4) ӘҚҚК барысында зейіннің үйлесуі туралы ұсыныстарымен;
      5) РТС ӘҚҚК пайдалану туралы ұсыныстар;
      6) іргелес диспетчерлік пункттермен қарым-қатынастарының тәртіптерінің ұсыныстарымен.
      295. Нұсқаушының қадағалауымен сынақтан өтушінің ӘҚҚК диспетчері жұмысы (жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчер, Брифинг диспетчері, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысы) жартылай немесе толығымен диспетчердің міндеттерін атқаруы қарастырылады және төменде көрсетілгендермен қоса жүреді:
      1) нұсқаушының сынақтан өтушінің іс-әрекеттері мен жағдайдың дамуын үзіліссіз қадағалауымен;
      2) сынақтан өтушінің нұсқаудың болдырмауына немесе жаңа нұсқауларды орындау туралы әрекеттеріне уақытылы араласуына нұсқаушының үнемі дайындығы;
      3) сынақтан өтушіге қиыншылықтар туындалған жағдайда нұсқаушының түсініктемелер, ұсыныстар және жәрдем беруі.
      296. Емтихан қабылдаушы сынақтан өту мерзімі аяқталғаннан соң алынған білімдерін, дағдыларын және ептіліктерін тиесілі түрде тексеріс жүргізіп, диспетчерлік пунктте (жұмыс орнында) жұмысқа кірісуіне даярлығы туралы шешім қабылдайды.
      297 ӘҚҚК кезекті рұқсатнама алу үшін сынақтық мерзім ӘҚҚК алғашқы рұқсатнама алғаннан кейін 6 айдан кем болмайды.
      298. Егер де ӘҚҚК диспетчерінде басқа немесе басқа бөлімшелер бойынша біліктілік белгісі болатын болса, сынақтан өту мерзімі 70% төмен емес көлемге төмендетіледі.
      299. Іргелес ӘҚҚК пункттеріне жұмысқа рұқсатнама әр диспетчерлік пункттерден ӘҚҚК рұқсатнамасын алғаннан соң ғана рәсімделінеді.
      300. Жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчерінің, Брифинг диспетчерінің, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысының сынақтық мерзімдері осы бағдарламаның пункттеріне сәйкес, тиесілі рұқсатнама алуымен жүзеге асырылады.
4 Параграф. ӘҚҚК қызметкерлерінің және ұшу жоспарлаушыларының
кәсіби деңгейін қолдау
      301. Бағдарламаның мазмұны ғұзырлы бағалау элементтерін қоса радиотелефондық байланыста қолданылатын тілді оқытуды қоспағанда, 72 сағаттан кем емес көлеміндегі алғашқы және жаңадан дайындықта алынған білімдері мен дағдыларын қолдауын қамтамасыз етуі қажет.
      302. Кәсіби деңгейді қолдау курстар, тренингтер және семинарлар түрінде, сонымен қатар осы типтік бағдарламада көрсетілген бастапқы дайындық тақырыбының мерзімділігіне байланысты қашықтық түрде де ұйымдастырылады және талап етілетін мерзім бойынша бірге жүргізілетін бір ғана курстық түрінде де, жеке модульдік түрінде де жүзеге асырылады.
      303. ӘҚҚК диспетчерлерінің (аға диспетчерлері, ұшу жетекшілері, ұшу жетекшісінің міндеттерін атқаратын аға диспетчерлер) диспетчерлік пункттердің жоспарлаушы, бақылаушы, және әуе қозғалысын үйлестіруші диспетчерінің, Брифинг диспетчерінің, ГЦ ӘҚЖ аусымының басшысының, қызмет жетекшілерінің кәсіби деңгейін қолдау мерзімділігі әр үш жылда өткізіліп отырылады.
      304. Кәсіби деңгейді қолдау келесі мақсаттарда өткізіледі:
      1) мамандандыру бойынша мерзімді кәсібилікті қолдау;
      2) ИКАО шкаласы бойынша радиотелефондық байланыста пайдаланылатын тілдің меңгерілуін жұмыс деңгейінде қолдау;
      3) ӘҚҚК рәсімдері және ұшуды жоспарлау, әуе қозғалысының және ұшудың жоспарлауының техникалық жабдықтау жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша білімді жаңарту;
      4) штаттық емес, қауіпті және апаттық жағдайлардағы іс-әрекеттерге үйрету;
      5) қатерлер мен қателіктердің факторларын қадағалау ұстанымдары, сонымен қатар (TRM) тобының жұмысын оңтайландыруға дайындығын қоса алғанда адамның мүмкіндіктерінің және шектеулерін қарастыру;
      6) 6 айдан жоғары жұмыста үзіліс болған жағдайда мамандардың кәсіби дағдыларын қалпына келтіру;
      305. Бағдарламадағы кәсіби деңгейді қолдауды міндетті түрде жүзеге асыру алдындағы көрсетілген 1, 4 және 5 пункттердегі мақсаттар болып табылады.
      306. ИКАО шкаласы бойынша ағылшын тілін меңгеру өз еркімен жүзеге асырылады, жеке және жүйелендірілген курстар, тренингтер, курстың бір бөлігі кәсіби деңгейді қолдау бойынша болғандықтан радиотелефондық байланыстарда тілді меңгеру талаптарын орындалуы аэронавигациялық ұйымдардың саясатымен ұйымдастырылады.
      307. Рәсімдер, аэронавигациялық ұйымдардың техникалық жабдықтары бойынша білімді жаңарту аэронавигациялық ұйымдарда (қажеттілік болған кезде) техникалық оқыту, тәжірбиелік және жаттығу құрылғысымен дайындық түрінде де, сонымен қатар жеке курстар, тренингтер түрінде авиациялық оқу орталығында да жүзеге асырылады. Бағдарламаның (жоспар) өкілетті органдарда бекітілуі талап етілмейді.
      308. Кезекті мерзімнен кеш болмай, жеке және жеделді түрде қажеттілік жағдайларда аталынған түр жоспардан тыс өткізілуі мүмкін.
      309. ӘҚҚК мамандарының кәсіби дағдыларын қайта қалпына келтіру жүзеге асырылады:
      1) алты және он екі айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда - рұқсатнама бар кезде жұмыс орнында жаттығу құрылғысымен дайындықтың өткізілуі және тәжірбиелік дағдыларын тексерілуі;
      2) бір жылдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда - кәсіби деңгейді қолдау, сынақтық мерзім, жаттығу құрылғысымен дайындық, теориялық және тәжірбиелік дағдылардың бағдарламасы бойынша оқытылады. Маманның дайындық деңгейіне байланысты диспетчерлік пунктке белгіленген бастапқы рұқсатнамадан 70% төмен емес көлемнің төменденуі рұқсат етіледі.
      310. ПВД мамандарының кәсіби дағдыларын қайта қалпына келтіру келесі аталған түрде жүзеге асады:
      1) 6 айдан 12 айға дейін жұмыстан үзіліс болғанда-жұмыс орнында тәжірбиелік дағдыларды тексеру;
      2) жұмыстан бір жылдан астам үзіліс кезінде - кәсіби дәрежені қолдау бағдарламасы бойынша бойынша оқытып, сынақтық мерзімді өте, теориялық және тәжірбиелік дағдыларын тексеру.Бастапқы диспетчерлік пунктегі рұқсатнамасына белгіленген маманның дайындық деңгейіне байланысты 70 % төмен емес сынақтық көлем қысқаруы мүмкін
5 Параграф. Теориялық білімді, тәжірбиелік дағдылар мен
ептілікті тексеру
      311. ӘҚҚК қызметкерлерінің теориялық білімдерін тексеру және әуе қозғалысының жоспарлануы рейтингтік шкала бойынша бағалаумен немесе өкілетті емтихан қабылдаушылармен компьютерлік техниканы қолдана тест түрінде жазбаша немесе ауызша түрде алынады.
      312. Теориялық білімді тексеру жүзеге асады:
      1) ӘҚҚК диспетчерлерінің куәлік, жұмысқа бастапқы рұқсатнама алуы;
      2) кейінгі біліктілік белгіні иелену (растау);
      3) куәліктің жарамдылық мерзімін ұзарту;
      4) Жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;
      5) бұзушылықтар болып авиациялық келіспеушіліктер немесе авиациялық оқиғаларға әкеліп соққанда;
      6) бір жылдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда.
      313. Теориялық білімділік келесі салалар бойынша тексеріледі:
      1) Әуе кеңістігі, әуе кемелерінің ұшуына аэронавигациялық қызмет атқару саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      3) жұмыс технологиясы, радио типтік фразеология және байланыс ережелері;
      4) ұшуды метрологиялық қамтамасыз ету;
      5) аэродинамика және әуе кемелерінің ұшу-техникалық мінездемелерінің негіздері;
      6) ұшуды навигациялық қамтамасыз ету (штурманды);
      7) ұшуды радио техникалық қамтамасыз ету.
      314. Жұмысқа рұқсатнамалары бар ұшу жетекшілері мен ӘҚҚК мамандары авиациялық оқиғаның немесе авиациялық келіспеушіліктің туындалған кездегі іс-әрекеттері бойынша литерлік рейстерді қамтамасыз ету және қызмет атқару, объективті бақылау жабдықтарын пайдалану ретінде қосымша тексерістерден өткізіледі.
      315. ӘҚҚК мен қызметкерлерінің тәжірибелік дағдылары мен білімдерін тексеру өкілетті емтихан қабылдаушылармен жүргізіледі.
      316. ӘҚҚК қызметкерлерінің тәжірбиелік дағдыларын тексерілуі келесі түрде жүзеге асырылады:
      1) ӘҚҚК диспетчерінің жұмысқа бастапқы рұқсатнаманың, куәлік алуы;
      2) кейінгі біліктілік белгіні иелену (растау);
      3) жеке, дара жұмысқа рұқсатнама болғанда;
      4) куәліктің жарамдылық мерзімін ұзарту;
      5) бұзушылықтар болып авиациялық келіспеушіліктер немесе авиациялық оқиғаларға әкеліп соққанда;
      6) алты айдан жоғары жұмыстан үзіліс болғанда.
      317. ӘҚҚК және әуе қозғалысын жоспарлау мамандарының тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерін тексеру біліктілік белгісін (белгілер) ескере жұмысқа рұқсатнамалары болып, әр диспетчерлік пункттерде (секторда, жұмыс орнында) келесі элементтер бойынша жүзеге асырылады.
      1) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;
      2) әуе қозғалысының қызметінің және әуе қозғалысының ережелерін ұстану;
      3) жетекші құжаттардың талаптарын ұстану;
      4) радио байланыс және радио алмасу (радио алмасуды жүзеге асыратын қызметкерге) фразеологиясының ережелерін ұстану;
      5) ӘҚҚК РТС пайдалану;
      6) іргелес қызметтермен ара-қатынас;
      7) белгіленген құжаттарды ұстану;
      318. ӘҚҚК диспетчерінің тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерін тексеру әуе қозғалысының екі сағаттан кем емес орташа қарқындылығында (күрделілік) диспетчерлік пункттерде жүзеге асырылады. Көп секторлы РДЦ тәжірбиелік дағдылықтарын тексеру емтихан қабылдаушының қалауынша екі сағаттан кем болмай кез келген бір секторда өткізіледі.
      319. ӘҚҚК диспетчерлерінің тәжірбиелік дағдылары мен іскерліктерінің тексерілуі алты ай бойы жарамды болып саналады.
      320. Ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет атқаруына жіберілген ӘҚҚК диспетчерлерінің тәжірбиелі дағдылары мен іскерлігінің тексерілуі, орыс және ағылшын тілдерінде аралас өткізіледі.
      321. Ұшу жетекшілері мен аға диспетчерлерінің жұмысын тексеру келесі элементтер бойынша жүргізіледі:
      1) жұмыс ауысымының нұсқауының өткізілуі;
      2) кезекшілікті қабылдау және тапсыру;
      3) диспетчерлік ауысымның ӘҚҚК қызметкерлерінің кезекшілікті қабылдау және тапсыруын және ӘҚҚК диспетчерлерінің жұмыс барысында ауысуын қадағалау;
      4) ұшуды қамтамасыз ететін қызметтермен ара-қатынас;
      5) кезекшілік кезінде диспетчерлік ауысымның жұмысын қадағалау;
      6) диспетчерлік ауысым жұмысының талқылауын жүргізу.
      322. Ұшу жетекшілерінің және ұшу жетекшілерінің міндеттерін атқарушы аға диспетчерлерінің жұмысын тексеру, бірнеше жұмыс ауысым аралығында кезеңдер бойынша өткізілуіне рұқсат беріледі.
      323. Жаттығу құрылғысымен дайындық ӘҚҚК мамандарының тәжірбиелік дағдылары мен іскерлігі құрамдас бөлігі болып сананалады және диспетчерлік пунктте өзіндік жұмысқа рұқсатнаманың алдында жүргізіледі.
      324. Жаттығу құрылғысымен дайындықтар келесі жағдайларда өткізіледі:
      1) төменде көрсетілген көлемде өзіндік жұмысқа рұқсатнама болғанда:
      рульдеу диспетчерлік пункт (РДП) – 10 сағаттан кем емес;
      бастамалық диспетчерлік пункт (БДП) – 10 сағаттан кем емес;
      тұрғылылық диспетчерлік пункт (ТПП) – 40 сағаттан кем емес;
      шеңбердің диспетчерлік пункты (ШДП) – 40 сағаттан кем емес;
      мұнаралық диспетчерлік пункт (МДП) – 40 сағаттан кем емес;
      аудандық диспетчерлік орталық (АДО или РӘҚҚК) – 40 сағаттан кем емес;
      жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП) – 20 сағаттан кем емес;
      2) кейінгі біліктілік белгісін немесе өзіндік жұмысқа рұқсатнаманы иеленуінде жаттығу құрылғысымен дайындық уақыты 70%-дан аспай қысқартылуы мүмкін;
      3) ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет атқаруға рұқсатнама болған жағдайда 6 сағаттан кем емес көлемде;
      4) куәліктің жарамдылығының мерзімін ұзартқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;
      5) әуе қозғалысына қызмет атқару жұмысындағы үзіліс алты айдан асқанда 6 сағаттан кем емес көлемде;
      6) авиациялық оқиғалалр және авиациялық келіспеушіліктерге әкеліп соқтырған бұзушылықтар кезінде 6 сағаттан кем емес көлемде;
      7) ӘҚҚК жаңа рәсімдері енгізілгенде, әуе кеңестігіндегі құрылымдар өзгергенде рәсімдердің күрделілігіне қарай, 3 сағаттан кем болмай ӘҚҚК жетекшісінің анықтауымен көлем енгізіледі.
      325. Объективті бақылау жабдықтарын тексеру нәтижесінде ұшулардың жетекшісі ӘҚҚК диспетчерін қосымша жаттығу құрылғысымен дайындыққа жөнелтуі мүмкін.
      326. Ағылшын тілінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуге рұқсатнамалары бар ӘҚҚК диспетчерлері жаттығу құрылғысымен дайындықты бір уақытта ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет